Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы – бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған. 2024 жылдың қортынды мәліметі бойынша спортпен айналысатындардың жалпы саны — 8 406 213 адам. Оның ішінде жас ерекшелігіне қарай: * 3–5 жас: 141 872 адам — ауылдық жерлерде: 26 046 * 6–13 жас: 2 575 711 адам — ауылдық жерлерде: 1 002 016 * 14–18 жас: 2 009 876 адам — ауылдық…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысының 90 пайызға жуық халқы табиғи газбен қамтылған. 2024 жылдың қорытындысымен республика халқының орташа газбен қамтылу көрсеткіші 62,4% құраған. Оның ішінде, Түркістан облысы халқының 85,5% немесе 563 елді мекеннің 69,7%-ы табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші бойынша республикада 8-орынға жайғасқан. Өткен жылы бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлініп, 115 нысан құрылысы іске асырылды. Оның ішінде, 70 нысан құрылысы аяқталса, 45-і 2025 жылға өтпелі. Биылғы жоспарға сәйкес, 64 нысанға 9,7 млрд теңге қаралып, 34 елді мекендегі 38 нысан құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, 2026 жылға өтпелі 26 нысанға 23,5 млрд теңге қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Энергетика министрлігі арқылы «Самұрық-Қазына» қоры есебінен облысқа 9,4 млрд…
Лондонда орналасқан CNN International арнасының тәжірибелі тілшісі және жүргізушісі Макс Фостер Астанаға келмекші. Ол 2005 жылдан бері CNN-де қызмет етіп, қазір «CNN Newsroom» бағдарламасын жүргізіп жүрген танымал телемаман. Сондай-ақ, жақында экранға шыққан «What We Know with Max Foster» атты жаңа жаңалықтар бағдарламаны да жүргізетінін айта кетуіміз керек. Фостердің журналистикадағы мансабы 1990-жылдары BBC-де басталды, онда ол бизнес-репортер және жүргізуші ретінде жұмыс істеген-ді. Бұдан басқа Азиядағы қаржылық дағдарыс сияқты ірі оқиғаларды жариялап, BBC Breakfast және BBC World сияқты бағдарламаларда қызмет атқарды. Фостер сұхбат аулыдың да қас шебері. Ол Дональд Трамп, Стив Джобс, Билл Гейтс, Тейлор Свифт сынды танымал тұлғалар әңгіме-дүкен құрғанын жақсы…
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған сапары аясында жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 13 ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл құжаттар түрлі салалар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазірдің өзінде облыс аумағында 45 Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Қытайдың ШҚО-ның сыртқы саудасындағы үлесі 20%-дан асып, 1 миллиард АҚШ долларынан жоғары деңгейге жеткен. Еске салайық, ШҚО делегациясы Алтай қаласында өткен «Алтай – ортақ үйіміз» атты халықаралық ынтымақтастық конференциясына қатысты. Іс-шараға Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы, Абай, Жетісу облыстары, Ресей мен Моңғолия шекаралық өңірлерінің басшылары қатысты. Форумда ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, кездесудің Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының —…
Биыл Жетісу облысында 113 мыңнан астам оқушы жазғы демалыс шараларымен қамтылады. Өңірде қала сыртындағы 13 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беру ұйымдарының 1-10 сыныптарындағы 121 694 оқушының 113 112-сін қамту жоспарланып отыр, бұл — оқушылардың 93%. Оның 9 932-сі — әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылардан шыққан балалар. Оған қажетті қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен, демеушілердің, соның ішінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен, кәсіподақ ұйымдары тарапынан қарастырылады. Осылайша оқушылар жазғы демалысты туристік саяхатпен, еңбекпен, шығармашылықпен, интеллектуалдық шыңдаумен өткізеді. Жазғы сауықтыру лагерлеріне 12342 педагог тартылмақ, соның 112-сі — қала сыртындағы лагерлерде, 12000-ы мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын лагерьлерде болады.…
