Түркістан облысында 2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 142 елді мекенде 140 жобаны (54 – өтпелі, 86 – жаңа жобалар) іске асыруға 21,8 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атап айтқанда, осы қаржы арқылы 7 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 17 спорт нысанының құрылысы және 1 спорт мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары жүреді. 10 мәдениет нысаны салынып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен бірге 2 ауыз су нысаны күрделі жөндеуден өтіп, 7 электр қуатымен жабдықтау нысанының құрылысы жүреді. 90 жоба ішкі көшелерді орташа жөндеуге бағытталған. Аталған жоба аясындағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға…
Автор: Асылхан Бөрібай
Астанада жедел жәрдемнің жету бағытын нақты уақыт режимінде қадағалауға арналған пилоттық цифрлық сервис іске қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласының әкімдігі жедел жәрдем қызметінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис жобасын пилоттық режимде іске қосты. Бұл бастама Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, Yandex Qazaqstan, IT Space және 7Generation компанияларының серіктестігімен жүзеге асырылуда. Жаңа шешім жедел қызметтердің ашықтығын арттырып, тұрғындардың алаңдаушылығын төмендетуге, сондай-ақ бір шақыру бойынша қайталанатын қоңыраулар санын азайту арқылы диспетчерлерге түсетін жүктемені жеңілдетуге бағытталған. 1-санаттағы (ең шұғыл) шақыртулар тіркелгеннен кейін өтінім берушінің телефонына SMS-хабарлама жіберіледі, онда жедел жәрдем көлігінің нақты бағытын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті картаның…
Қазақстанда кино түсіруге бөлінген миллиардтаған қаржының қайтарымы болмай тұр. Соңғы бес жылда мемлекет бюджетінен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» арқылы 19 миллиард теңге жұмсалып, 103 жоба қаржыландырылған деп жазады Ertenmedia.kz Бірақ қыруар қаржының нәтижесі көңіл көншітпейді. Түсірілген 98 фильмнің небәрі 23-і ғана прокатқа шыққан. Ал қалған туындылардың қайда қалғаны, кім үшін түсірілгені белгісіз. Қазақ киносының сапасы мен көрерменге жетпеуінің басты себебі режиссерлердің жеке амбициясы. Мемлекеттен бөлінген қаржыны фестивальдер мен конкурстарға арнап, көпшіліктің сұранысын ескермеу әдетке айналған. Осының салдарынан фильмдердің басым бөлігі «жұрт көрмейтін киноға» айналып отыр. Мысалы, режиссер Ермек Тұрсыновқа мемлекеттен 500 миллион теңге бөлінген «Бесмойнақ» фильмі көрерменге әлі жеткен жоқ.…
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытайлық инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика саларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты. Берік Уәли қытайлық кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. «Абай облысының өнеркәсіптік, аграрлық, туристік әлеуеті зор. Өңір тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сіздермен барлық салада ынтымақтастық, берік қарым-қатынас орнатуға дайынбыз. Өздеріңіз байқап отырғандай, біз Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйдың шақыруымен Алтайға ең ауқымды делегациямен келіп отырмыз. Бұл біздің сіздермен бұрынғыдан да тығыз қарым-қатынас орнатуға ықыласты екенімізді көрсетеді.…
Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинап, республикалық көрсеткіш бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жәнібек – көпбалалы отбасынан шыққан еңбекқор оқушы. Ол 1-сыныптан бастап сол мектепте білім алып, үздік оқушылар қатарынан көрініп келеді. ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындалған Жәнібек 10-сыныптан бастап бейіндік пәндерін анықтап, информатикаға басымдық берген. Жәнібек болашақта ІТ саласында маман болуды мақсат етеді және Қазақстандағы беделді жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсуді жоспарлап отыр.
