Автор: Асылхан Бөрібай

2025 жылғы 24 мамырда Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылдық округіндегі “Сырдария” жалпы білім беретін мектептің 2005 жылғы түлектері өздерінің 20 жылдық мерейтойы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Олар ауыл тұрғыны Бақтыбай Құрбановқа үш бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сауапты әрі салтанатты іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Туребеков арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыны құттықтап, игі іске мұрындық болған түлектерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. – Құрметті Қоссейіт ауылының тұрғындары мен қадірлі түлектер! Сіздердің бірлік пен ынтымақпен атқарған игі істеріңіздің нәтижесінде бір отбасы шаттыққа бөленіп отыр. Осындай азаматтық әрекеттер елдің берекесін арттырады. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін, – деді…

Толық оқу

Қазақстан мен Қытай шекарадағы өткізу бекеттерінің өткізу мүмкіндігін арттырып, жүк көліктерінің қозғалысын жылдамдатуға келісті. Бұл туралы Ertenmedia.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Қос елдің кеден және шекара қызметі «Нұр жолы» – «Қорғас» бекетінде арнайы кездесу өткізіп, нақты шараларды мақұлдады. Сонымен қандай өзгерістер болады? 🔹 «Нұр жолы» – «Қорғас» бекеттерінің тәулік бойғы жұмыс режимі 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. 🔹 Қытай тарапы Қазақстаннан келетін жүк көліктерінің санын арттырмақ: «Нұр жолы» арқылы қазіргі күні тәулігіне 650 көлік қабылдануда. 1 шілдеден бастап бұл сан – 750-ге, қыркүйектен бастап тәулігіне 1000 көлікке дейін өседі. «Қалжат» бекетінен өткізілетін көлік саны да артты: тәулігіне…

Толық оқу

Қызылордада қаланың Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасының астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz 1000 орындық «Өнер орталығы» сөз додасын қызықтаған көрерменге толды. Айтыскерлер қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл толуы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын жырға қосты. Қазылар алқасына мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абрахманов төрағалық етті. Құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, Мәдениет саласының үздігі, Ақмола облыстық…

Толық оқу

Бүгін Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошерудің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, дене шынықтыру және спорт саласының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Аталған велошеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуда. Іс-шара жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Шеру бағыты еліміздің сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және…

Толық оқу

Атышулы «Алтын Орда» базарының экс-басшылары Қанат Алмабек пен Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жарияланды. Екеуі де аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген деп жазады Ertenmedia.kz. Олар кәсіпкерлерге жаңа павильоннан орын береміз деп ірі көлемде ақша алып, уәдесін орындамаған. Қазір екеуі де елден тыс жерде бой тасалап жүр. Алматы облысының полициясы бұл екеуін іздеп жүргеніне екі жылдан басып барады. Жалпы «Алтын Орда» бұрыннан даулы базар. 2013 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін «Құрылыс LTD» ЖШС-ның меншігінде бол. Компанияны Болат Назарбаев басқарған. Екі жыл бұрын базардың негізін қалаған Айдарбек Құсайынов өзіне тиесілі үлесті (40 пайыз) Болат Назарбаевқа беруге мәжбүр болғанын мәлімдеген. Сол даудан…

Толық оқу

Түркістан облысындағы білім ордаларында күрделі жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында республика көлемінде 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізу тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырма аясында өңірде 115 мектеп реновация жобасына енгізілді. Бұл бастаманы Түркістан облысы әкімі бақылауға алып, қайта жаңғырудан өтетін мектеп тізімі жасақталды. Оқу процессі аяқталысымен, реновациядан өтетін мектептерде дайындық және демонтаж жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Отырар, Төлеби, Шардара, Сауран, Қазығұрт, Бәйдібек, Ордабасы аудандары, Түркістан қаласындағы мектептерде сынып бөлмелерін босатып, заттарды қоймаға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жүргізілетін білім ошақтары білім басқармасы ұсынылған заманауи стандарттарға сай дизайнды қолданады.…

Толық оқу

Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының ресми және іскерлік делегациясы Ресей Федерациясының Қорған облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл жайлы СҚО әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Еліміз бен көршілес мемлекеттің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық нығая түсуде. Соңғы бес жылда СҚО мен РФ арасындағы тауар айналымы 1,6 есеге өсіп, 700 миллион АҚШ долларына жетті. Алайда, бұл әлеуеттің шегі емес. Қорған облысының губернаторы Вадим Шумковпен өткен кездесуде екіжақты әріптестікті одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды. Осы мақсатта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойылды», — деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов. Бизнес-бастамалар мен бірлескен…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Мақаншы ауданына келді. Аймақ басшысы сапарын Алакөл көлінің жағалауында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысудан бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұған дейін тұрғындар тарапынан жағалаудағы Арбаттың жағдайына байланысты сын көп айтылған еді. Қазіргі уақытта Арбат жаңартылып, бояу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек жағалаудағы ескірген темір жақтаулар толық ауыстырылуда. «Биыл облыс әкімдігінен бөлінген қаражатқа туристік аймақта ауқымды жұмыс жүргізіледі. Жағалаудағы 5 шақырымға жуық жолға асфалть төселеді, 10 модульді, 15 биодәретхана, 40-тан астам киім ауыстыратын кабиналар қойылады, қоқыс жәшіктері мен бейнебақылау камераларының саны артады. Жағалауды нығайту үшін пирс және қалқыма орнатылады», — дейді аудан әкімі Дәурен…

Толық оқу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде Қазақстанның 70 қаласының азаматтары бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады. Ауыл шаруашылығы санағы 1-31 тамыз аралығында арнайы интернет-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен, ал 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайға жасаған ресми сапары аясында логистика саласындағы әлемдік алып компания – YTO Express Co.-ның бас кеңсесінде болып, оның негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Ю Вэйцзяомен кездесті. YTO Express – Қытайдағы экспресс жеткізу нарығының көшбасшысы және осы саладағы «үлкен бестіктің» қатарына кіреді. Әлемдік деңгейдегі ірі компания бүгінде құрлық, теңіз және әуе арқылы жүк тасымалын жүзеге асырып, озық IT-шешімдер мен ақылды сұрыптау орталықтарын дамытуда. Компанияның дүниежүзі бойынша 5100-ден астам филиалы, 133 ірі логистикалық хабы және 80 мыңға жуық терминалы бар. Кездесу барысында Алматы облысының басшысы Марат Сұлтанғазиев мұндай алып компаниялармен әріптестік орнатудың стратегиялық маңыздылығын ерекше атап…

Толық оқу