Автор: Асылхан Бөрібай

Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат өңір экономикасына инновацияларды енгізу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен цифрлық жобаларды дамытуға бағытталған. Тараптар жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау (Big Data), цифрлық платформаларды енгізу сияқты заманауи шешімдер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Ынтымақтастық аясында университеттің суперкомпьютерлік базасында қала инфрақұрылымын басқару көзделген. Сонымен қатар климаттық жағдайларды модельдеу, көлік жүйесін интеллектуалды басқару, төтенше жағдайларды болжау да назарда бар. Энергетикалық желілерді оңтайландыру сынды күрделі цифрлық жобалар әзірленіп, сынақтан өткізіледі. – Бүгін біз облыс болашағына үлкен ықпал ететін тарихи қадам жасадық. Бұл меморандум…

Толық оқу
Қазақстандағы шағатай қолжазбаларын зерттеу

Қазақстандағы шағатай қолжазбаларын зерттеу бойынша «Ғылым ордасы» мен Гарвард университетінің бірлескен семинары өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» ғылыми бағдарламасы аясындағы іс-шараға «Ғылым ордасы», Гарвард университеті жанындағы Дэвис Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Astana IT University мамандары қатысты. Гарвард университетінің Шығыс Азия тілдері мен өркениеттері кафедрасының препцепторы доктор Гүлнар Е. Юлғун шағатай қолжазбалары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында шағатай тіліндегі тарихи мәтіндерді ғылыми интерпретациялау, палеографиялық ерекшеліктерін ажырату, мәтіндік дәстүрлер мен қолжазбатану ғылымындағы озық зерттеу тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар шағатай мәтіндерін оқып-зерттеудің…

Толық оқу
Алматы Көктөбе аспалы жол

Алматының алдағы бес жылда қалай өзгеретіні жайлы қалалық Экономика басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов айтып өтті. Қала дамуы жеті басымдыққа сүйенеді. Ол тұрақты экономикалық өсім, көлік жүйесін дамыту, жайлы қалалық орта, әлеуметтік тұрақтылық, экология, цифрлық трансформация және қауіпсіздік. Яғни, бір ғана салаға жабысып қалмай, қаланың тіршілігін тұтас жаңарту мақсаты тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2030 жылға дейінгі межелер де түсінікті қойылған. Жалпы өңірлік өнімді екі еселеу, инвестиция көлемін 7 трлн теңгеге дейін жеткізу, шағын және орта бизнестің үлесін 65 пайызға дейін өсіру жоспарланып отыр. Бұл жерде ерекше назар туризм мен Индустриялық аймақты дамытуға ауып тұр. Қалаға ақша тек құрылыс үшін емес, жаңа…

Толық оқу
Марапат

Биыл Алматыда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған мәдени өмір бір саты жоғарылай түсті десек болады. Соның бір дәлелі «Алатау» театры жанындағы демалыс бөлімінің жұмысы. Жыл ішінде олар шығармашыл қала тұрғындарын қолдау үшін 132 мәдени іс шара ұйымдастырған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл шаралар бір залдың ішінде ғана өткен жоқ. «Атамұра», «Армандастар», «Ән жүрек», «Дос» сияқты шығармашылық ұжымдар жыл бойы санаторийлерге, ардагерлер госпитальдарына барып, концерт қойды. Бір қарағанда қарапайым сапар сияқты, бірақ ондай жердегі адамға концерттің өзі көңіл көтеру ғана емес, қоғам назарынан тыс қалмағанын сездіретін белгі. Зағип жандарға арналған мәдениет үйінде де жұмыс тоқтамаған. Мұнда мерейтойлық, ағартушылық бағыттағы кездесулер, концерттер, түрлі…

Толық оқу
Шымкент Сыздықбеков

Шымкентте өңдеу өнеркәсібі биыл он айдың қорытындысы бойынша 16,5 пайызға өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты. Ресми мәліметке қарағанда, дәл осы өңдеу секторы мегаполис экономикасының негізгі «қозғаушы күші» болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында жалпы құны 150 млрд теңге болатын 40 жоба іске қосылған. Соның нәтижесінде 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл әр зауыттың артында нақты адамдардың табысы, отбасылардың тұрақты кірісі бар деген сөз. Әкім өз сөзінде өңдеу өнеркәсібінің маңызын нақты атап өтті: – Өңдеу өнеркәсібін дамыту Шымкенттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі тірегі. Жаңа өндіріс орындарын ашу…