Бүгін таңертең мамандар оқиға орнына барып, қажетті тексерістер жүргізді. Қазір жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр. Согра ауданындағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Казгидромет желдің болмауына байланысты II дәрежелі қолайсыз метеожағдай тіркелгенін хабарлады. 2025 жылдың 19 мамырда шамамен сағат 16:00-де «Өскемен титан-магний комбинаты» аумағында белгісіз заттың ауаға тарағаны байқалды. Бұл жағдайға байланысты оқиға орнына бірден жергілікті билік, төтенше жағдайлар департаменті, экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары барып, тексеріс жүргізді. Комбинат берген мәліметке қарағанда, дәл сол күні №3 хлорлау қондырғысында күтпеген техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүріп жатқан. Сол кезде бір бөлшек құлап, түтін…
Ресейлік-әзербайжандық кәсіпкер әрі әнші Эмин Ағаларов Маңғыстау облысында ірі халықаралық курорт салуды жоспарлап отыр деп жазады Ertenmedia. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Sea Breeze Resort арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою кезінде белгілі болды. Жоба Каспий жағалауындағы Кендірлі мен Жылы жағажай аумақтарында іске асуы мүмкін. Эмин Ағаларов Instagram парақшасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туризмді дамытуға күш салатынын айтып, жақын арада Маңғыстауға келіп, болашақ жобаның орнын өзі көріп қайтатынын хабарлады. Алайда бұл бастамаға назар аудартатын тағы бір маңызды жайт бар: Эмин Ағаларов – Ресейдегі танымал миллиардер Араз Ағаларовтың үлкен ұлы. Араз Ағаларов Ресей президенті Владимир Путинге жақын кәсіпкерлердің бірі…
Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалып, бюджет кірісінің жартысына жуығы Ұлттық қордан алынатын трансферт мен сырттан тартылған қарыз есебінен жабылып отырғаны анықталды деп жазады Ertenmedia. Мұндай тәуелділік қаржы тұрақтылығын шайқалтып қана қоймай, бюджетті жоспарлаудағы хаосты күшейткен. Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов атап өткендей, былтыр бюджеттің кіріс бөлігі үш рет қайта қаралып, жоспарлы түсімдердің өзі орындалмаған. Сөйтіп, бюджет тапшылығын жою үшін Ұлттық қор мен сыртқы қарызға жүгінуге тура келген. «Бұл қордағы қаржыны болашақ ұрпаққа сақтаудың орнына, күнделікті қажеттілікке жұмсап отырмыз деген сөз», — дейді сарапшылар. Соның салдарынан бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгертуге тура келген. Осы арқылы 6,2 трлн теңгенің…
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорының қызметін қатаң сынға алды. Мәлімдеме Мәжілісте Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін талқылау барысында жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Талқылауда депутат Жұбанов ұлттық компанияларда өте бай адамдардың қызмет ететінін, ал олардың көпшілігінің бизнес жүргізуден мүлдем хабары жоқ екенін ашық айтты. «Ұлттық компанияларда кәсіппен бір күн де айналыспаған, бірақ өте ауқатты адамдар жұмыс істейді. Отбасында да ешкім кәсіпкер болмаған, бірақ байлығы асып-тасып тұрған азаматтар бар екенін бәріміз білеміз. Біз бүкіл байлығымызды бір қолға жинап, ұрлауға өте ыңғайлы жағдай жасап қойдық. Мен жалпы «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына түбегейлі қарсымын. Оны тезірек тарқатып, бәсекелі…
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты. Ресми қонақтарды Ақсу ауданындағы құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов бастап барды. Белгілі болғандай, «Талдықорған — Үшарал» газ құбырының желілік бөлігін салу жұмыстары аяқталған. Қазір автоматты газ тарату станциялары тұрғызылуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алдымен «Жансүгіров» АГТС-ының алаңына барған ресми қонақтар мұндағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл ретте С. Жаркешов бірінші кезекте жұмыстың сапасына баса көңіл бөлуді қатаң тапсырды. — Бүгінгі күні «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салуға үлкен назар аударылып отыр. Бұл — Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Ұлттық қордың қаржылай…










