Бұрынғы Спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов өкілетін асыра пайдаланып, ауыр зардапқа әкелген әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының соты экс-шенеунікке 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қожағапанов 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу кезінде 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сотталған. Оның сыбайласы ретінде айыпталған «Success K» компаниясының басшысы, танымал пиаршы Ләззат Көккөзоваға алаяқтық жасағаны үшін 5 жыл жаза кесілді. Сот процесі бес айға созылды. Ерлан Қожағапанов сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеп, куәгерлерге қысым жасалғанын айтып, істің объективті түрде қаралуы үшін нейрожелі арқылы қайта тексеруді талап еткен. Алайда сот…
Автор: Асылхан Бөрібай
Мақтаарал ауданының өндірістік әлеуеті жыл сайын артып келеді. Аудан әкімі Бақыт Асанов жуырда Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы іскерлік ынтымақтастық негізінде құрылған «FANGAO киім тігу» ЖШС-ң өкілі Джу Ян Кунмен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл кездесудің мақсаты – Атакент кентінде заманауи киім тігу фабрикасын ашу мәселесі. Аталған кәсіпорын – екі ел арасындағы өндірістік кооперацияның жарқын көрінісі. «FANGAO» компаниясы Атакент кентінен жалпы көлемі 1 200 шаршы метрді құрайтын, толық жөндеуден өткен ғимаратта киім тігу фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жоба аудан экономикасына елеулі серпін беріп қана қоймай, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Фабриканың басты миссиясы –…
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі негізгі жобалармен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министр «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесуде мердігерлердің инженерлік желілерді салу бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ, отандық және шетелдік инвесторлар арнайы аймақта жаңа өндірістердің құрылысы барысы туралы баяндады. Қазір №3 субаймақта нан-тоқаш өнімдері зауыты, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорын, көтергіш — көлік жабдықтары мен көпір крандарын өндіру зауыты, саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты сынды жобалар жүзеге асуда. «Жалпы алғанда, үшінші субаймақта Италия, Қытай, Ресей және Германиядан капитал тарту арқылы 105 млрд теңгеге 16 инвестжоба іске…
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылары мен мердігер ұйым жетекшілеріне 256 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz. Тергеу мәліметі бойынша, университеттің уақытша міндетін атқарушы ректоры, қаржы және әкімшілік департаменттерінің директорлары мен бірнеше мердігер ұйым басшылары жалған келісімшарттар жасаған. «Университет басшылығы жалпы сомасы 256 млн теңгеге қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және тауар жеткізу бойынша жалған шарттарға қол қойған. Шын мәнінде, аталған жұмыстар орындалмаған. Бюджет қаражаты жалған құжаттар арқылы аффилирленген компаниялардың есепшоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған», – делінген хабарламада. Тергеу барысында күдіктілер заңсыз түскен қаражатқа Mercedes-Benz S-класс,…
Жетісу облысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, мемлекет қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығы аталып өтілді. Қаламгердің мерейтойында республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізіліп, Мемлекет басшысының арнайы құттықтау хаты оқылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алакөл ауданы Қабанбай ауылына мерейтойлық шараға келген Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалымдар, қаламгерлер, жалпы аудан жұртшылығы алдымен Ә.Әлімжановтың бюстіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан әрі шара Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Әлемге әйгілі Әнуар» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциямен жалғасты. Мәдениет үйінің фойесінде музей экспонаттарынан және кітаптардан көрме ұйымдастырылып, Ә. Әлімжановқа арналған бейнефильм көрсетілді. Конференцияны ашқан…
