Автор: Асылхан Бөрібай

Журналист, киносыншы әрі Лондондағы Куин Мэри университетінің PhD зерттеушісі Әсия Бақдәулетқызы тележурналист Мая Бекбаеваның «қазақ әйелдері бұрын бәсекеге қабілетсіз еді» деген мәлімдемесіне өткір пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Бекбаеваның сөзі совет кезеңінен қалған идеологиялық шаблонды қайталау ғана. «Қазақ әйелін білімсіз, төмен етекті шүйкебас ретінде көрсету бүгін басталған жоқ. Совет идеологиясы қазақ әйелін қашан да бағынышты, қараңғы, жергілікті дәстүрдің құрбаны етіп көрсетуді мақсат тұтқан. Барлық отаршылдар сияқты, советтер де өздерін Спивак айтқандай, «қоңыр тәнді әйелді қоңыр тәнді еркектен құтқарған ақ нәсілді адам» ретінде насихаттады. Сол арқылы өз билігін ақтады», – дейді Әсия Бақдәулетқызы. Оның айтуынша, 1930-1960 жылдардағы кеңестік қазақ…

Толық оқу
әйгілі реформатор Ли Куан Ю

Президент Тоқаев өз кітабында Сингапурдің тұңғыш премьер-министрі, әйгілі реформатор Ли Куан Ю туралы айрықша тебіреніспен жазған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сингапурде дипломаттық қызмет атқарған жылдарын еске ала отырып, Мемлекет басшысы осы бір кішкентай елдің саяси ерекшелігі туралы ой бөліседі. Тоқаев Сингапурда қызмет еткен жылдары Ли Куан Юмен бірнеше мәрте кездескен. Оның есте алғанындай, Ли Куан Юдің бойынан нағыз патриотизм мен британдық саяси мәдениет сезіліп тұратын. Оксфордта білім алған Ли Куан Ю өзінің ағылшындық тәрбиесін ешқашан жасырмаған. «Бірде ол: «Менің сыртқы келбетім ғана қытайлық. Айнаға қараған кезімде ғана есіме аламын. Ал негізінен мен – ағылшынмын» деп әзілдеп еді», – деп еске алады…

Толық оқу

Астанада «WorldSkills Astana-2025» кәсіби шеберлік бойынша аймақтық чемпионат басталды. Елордада осымен оныншы рет өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Чемпионатқа 300 үміткер, 250-ге жуық сарапшы және 4000-нан астам қонақ қатысып жатыр. «WorldSkills» халықаралық қозғалысының басты мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және кәсіби дағдыларды дамыту. Қазақстан 2014 жылы жаһандық қауымдастыққа енді, ал 2015 жылы Астанада бірінші қалалық чемпионат өтті. Осы он жыл ішінде WorldSkills Astana ауқымды жобаға айналды: 2025 жылы 300-ден астам қатысушы 49 құзырет бойынша сайысқа түсуге өтініш берді. Жарыс 30 мамырға дейін елордалық колледждердің 15 алаңында өтеді. Қатысушылар прототип жасау, мейрамхана қызметі, дәнекерлеу, графикалық…

Толық оқу

Түркістан облысының оқушылары профессор М.Өтелбаев атындағы 7-8 сыныптағыларға арналған математикадан республикалық «Ойлан тап» олимпиадасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Жамбыл облысы білім басқармасының «Жамбыл дарыны» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен. Олимпиада — оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдетіп, білім алушылардың қабілеттерін арттыруға бағытталған. Жалпы Түркістан облысынан олимпиадаға барған 12 оқушының 7-і жүлделі орындармен оралды. Олардың қатарында 1-орынға Омар Сарыбек мен Илияс Дінмухамедұлы ие болды. Жүлделі 3-орынға Ғайни Алиакбар, Бексұлтан Дүйсенбек, Батырбек Садуллаев, Дулат Мақсатұлы, Еркен Махмуд ие болды. Сондай-ақ, Шоқан Айдаров үздік білімі үшін арнайы мақтау қағазына ие…

