Белгілі заңгер Айгүл Орынбек елдегі ең ірі компаниялардың мемлекеттік тендерді майшелпекке айналдырып, халықтың қалтасын қалай қағып жатқанын ашып көрсетті деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, ұлттық компаниялар «отандық өнімді қолдау» деген ұранды жамылып, арзанқол қытайлық тауарларды отандық деп өткізіп, арадағы бағасын бірнеше есе асырып, миллиардтаған теңгені жымқыру схемасын құрған. Мәселенің мәнісіне үңілген заңгер нақты бір мысалды көлденең тартты. «Самұрық-Қазына» қорының сайтында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еліміздің сегіз өңіріне 18 дана жылжымалы электростанция (қарапайым генераторлар) сатып алуға тендер жариялаған. Жалпы сома – 185 миллион теңге. Талап бойынша, генераторлар Ameco industrial брендімен, әрі міндетті түрде отандық өнім болуы тиіс. Бірақ осы жерде…
Автор: Асылхан Бөрібай
Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбіліктер мен экологиялық шаралар жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Наурыз айынан басталған “Таза бастау”, “Жасыл толқын”, “Таза табиғат”, “Киелі мекен” атты науқандар аясында аудан көлемінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Шардара суқоймасы, Ұзын ата кесенесі және қала мен ауыл округтерінің ішкі-сыртқы аумақтарында шөптер шабылып, аяқ жолдар ретке келтірілуде. 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында тазалық жұмыстарына 22 980 адам қатысып, 578 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылған. Бүгінгі өткен сенбілікке аудандағы түрлі мекеме қызметкерлері, еріктілер, қоғамдық жұмысшылар мен тұрғындардан құралған 1000-нан астам адам қатысып, 34 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 38 тонна…
Семейде облыстық көпсалалы аурухана салынады. Бүгін медициналық нысанның іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәрігерлер қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президенттің тапсырмасына сәйкес бой көтеретін ғимарат Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына енген. 300 төсек-орындық жаңа көпсалалы ауруханада бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын кеңес беру және тексеру бөлімі жұмыс істейтін болады. Аймақ басшысы бұл медициналық нысанның өңір тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті. «Абай облысы – ертеден дәрігерлік дәстүрі қалыптасқан киелі өңір. Аймағымыздан шыққан білікті мамандар қазақ медицинасының негізін қалады. Алайда, соңғы ширек ғасырда бұл сала назардан тыс қалып, білікті мамандардың басқа өңірлерге қоныс…
Астанада 5 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысқан дәстүрлі BI Marathon қайырымдылық жарысы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жарыс спорт пен ізгілікті біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, қатысушылар тазалыққа да бейжай қарамай, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. «Біз қаламызда тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастырғымыз келеді. Сондықтан бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, саябақтың айналасын күл-қоқыстан тазартуға үлесімізді қостық. Бұл іс-шарадан жастардың қалыс қалмағанын қалаймын. Өскелең ұрпақ қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамауы қажет деп ойлаймын», – деді еріктілердің бірі. «10 шақырымды 1 сағатта жүгіріп өттім. Жаңбыр жауса да, көңіл күй тамаша. Мұндай жарысқа алғаш рет қатысып тұрмын. Жарыс жақсы ұйымдастырылған.…
Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» атты тұңғыш халықаралық инклюзивті этнокөрме өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс — шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мейірім» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Көрме орталығының ғимаратында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету. Ерекше қажеттілігі бар жандардың өз қолымен жасаған авторлық бұйымдарының таныстырылуына ерекше назар аударылды. — Біз шығармашылықтың шегі жоқ екенін көрсетуге тырыстық. Мүгедектігі бар адамдар жай ғана көрермен емес, мәдени диалогтың толыққанды қатысушысы да бола алады. Бұл көрмеде біз мұны ашық жариялауға мүмкіндік алдық.…
Ұлан ауданының Тарғын ауылында орналасқан «Диана» шаруа қожалығы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жартылай фабрикаттар өндіретін цехын кеңейтіп, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға серпін берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2021 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Диана» шаруа қожалығы бүгінде ауыл кәсіпкерлігінің дамуына өз үлесін қосып отыр. Қожалық жетекшісі Бердинова Арай Зарыкқанқызы 2023 жылы ауыл ішінде жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын цех ашып, өндірісті қолға алған болатын. Цехта түшпара, мәнті, вареники сияқты ұн өнімдері мен фарш жасалады. Кәсіптің ауқымын кеңейту мақсатында 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 8 640 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өндіріс орны күрделі жөндеуден өтіп, жаңа жабдықтармен толықты. Бұл…
Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекенінде «Шымкентцемент» ЖШС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешенінің құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған спорт кешеніне 88 млн теңге инвестиция тартылған. Мерекелік жиынға арнайы қатысқан ҚР Парламенті мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты Сәуірбай Есжанов, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «Шымкентцемент» ЖШС директоры Иван Пак қатысып, округ халқының қуанышына ортақтасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.…
2025 жылдың 18 мамырында Тегеран қаласында «Ғылым ордасы» РМК делегациясының Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшылығымен ресми кездесуі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесудің негізгі мақсаты – ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және консервациялау бағыттары бойынша кәсіби тәжірибе алмасу арқылы екі ел арасындағы әріптестікті нығайту. Сапар барысында қазақстандық делегация Иран архиві мен кітапханасының инфрақұрылымымен, атап айтқанда құжаттарды сақтау жүйесімен, қалпына келтіру және консервациялау бөлімдерінің жұмысымен, сондай-ақ цифрландырудың заманауи әдістерімен жан-жақты танысты. Кездесу нәтижесінде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшысы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда жариялаған бастамаларын қолдау мақсатында 16 мамыр күні сағат 19:00-де Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті. Іс-шараға Арқалық педагогикалық университеті мен колледждердің 250-ден астам студенті қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Акция моноқаланың дамуына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға жастардың ризашылығын білдірудің бір көрінісі болды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Арқалықта бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Олардың қатарында әуежайдың қайта жаңғыртылуы және «Астана – Ырғыз» автожолының құрылысы бар. Бұл жобалар Торғай өңірінің дамуына серпін береді деп күтілуде. – Павлодар қаласынан келдім. Арқалық маған қатты ұнайды, осы қалада қалғым келеді. Қала дамып келеді: әуежай ашылады, жаңа…
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа қарсы бақылау жұмыстары күшейтіліп жатыр. 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2025 жылы заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, жапсаржайлар, дәмханалар, көлік жуу орындары және басқа да құрылыстар бар. Ең ірі нысандар қатарында «Мечта» таунхаусы, «KHAN» ТҮК және Достық даңғылындағы 7 қабатты әкімшілік ғимарат бар. Таулы аймақтағы заңсыз құрылысқа ерекше назар аударылды. Мұнда 38 нысанға қатысты сот шешімі шыққан, олардың 12-сі толық немесе жартылай бұзылған.…










