Елордада 25 мамыр күні «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру өтеді. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамды маңызды әлеуметтік бастамаларға біріктіруді мақсат етеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Велошеру бағыты 25 шақырымды құрайды. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастап, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді. Тіркеу велошеру күні, яғни 25 мамырда сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Басталуы – 09:00. Қатысу тегін. Әрбір қатысушы өз велосипедімен келуі тиіс. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиеваның айтуынша, бұл – спорттық жарыс емес, сондықтан елорданың кез келген тұрғыны мен қонағы, жасына қарамастан, шараға қатыса…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жетісу облысында соңғы үш жылда ауылдық жерлерде 12 мәдениет нысаны ашылды, соның бірі жуырда Көксу ауданының Мұсабек ауылында қолданысқа берілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қуанышты шараға Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов пен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мәдениет ордасының ашылуымен құттықтады. Жаңадан бой көтерген клубтың жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде заманауи технологиялармен жабдықталған 150 орындық көрермен залы, кітапханасы бар. — Ауылымызда жаңа мәдениет нысанының ашылғанына өте қуаныштымыз. 1990 жылдардың басынан бері елді мекенде мұндай мәдени нысан болған жоқ. Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Енді әртүрлі мәдени…
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет мәдениет саласында ауқымды жаңғыру жобасы жүзеге асырылуда. «Қазақстан халқына» қоры мен жергілікті әкімдік бірлесіп, 25 ауылдық кітапхананы жаңғырту ісін қолға алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл игі бастама еліміздегі мәдени инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған алғашқы жобалардың бірі. Батыс Қазақстан облысында бүгінде 357 мемлекеттік кітапхана жұмыс істесе, оның 333-і ауылдық жерде орналасқан. Соның ішінде 6 аудандық және 19 ауылдық кітапхана жаңғырту жобасына іріктеліп алынды. Жоба аясында арнайы жұмыс тобы кітапханалармен танысып, олардың ерекшеліктерін ескере отырып дизайн жобалар дайындады, пайдаланушылардың ұсыныс-талаптарын назарға алып, техникалық тапсырмалар жасалды. Жөндеу жұмыстары облыс әкімдігінің қолдауымен жүргізілуде. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен және «Қазақстан…
Аспан асты елінің астанасында қазақ саз өнерінің сайыпқыраны, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мерейтой аясында Бейжіңнің орталық концерт залында «Әлқисса» атты шығармашылық бағдарлама ұйымдастырылып, кеш барысында қазақтың біртуар сазгерінің өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық туындылар орындалды. Салтанатты іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өңір басшысы өз сөзінде екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті. «Нұрғиса Тілендиев – қазақ руханиятының алтын қазығы. Оның мәңгілік әуендері — халқымыздың жүрегінде сақталған ұлттық кодтың бір бөлігі. Ұлы тұлғаның ғасырлық мерейтойының Бейжіңде аталып өтуі – Қазақстан мен…
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ), баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге 293,9 мың адам қамтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 21,1 млрд теңге сомаға 117 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 5,5 млрд теңге сомасын 30,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады. Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру…
Түркістан облысында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханалары жаңа кітап қорымен толықтырылуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жалпы облыста 70-ке жуық Coworking-орталық, кітапханашылар клубы, оқырман жобалары іске қосылған. Қазіргі таңда оқушы оқырмандар үлесі 80%-ды құрайды. Бұдан бөлек, облыста “Кел, балалар, оқылық!” кітапханашылар клубы құрылып, “KITAPLIKE” оқырмандар клубы және “Кітаптарды жарнамалау” жобалары қолға алынған. Сонымен қатар, өңірде “КІТАПХАНА+ТЕАТР” жобасы, “Отбасымен бірге кітап оқимыз” атты марафон, “Каникулда кітап оқимыз” атты кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларында “Оқу сағаты”, яғни әр оқушының мектепке келгенде 20 минут кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Облыс көлемінде авторлық “KitapХАН@“ кітап оқу сайысын…
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр зарядтау станцияларын (ЭЗС) орнату үшін 311 жер телімін бөлді. Әрбір учаскеде конкурстық іріктеуден өткен отандық инвесторлар екі паркоместке есептелген қуаты 60 кВт-тан басталатын бір ЭЗС орналастырады. Барлық станциялар пайдалануға берілгеннен кейін қалада электромобильдерді зарядтауға арналған 622 жаңа паркоместр пайда болады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бір учаскеге инвестордың ең төменгі салымы 10 млн теңгені құрайды. Бұл ретте халық үшін аккумуляторлық батареяны зарядтаудың 1 кВт үшін шекті құны ҚҚС есебімен 100 теңгеден аспайды. Учаскелер ұзартуға басым құқығы бар инвесторларға 4 жыл мерзімге берілді. Зарядтау станцияларын орнату қала тұрғындарының жаппай тартылатын жерлерінде-базарлар, саябақтар, кафелер және басқа да қоғамдық кеңістіктер аумағында…
«Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында Бастыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы бойынша бірнеше ауылдық округте жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды көбейту, сондай-ақ ауыл тұрғындарын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы ел ішінде ішкі көші-қонды тиімді реттеу. Ж.Молдағалиев ауылдық округі Жеке кәсіпкер Мершат Әділбекұлы Жәрдемовтің тапсырысымен екі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды: Т.Сұлтанғалиев көшесі, 16А мекенжайында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылғы 1 сәуірде басталып, 15 маусымда толық аяқталады деп жоспарланып отыр. С.Сейітов көшесі, 3А мекенжайында салынып жатқан екі пәтерлі тағы бір тұрғын үйдің құрылысы да жоғарыда…
ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада аясында өткен жарыстарда Жетісу университетінің спортшы студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жеңіл атлетикадан қыздар арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Аяна Болатбекқызы алтын медаль жеңіп алса, ерлер арасындағы осы қашықтықта 3-курс студенті Айбол Омаров та бірінші орынды иеленіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Ақбаян Нұрмәмет 1500 метрлік жарыста үшінші орынды иеленіп, қола медальмен марапатталды. Сондай-ақ, 4×100 метрлік эстафеталық жарыста Жетісу университетінің құрама командасы үшінші орын алып, Универсиада жүлдегерлері қатарынан көрінді. Команда құрамында Ақбаян Нұрмәмет, Аяна Болатбекқызы, Анель Нұрмұхамбет және…
2025 жылдың 18-21 мамыр аралығында Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлерінің форумы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен, сонымен қатар шетелдік мәдени және шығармашылық қауымдастықтардан келген 700-ден астам адам қатысты. Ауқымды іс-шара 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында форум қатысушыларын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев құттықтап, Мемлекет басшысының атынан бірқатар мемлекеттік наградаларды табыстады. «Құрмет» орденімен Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің әртісі Лариса Насретдинова марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Mezzo» вокалдық тобының солистері — Асан Нұрбергенов, Жәнібек Сейдахметов, Жасұлан Сыдықов, Медет Орымбаев, сондай-ақ Республикалық академиялық неміс драма театрының әртісі Тимур Бонданк…