Толық оқу

2025 жылдың 16 мамыр күні Орал қаласында Қазақстанның қорғаныс саласы үшін маңызды оқиға — «Семей» күзет кемесін іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 1993 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Зенит «Орал зауыты»АҚ базасында салынған бұл — 36-шы кеме. Су көлігі Жайық өзенінің бойымен Каспий теңізіне жөнелтіліп, онда мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау қызметін атқаратын болады. Кеме заңсыз тасымалдау, контрабанда, заңсыз балық аулау, шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттері және басқа да қылмыстардың қаупін тез арада жолын кесуге арналған. Бұл іс-шараның мәні ерекше, себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны оның…

Толық оқу

Биыл мегаполисте 290 шақырым жергілікті суару жүйесі салынады. Бұл ағаштарды, бұталарды және гүлдерді суару сапасын жақсартады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматыда қалалық ортаны көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыру жалғасуда. 2025 жылдың басынан бастап мегаполисте биіктігі 6 метрден асатын 2000 ірі ағаш отырғызылды, оның ішінде ясень, липа, күміс үйеңкі, стандартты қарағаш, қарағай, көк және жасыл шыршалар. Сондай-ақ, биіктігі 2,5 метрден асатын 20 мыңға жуық көшет және 10 мыңнан астам бұта отырғызылды. Күзде биіктігі 4-тен 6 метрге дейін тағы 4 мың ірі ағаш отырғызу жоспарлануда. Соңғы екі жылда Алматыда 1 миллионнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Жасыл кеңістіктерге күтім жасаудың жаңартылған тәсілдерінің…

Толық оқу

Қорғас – Қытай мен Қазақстан арасындағы алып өткел ғана емес, елдің экономикалық жүйесінің артериясы, Еуразияның логистикалық жүрегі болуға тиіс стратегиялық нүкте. Бірақ Президент Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтқан сындарынан кейін еліміздің логистикалық тамырында (оның ішінде Қорғас та бар) арам қан пайда болғанын байқадық. Мемлекет басшысы көлік-логистика саласының дамуындағы «жүйелі мәселелерді» жай ғана атап өткен жоқ – бұл шын мәніндегі ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін стратегиялық дабыл. Транзиттік дәліздер тек жүк тасымалдау арнасы емес, олар – сыртқы саяси ықпалдың, экономикалық дербестіктің, аймақтық бәсекеге қабілеттіліктің шынайы көрсеткіші. Шекарадағы кедергілер – бұл жай ғана баяу жұмыс емес, бұл – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне төнген…

Толық оқу

Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Халықаралық конференцияға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты. Конференцияның мақсаты – халықаралық тәжірибені ескеріп, тәуелсіз мейіргерлік қызметті дамыту, орта медициналық қызметкерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлін арттыру, олардың басқарушылық, сараптамалық, клиникалық құзыреттілігін…

Толық оқу

Жетісу университетінде XIII жазғы Универсиада ойындарына қатысатын студенттермен кездесу өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу  университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Кездесуде Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, команда капитаны дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс студенті Алтай Қалқаманға университет байрағын салтанатты түрде табыстады. «Жетісу университетінің студенттері спорт жарыстарында үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Былтыр студенттеріміз Әлем, Азия, халықаралық және республикалық чемпионаттарда 26 алтын, 20 күміс, 10 қола медальға ие болды. Білім ордасының мерейін асырып жүрген мұндай спортшыларымызды біз әрдайым мақтан тұтамыз. Бүгін де арамызда сайдың тасындай іріктелген үздіктер отыр. Біз сіздерге сенеміз!» –…

Толық оқу

«Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді. Дизайн код 8 тарау мен 118 тармақшадан тұратын талаптар кешенін қамтиды. Онда жалпы ережелер, сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар, сыртқы көрнекі ақпарат, көше навигациясы жүйелері, көше жиһазы, ғимараттардың қасбеттері, қоршаулар және қалалық кеңістікті жарықтандыру мәселелері қамтылған. Жобаның басты мақсаты – Түркістан қаласының мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру. Жобаның негізгі міндеттері ретінде қаланың тарихи және жаңа…

Толық оқу