«Ақ жол» партиясы премьер Олжас Бектеновке шекарадағы түйткілдерді тез арада шешуді талап етті, деп жазады Ertenmedia. Депутаттық сауалда көтерілгендей, қараша айының соңынан бастап «Бақты» шекара бекетінде жеміс-жидек пен көкөніс тасымалдаушылардың жағдайы күрт қиындаған. Бұған Ауылминге қарасты «Фитосанитария» кәсіпорны директорының бұйрығы себеп болған. Іле-шала фитосанитарлық бақылау қызметкерлері жүктің жағдайына қарамастан, әр көліктен міндетті түрде зертханалық сараптамадан өтуді талап ете бастаған. Карантиндік бақылаудың алғашқы актісін алу үшін кәсіпкерлер сараптама құнын төлеуге мәжбүр. Депутаттар әлгі әрекеттің ешбір нормативтік негізі жоқ дейді. Ақжолдықтардың айтуынша, карантинге жататын тауар тек күдік туғанда немесе көзге көрінетін зақым белгісі анықталғанда ғана тексерілуі тиіс. Заңдағы мен мұндалап тұрған нормаларды министрлік…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға қойылған талап жеңілдеп, мигранттарға бөлінген квота ұлғайуы мүмкін деп жазады Ertenmedia. Депутат Ерлан Барлыбаевтың пікірінше елімізде ірі инфрақұрылымды жобалардың саны артуда. Алдағы уақытта үш бірдей атом электр стансасы, жылу-энергі орталықтар, жол-көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдары бой көтермек. «Бұған мыңдаған кәсіби маман қажет. Жергілікті жұмыс күшінің осы сұранысты толық өтеуі екіталай», — деді мәжілісмен Үкіметке жолдаған сауалында. Еңбек ресурсын дамыту орталығының дерегінше, 2025–2035 жылдар аралығында Қазақстан нарығына шамамен 3 миллион қызметкер керек. Жұмыс күшіне деген қажеттілік өнеркәсіпте 27 пайыз, құрылыс саласында 11 пайызға жетеді деген болжам бар. «Аймақ елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда жалақы мөлшері жоғары. Осы…
Алматыда қоқыс контейнерлерін пластикке ауыстыру қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Былтыр басталған бастама биыл айтарлықтай ауқым алған. Тіпті бірнеше ай бұрын ғана темір контейнерлерге арналып абаттандырылған алаңдарға да пластик бактар қойылуда. Тұрғындар мұның мәні мен мақсатын түсінбей отыр. Көпшілік көкейіндегі сауалға жауап берген қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, пластик контейнерлер әлдеқайда сапалы әрі сыртқы келбеті де тұрпайы емес. Оның сөзіне қарағанда, сыйымдылығы бес текше метрлік жаңа бактарға сәйкес келетін арнайы техника алынған. Биыл қала бойынша үш мыңға жуық контейнер орнатылған. Жұмысты 20 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қытайлықтар салады деген қоқыс өңдеу зауыты туралы сауалға Сматлаев нақты ақпарат…
Қара теңіздегі қақтығыс қазақ мұнайың күретамырын қысып тұр деп жазады Ertenmedia. Ресей-Украин қақтығысының Каспий құбыр консорциумына (КТК) соққы болып тиюі алғаш рет емес. Украина тарапы үшін КТК Ресейдің мұнай инфрақұрылымының бір бөлігі, былайшы айтқанда заңды әскери нысан. Киевтің есебі бойынша, Кремльдің экспорттық табысы азайса, басқыншылардың майдан даласындағы екпіні де бәсеңдейді. Алайда шын мәнінде бұдан Ресей емес, Қазақстан мен Батыс компаниялары зардап шегуде. КТК арқылы әлемдік нарыққа Ресей мұнайы да шығатыны рас. Дегенмен оның үлесі тым аз. 2024 жылы консорциум құбырымен тасымалданған мұнайдың небәрі 15 пайызы ғана орыс өнімі болған. Өзгесі Қазақстанның Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі кенішінен шығатын шикізат.…
Астана Мәскеуге санкциядан жалтаруға мүмкіндік беретін каналдарды біртіндеп тарылта бастады. Атап айтқанда шектеуге ілінген тауарлардың Ресейге қайта экспортталуына тосқауыл қоятын бақылаудың жаңа ережесі енгізілген. Жүйе кемінде бір жыл бойы қолданыста болады, деп жазады Ertenmedia Украин сыртқы барлау қызметіне сілтеп. Жаңа ережеге сәйкес санкция тізіміндегі және қос мақсатта қолданылатын тауарларды экспорттау үшін ендігі жерде міндетті лицензия алу талап етіледі. Сондай-ақ Еуроодақ, АҚШ және Ұлыбританиядан әкелінген тауарға қатаң бақылау орнатылады. Бұдан былай мұндай өнімдердің ТМД аумағына, әсіресе Ресейге қайта экспортталуына тыйым салынған. «Қазақстан санкцияға ресми қосылмаса да «қара тізімдегі» тауардың транзитіне қарсы күрес мәселесінде Батыстың сөзін сөйлейтінін аңғартты. Астана Мәскеудің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне…
