Автор: editor

Ресейлік журналист Тина Канделаки қырғыз халқын да русофоб деп атады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бәрі жергілікті билік Бішкектегі Панфилов дивизиясының музейін бұзуынан басталған. Артынша Тина Канделаки жергілікті билік «Батыс әсерінен кеңес тарихын елден аластатып, оның орнына руссофобия пайда болғанын» айтты.  Ресейлік журналистің мәлімдемесіне Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Дайырбек Орунбеков жауап берді. Оның сөзінше, біріншіден, музейді бұзу туралы шешім ғимараттың жағдайын мұқият талдағаннан кейін қабылданған.  «Екіншіден, Қырғызстан — егемен мемлекет. Биліктің шешімдері халықтың мүдделеріне негізделген. Үшіншіден, Қырғызстан — орыс тілі мен мәдениеті өмірдің ажырамас бөлігі болып табылатын көпұлтты ел. Төртіншіден, Панфилов дивизиясын ұлықтау — бұл Мәскеуді қорғағаны үшін қаза тапқан әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет», — дейді Орунбеков.  Дайырбек Орунбеков Тина Канделакидің мәлімдемесі абсурд екенін атап өтті.  «Тина Канделаки мұндай мәлімдеме жасамас бұрын біздің еліміздің тарихын біліп алуға кеңес береміз, біздің…

Read More

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова Кәрім Мәсімов ұйғыр емес екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Белгілі дәрігердің сөзінше, мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовпен қызметтес болған. (Кәрім Мәсімовтің — еск.) анасымен де, әкесімен де жұмыс істедік. Әкесі — Қажымқан Мәсімов деген кісі. Ол кісі дәрігерлер білімін жетілдіру институтында жүрген кезде маған ұсыныстар жасап, сол кезде бірге жұмыс істедік. Өте сыйлаймын, жатқан жері жайлы болсын. Мәсімов деген медициналық орталық ашқан кезде медицина мәселелері бойынша кеңесші болдым», — дейді ол ADAL Adam арнасына сұхбатында. Сонымен қатар, Арай Төлемісова құжаттардан Мәсімовтің руы найман екенін көргенін жеткізді.…

Read More

11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды. 60 кг-нан астам психотроп зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ, «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар тәркіленді. «Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған)», — деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасныда.

Read More

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгені үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тергеп-тексеру нәтижесінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғаны анықталды. «Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр», — деп жазылған мәліметте.

Read More

АҚШ президенттігіне үміткер қазіргі президент Джо Байден сайлау бәсекесінен шығатынын мәлімдеді. 21 шілдеде X желісінде жариялаған жазбасында ол биыл қарашада өтетін президент сайлауына түсуден бас тартатынын жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Байден енді президенттік өкілеттілігі аяқталғанша «міндетін атқара бермек әрі бұл бағыттағы жұмысына көп көңіл бөлуді жоспарлап отыр». Ол ел президенттігіне үміткер ретінде вице-президент Камала Харристі ұсынған. Демократиялық партия Харристі кандидат ретінде бекітіп-бекітпеу мәселесін шешеді. Демократиялық партия 59 жастағы Камала Харристі үміткер ретінде таңдап жатса, ол ірі партия атынан сайлауға түседі. Харрис бүгінгі күнге дейін прокурор, Калифорния атынан сенатор болған. Оған қоса вице-президент қызметінде сайлау құқығы және бала, ата-ана құқығы секілді мәселелермен…

Read More

Атышулы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана прокуратурасы мәліметінше, қазір Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады. Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені бұған дейін де жоғарылаған еді. Бұған дейін Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен («әділет кеңесшісі» сыныптық шені) киімімен түскен видео жариялады. Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді. Сот шешімімен Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталды.

Read More

«Масс-медиа туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленген аккредитациялаудың Үлгілік қағидалары жобасы қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ызу-қызу талқы тудыруда. Журналист Тамара Вааль бастаған бір топ БАҚ өкілдері аталған үлгілік жобаға қатысты өздерінің сыни пікірлерін білдіруде. Осыған қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз түсініктемесін жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Аида Балаева, министр: – Құрметті әріптестер! Бүгінде кәсіби медиа қауымдастығы «Масс-медиа туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленген аккредитациялаудың Үлгілік қағидалары жобасын қызу талқылауда. Осыған орай оның кейбір тұстарын нақтылай кеткім келеді. Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген. Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл…

Read More

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ маңында жарты жыл бұрын адамдар отырған автобус жер астына түсіп кеткен еді. Бүгін бір құтқарушының денесі табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 19 шілдеде «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 метр тереңдікте бір құтқарушының денесі табылды, ол 4 қаңтарда «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған. «Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді, олар «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-мен бірлесіп денені жер бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды. Қайтыс болған адамның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін ТЖД психологы да келді», — деп жазылған мәліметте.…

Read More

Астана сотында Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитетіне шағымы бойынша сот шешімі шықты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп. Басылым мәліметінше, Құлыбаев өкілдері арқылы сотқа үш мәрте жүгінді. Үш жағдайда да оның шағымы негізсіз деп танылды. 1 сот Тимур Құлыбаевтың активтерді қайтару комитетіне шағымы бойынша істі қарады. Құлыбаев 2024 жылғы 4 наурыздағы сот шешіміне шағым түсіріп, оның арызы қайтарылған. Құлыбаевтың өкілі Тукулов процессуалдық қателерді көрсете отырып, бұл шешімнің күшін жоюды сұрады. Сот Құлыбаевтың арызы «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде берілгенін және оған Шәненованың сенімхат бойынша Тукулов қол қойғанын анықтады. Алайда, сенімхаттың түпнұсқасы өтінішке тіркелмеген және тек…

Read More

Олигарх Нұрлан Тілеубаев алаяқтық жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылғы 19 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған Тілеубаевқа қатысты үкім шығарды (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы). Олигарх не үшін айыпталды? 2015 жылы Тілеубаев «D.» АҚ банкінің нақты меншік иесі (ірі акционері) және құрамына 140 заңды тұлға кіретін «А.» компаниясы тобының басшысы бола отырып, алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы банктен өзінің бақылауындағы компанияларға ақшалай қаражатты қарыз ретінде (формальды түрде жасалған (жалған) және іс жүзінде орындалмайтын астық сатып алу-сату шарттары бойынша кредиторлық міндеттемелерді (берешекті) қайта қаржыландыру) аудара отырып, «Н.» АҚ-ның…

Read More