Толық оқу
Желтоқсан көтерілісі

Тәуелсіздік пен желтоқсан. Бұл екеуі егіз ұғым. Сонау 1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастары көтерілмегенде дәл бүгінгі күнге, яғни тәуелсіздікке жетер ме едік, жетпес пе едік. Қасиеті мен қасіреті қатар жүретін сол күннің тарих бетінен орын алғанына да 39 жыл болыпты. Ал, тәуелсіздік күнінің шуақ шашқанына 34 жыл. Әрі қуанышты, әрі мұңлы осынау мереке қарсаңында жер-жерде ауыз толтырып айтарлықтай іс-шаралар өтіп жатыр. Алматы қаласы, Түркісіб ауданының әкімдігі де желтоқсан ардагерлерімен кездесіп, желтоқсан көтерілісінің құрбаны батыр қыз Ләззат Асанованы еске алу мақсатында «Желтоқсан» саябағына жиналды. 1986 ның ызғарлы аязы мен қылышынан қан тамған Кеңес үкіметінің тепкісінен үрікпей, ұлт мүддесі үшін алаңға шыққан…

Толық оқу
Бақытжан Базарбек

Депутат Бақытжан Базарбек Алматы маңындағы қауіпті аймақтарға құрылыс салуға тыйым салатын заң жобасына енгізілген маңызды түзетудің Сенат тарапынан бұғатталуы мүмкін екенін айтып, қоғамнан қолдау сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжілісменнің айтуынша өзі әзірлеп, Мәжілістегі жұмыс тобы қолдап, құрылыс кодексінің жобасына енгізген түзетуі қазір Сенатта үлкен қарсылыққа ұшырап отыр. Түзету Алмытының таулы, көшкін жүру қаупі жоғары аймақтарында құрылыс жүргізуге тыйым салуды көздеген еді. «Сенаторлар алматылықтар көптен күткен, халықтың мүддесінен туған осы ұсынысты алып тастауға әрекеттенуде. Егер Сенат әлгі түзетуді қабылдамаса, онда тұрғындардың тілегі мен арызы ескерілмей, құрылыс компанияларының мүддесі жеңіп шықты деген сөз», – дейді Базарбек. Депутаттың пікірінше, Сенаттағы құрылыс компанияларының лоббиі…

Толық оқу
Ақылы жол

Қазақстандағы ақылы жолдар биыл бюджетке 79 млрд теңге табыс әкелді, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкімет отырысында баяндама жасаған көлік министрі Нұрлан Сауранбаев соңғы жылдары елдегі автожолдардың ауқымды жаңартудан өткенін айтты. Оның мәліметінше, 2025 жылға дейін жалпы ұзындығы 13 мың шақырым болатын жол салынған немесе толық жөндеуден өткен. Сонымен қатар шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2027 жылға қарай 37 бекет толықтай қайта жабдықталмақ. Министр жол инфрақұрылымын цифрландыру да басым бағыт болып қала беретінін жеткізді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, e-Joldar бағдарламасы аясында әрбір жол учаскесінің цифрлы паспорттары әзірленуде. Бұл болашақта жүргізушісіз басқарылатын көліктерді пайдалануға мүмкіндік бермек. Жол жабындысының сапасын жыл сайын…

Толық оқу
Оқу-ағарту министрі

Депутат Ирина Смирнова Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға колледждерді «лигаға» бөлу туралы ұсынысты қайта қарауды талап етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қарастырылған. Алайда депутаттың пікірінше, колледждерді деңгейіне қарай «лигаларға» бөлудің соңы білім теңсіздігін күшейтіп, әлеуметтік жікке бөліну қаупін туғызуы мүмкін. «Мұндай шешім ең алдымен студенттің құқығын шектеп, колледждерді «үздік» және «әлеуметтік» деп таңбалауға әкеледі. Соның кесірінен төменгі лига түлектерінің дипломына деген сенім азайып, олардың сапалы жұмысқа орналасуына кедергі жасалады», – дейді депутат. Бұдан бөлек, «үздік» колледждердің пайда болуы өңірлердегі кадр тапшылығын ушықтырып жібермек. Мықты мамандар, білікті ұстаздар жоғары лигаға…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан қаласында «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум өтті. Шараға заңгерлер, философтар, тарихшылар, практик-заңгерлер, педагогтер және азаматтық қоғам өкілдерін қоса алғанда 300-ден астам қатысушы қатысты. Симпозиум ғылыми идеялармен алмасып, құқықтық мәдениетті талқылауға арналған маңызды алаңға айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Симпозиум қатысушыларына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Мухиттин Шимшек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова, Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі академиясының вице-президенті Байрам Булент, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі мемлекеттері кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы…

Толық оқу