Өткен жылдың мамыр айында Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған спорт кешенінің құрылысы басталған еді. Сол нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл нысан өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен жан-жақты айналысуына мүмкіндік туғызған алғашқы кешен десек болады. Жаңа спорт кешені Батыс Қазақстанда инклюзивті спортты дамытуға тың серпін береді. Жобаны әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қаржыландырумен айналысатын “Freedom Шапағат” корпоративтік қоры қолдағанын айта кетуіміз керек. Спорт кешен о баста көпфункциялы спорт алаңы ретінде жобаланған-ды. Мұнда командалық спорт түрлеріне арналған зал, күрес залы, үстел теннисі алаңдары бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген фитнес-тренажерлер орнатылғанын айта кетуіміз керек. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусым айының…
Алматы облысында экологиялық қауіп-қатерлерді азайтып, жергілікті шикізатты тиімді пайдалану мақсатында қамысты қайта өңдейтін алғашқы қағаз фабрикасы салынады. Жоба облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қытайдың Sichuan Dingshang Leishi Supply Chain Management Co., Ltd. компаниясының өкілдері арасындағы кездесуде таныстырылды. Бұл бастама – индустрияландыруға жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар өңірді көп жылдан бері алаңдатып келген мәселені шешуге бағытталған. Балқаш ауданы жыл сайын табиғи өрттерге тап болып келеді. Оның негізгі себебі – иесіз қалған және жағалау бойында өсетін қамыс. Ол тез тұтанып, сөндіру қиынға соғатындықтан, экологияға, жануарлар дүниесіне және тұрғындардың өміріне елеулі қауіп төндіріп отыр. Енді бұл жағдай оң шешімін табуы мүмкін. Жоспарланып…
Әр сөзі қоғамда дүмпу туғызып, әр пікірі ел-жұрттың аузында жүретін белгілі режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды деп жазады Ertenmedia.kz. Тұрсыновтың айтуынша, бұған себеп соңғы жылдары мәдениет саласында болған жүйесіздік, биліктің қыспағы мен өзіне қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін. Тұрсынов елден кету себебін түсіндірген жазбасында бұл шешімінің біреуге жағуы мүмкін екенін, ал енді біреулердің ренжуі немесе сынауы ықтимал екенін айтады. «Мұның бәрі көңілге кірбің ұялатады, бірақ амалсыздан осындай шешім қабылдадым. Шындығында, мені елден қуып шықты деуге болады», – дейді режиссер. Оның айтуынша, соңғы бірнеше жылдағы мәдениет министрлерінің ауысуы және олардың қабылдаған шешімдері оның шығармашылық қызметіне тікелей кедергі келтірген. Тұрсыновтың сөзінше, бәрі…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің маңызды қызметке тағайындалғанына 3 ай толды. Аталған мерзім ішінде өңір басшысы өңірдегі бірқатар елді-мекендерді аралап, ой қорытындылады. Бүгінде өңірдің жағдайымен толық таныспай жатып, шаруа шешу мүмкін емес. Үш айлық есеп беру жиналысында Берік Уәли мырза Абай облысындағы 68 ауылды аралап, ондағы қарапайым халықпен тілдескенін алға тартты. – Мен тағайындалған күннен бастап барлық аудан, қалалардың 68 елді мекенін, оның ішінде 16 шалғай ауылдарын араладым. Сондай-ақ, бұрын аудан орталықтары болған Шар қаласында, Баршатас, Таскескен және Қайнар ауылдарында болып, тұрғындардың тыныс тіршілігімен, ірі кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының жұмысымен және олардың өзекті мәселелерімен жақын таныстым. Өңірдің нақты жағдайы туралы Президентке…
2025 жылы Қазақстан Үкіметі экономиканың нақты секторын жедел дамытуға нық сеніммен кірісті. Мемлекет IT мен логистикадан бастап, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау мен химияға дейінгі басты салалардағы шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Міндет – шағын бизнесті орта және ірі бизнестің деңгейіне жеткізу. Кәсіпкерлерге «Даму» қоры айтарлықтай қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, несиеге кепілдік беру көлемі едәуір артты. Енді кепіл жеткіліксіз болса, мемлекет жобаның 85%-ға дейінгі құнын жабады. Соның арқасында, елімізде жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік артады. Бұл саясаттың нәтижесі де іс жүзінде белгілі болуда. 2010 жылдан бері «Дамудың» қолдауымен химия өнеркәсібі саласындағы 512 жобаға 195 млрд теңге…