«Олимп» зертханалар желісінің басшысы Ерлан Сүлейменов Президент Тоқаевқа үндеу жолдап, компанияның соңғы екі жыл бойы салық органдары тарапынан жүйелі түрде қысымға ұшырап отырғанын мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.kz. Үндеуде айтылғандай, «Олимп» клинико-диагностикалық зертханалар желісі еліміздегі заманауи медицинаның дамуына елеулі үлес қосып отырған ірі компаниялардың бірі. Қазір желіде 6000-нан астам маман қызмет етсе, мыңдаған пациент сапалы медициналық қызмет алып келеді. Компания елде бұрын-соңды болмаған жаңа технологияларды – генетикалық зерттеулерді, жаңа туған нәрестелерге арналған скринингтерді, зертханалық процестерді толық автоматтандыруды енгізіп жатыр. Алайда соңғы уақытта «Олимп» салық органдарының әділетсіз және негізсіз тексерулеріне ұшырап, компанияның тұрақты дамуына қауіп төнуде. Ерлан Сүлейменовтің айтуынша, салық органдары Денсаулық…
Түркістан облысында биыл Жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында 29 мектеп салынып, оның ішінде 13-і пайдалануға берілді. Енді биыл жыл соңына дейін тағы 16 мектеп іске қосылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сондай-ақ, «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында білім алушыларға толық жағдай жасалған. Оның ішінде, оқулықтармен, ыстық тамақпен, қосымша білім берумен қамтылған. Сонымен қатар, мектептерді жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, облыста 2025-2027 жылдары 115 мектеп жаңғыртудан өтеді. Биыл 41 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр. Оның ішінде, 15 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 26 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Бұл ауылдағы оқушы мен қаладағы оқушының тең дәрежеде…
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі ақша жинау мәселесін заң жүзінде шешу жолдарын қарастыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz ақпарат агенттігі. Министрдің айтуынша, ата-аналар комитетін тарату қажет емес, керісінше олардың жұмысына жаңа сипат беріп, нақты пайдалы мақсаттарға бағыттаған жөн. «Ата-аналар комитетінің тарихы тереңде. Олардың басты міндеті ақша жинау немесе әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру емес. Сондықтан ата-аналар комитеттерінің қызметін жаңғыртып, балаларға шын мәнінде қолдау көрсететін, нақты нәтижеге жететін бағытқа бұру керек», – деді министр. Министрлік бұл бағытта жұмыстарды өткен жылдан бастап қолға алған. Атап айтқанда, сынып жетекшілері үшін арнайы тренингтер өткізіліп, қажетсіз шараларға уақыт пен қаржы жұмсауды тоқтатып, балаларды дамыту мәселесіне баса…
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Барлығы 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылып, 14 617 шағын гидротехникалық нысан ауыстырылып, жаңадан салынды. Сондай-ақ 327,86 шақырым коллектор мен 151 бақылау ұңғымасы қалпына келтірілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде жалпы көлемі 15,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен жабдықтау және мелиоративтік жағдайы жақсарып, суармалы жерлер толық игерілді. Жоба су шығынын 30%-ға дейін азайту арқылы жылына шамамен 95 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. «Каналдарды тазарту, шлюздер орнату және басқа да жұмыстардың арқасында су жеткізу жағдайы 35-40%-ға жақсарды. Бұл жүйе диқандарға су тапшылығы жағдайында…
Алматыда ағымдағы жылы орташа жөндеумен ұзындығы 300 км 367 көшені қамту жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінді. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. Қалалық мобилділік басқармасы жұмыстарды жаздың алғашқы күндерінде бастау жоспарланғанын, бұл ретте 22 магистральдық көшені жөндеуді тамыз айының соңына дейін, ал аудандық көшелерді ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады. Учаскелерде мердігерлік ұйымдар басшыларының байланыс ақпараты бар арнайы стендтер, қоршаулар және жарық шағылыстыратын элементтер орнатылады. Әр көше сегменттік қабаттасатын учаскелерге бөлінеді. Барлық қабаттасулар туралы қала тұрғындарына БАҚ және әлеуметтік желілер…