Ақпарат және мәдениет министрлігі Orda.kz және ҚазТАГ агенттіктеріне қатысты сот процесін ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы сала басшысы Аида Балаева мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia. Министр елдегі сөз бостандығын сақтаудың маңызын еске салып, журналистердің кәсіби қызметі заң шеңберінен шықпауы тиіс екенін атап өтті. «Кәсіби журналистика ең алдымен әділдік, бейтараптық және тексерілген дерекке сүйенуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер құқықтық шеңберде әрекет етсе, біз олардың мүддесін қорғауға әрқашан дайынбыз. Бірақ тараптар арасындағы дау сотқа жеткен жағдайда мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін екенін де ұмытпаған жөн», – деді министр. Министрдің айтуынша, мұндай даулы процестер медиақоғамдастық арасында алаңдаушылық тудыратыны…
Қазақстандағы алпауыт мыс өндіруші «Қазақмыс» ресми түрде жаңа қожайынға өтетінін жариялап, заңдық рәсімдерді бастап кетті, деп жазады Ertenmedia. Компанияның қазіргі иелері ескі Қазақстанның олигархтары Владимир Ким мен Едуард Оғай жаңа акционермен алдын ала келісімге қол қойып, активтерін өткізуге келісті. Қазірге дейін «Қазақмыс холдингтің» 70%-ын Владимир Ким, ал қалған 30%-ын Едуард Оғай иеленіп келген еді. Компанияның хабарлауынша, келісімнің толық аяқталуы үшін Индустрия және құрылыс министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің рұқсаты қажет. Сондай-ақ серіктестер, кредиторлар мен жобаның барлық қатысушыларына мәміле жайлы алдын ала ескертіледі. Компания ресми мәлімдемесінде жаңа иесінің есімі ашық айтылмағанымен, нарықтағы ақпарат көздері сатып алушы танымал бизнесмен Нұрлан…
Бүгін Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендердің сұрағы әртүрлі болғанымен, негізгі тақырыптар мүгедектігі бар адамдарды қолдау және тұрғын үй мәселелеріне тірелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласының тұрғыны Сая Абдрашева қабылдау кезінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қатысты екі ұсынысын айтты. Біріншіден, қаладағы оңалту орталығы жанынан мұндай адамдарды тәулік бойына уақытша қалдыратын топ ашуды сұрады. Яғни, күндіз ғана емес, түнде де қамқорлық қажет болатын азаматтар үшін арнайы орын болса деген ойын жеткізді. Екіншіден, мүгедектігі бар адамдарға жылына бір рет болса да қосымша қаржылай көмек берілсе деген ұсынысын алға тартты. Оның айтуынша, бұл адамдардың дәрі-дәрмек, күтім, жол…
Солтүстік Қазақстанның тұтынушы құқын қорғау департаменті Қостанайда концерті өтпей қалған ресейлік әнші Ақмалдың жанжалына араласып, жүзден астам азаматтың ақшасын қайтаруға кірісті, деп жазады Ertenmedia. 25 қазанда Қостанайда Ақмал Қожаниязовтың (Akmal’) концерті өтуі тиіс болған. Соның алдында Қызылжарда өткен концертте әнші көрермен сыйға тартқан көк-сары түсті (Украинаның жалауынан аумайтын) пакетке қарап: «Мынаны өртеп жіберіңдер, түсі ұнамай тұр», – деп өзінің басқыншылық ұстанымын көрсеткен болатын. Бұған желідегі жұрт дүр көтеріліп, Ақмалдың ит терісін басына қаптаған әрі Путин агрессиясын қолдайтын әншінің Қостанайдағы концертін өткізбеуді талап еткен. Халықтың ашуынан қорыққан ұйымдастырушылар техникалық себепке сілтеп концертті кейінге қалдырған еді. Әншінің сөзіне сенсек, шығармашылық топ Қостанай…
Ресей «Каспий құбыр консорциумын» (КТК) өз бақылауына алуға дайындалып жатыр, деп жазады Ertenmedia салалық сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың пікіріне сүйеніп. Кеше Владимир Путин Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited бірлескен кәсіпорнына КТК-дағы 7,5% үлесіне қатысты келісім жасауға рұқсат берген. Сарапшының пайымынша, көпшілік Shell компаниясы «Роснефть» үлесін сатып алады деп ойлағанымен, керісінше, «Роснефть» Shell үлесін өзіне алуы қисындырақ болмақ. «Егер бұдан кейін «Роснефть» Лукойлдың 12,5% үлесін де сатып алса, Ресейдің КТК-дағы үлесі 51%-ға жетіп, бақылаушы пакетке ие болады», – дейді Жұмағұлов. Еске сала кетсек, қараша айында АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік компанияларға КТК-дағы үлестерін сатуға тыйым салған болатын. Қазіргі таңда КТК-дағы Ресейдің жалпы үлесі –…










