Автор: Асылхан Бөрібай

2025 жылы Алматыда 120 мың шаршы метрден астам аумақта қалалық аумақты көгалдандыру жоспарлануда, оның 64%-ын көпжылдық өсімдіктер алады-бұл алдыңғы маусымдарға қарағанда бір жарым есе көп, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2024 жылдың күзгі маусымында қосымша 15000 шаршы метр баданалы дақылдар отырғызылды, олар қазіргі уақытта қала тұрғындарын гүлденуімен қуантуда. Қолайлы ауа-райы жағдайында қызғалдақтар мамыр айының ортасына дейін гүлдейді. Раушан, эхинацея, лилейник, лаванда, шалфей, мискантус және гортензия сияқты көпжылдық өсімдіктер қалалық жағдайларға өте төзімді, күтімі аз және ұзақ гүлденуді қамтамасыз етеді, бұл отырғызу материалын жыл сайын ауыстыру қажеттілігін азайтады. Оларды отырғызу 15 сәуірден 15 мамырға дейін жүзеге асырылады. Қаланы көгалдандыру симметрияны, айқын пішіндер мен…

Толық оқу

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінде Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алты жыл ішінде 2,014 млн ш. м. аумақты қамтитын геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жоспарланған аумақтың 91,6% құрайды. Бағдарламаның мақсаты – 2026 жылға қарай ел аумағын геологиялық тұрғыдан толық қамту, жер қойнауының инвестициялық тартымдылығын арттыру және минералдық-шикізат кешенін тұрақты дамытудың ғылыми базасын қалыптастыру. 112 учаскеде төрт негізгі бағыт бойынша жұмыстар аяқталды: геологиялық барлау, минералогиялық карта жасау, терең карталау және гидрогеология. Болжамды ресурстары бар 38 перспективалы бағыт анықталды: сирек жер металдары – 2,6 млн тонна; мыс пен никель…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Зачаганск кенті аумағында өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тазалық акциясына 100-ге жуық адам қатысты. Олар арасында еріктілер, студенттер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары болды. Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Экологиялық “Таза Қазақстан” акциясы — бұл қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған республикалық деңгейдегі бастама. Бұл акция ел тұрғындарын табиғатты сақтауға, экологиялық мәселелерге бей-жай қарамауға шақырады», — деп атап өтті «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Архат Жұбайұлы.…

Толық оқу

Түркістанда «Мархабат Байғұт оқулары» шығармашылық байқауы қорытындыланды. Байқау жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және «Түркіәлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері, «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» орденінің иегері, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Байқаудың іріктеу кезеңіне 17 аудан және Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасынан жалпы саны 720-ға жуық бала қатысып өз бағын сынады. Ақтық мәреге 4 кезең бойынша 144 қатысушы жолдама алған. Жарыс 4 бағыт бойынша өткен. Жазушының шығармасы бойынша иллюстрациялық суреттер салу бағытында I дәрежелі дипломмен төлебилік Гауһар Ерелхан марапатталса, Мархабат Байғұт шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысында…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік шараларды қолдану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңартылған ережелердің толық мәтіні нормативтік-құқықтық актілердің ресми сайтында жарияланды. Енді мемлекеттік қызметкерлер бұрынғы жұмыс орнында жасаған заң бұзушылықтары үшін жаңа қызметке ауысса да жауапкершілікке тартылады. Бұл өзгерістер саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің бәріне бірдей қатысты. Жаңа тәртіп бойынша, егер мемлекеттік қызметкер заң бұзушылықты саяси қызмет атқарып жүрген кезінде жасаған болса, оның ісін бұрын өзі қызмет атқарған орган қарайды және шешім қабылдайды. Дәл осы ереже әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге де қатысты: яғни, қызметкердің қазіргі жұмыс орнына қарамастан, заң бұзушылық қай жерде…

Толық оқу

Түркістан облысында репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Бұл туралы брифингте ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2025 жылдың 12-18 мамыр аралығында еліміз бойынша халықтың «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы деп жарияланған. Осы ретте, Түркістан облысына қарасты Түркістан, Кентау қалалары мен Бәйдібек ауданында жүктілікке дейінгі денсаулық пен отбасын жоспарлау бағытында іс-шаралар өтеді. Жалпы шаралар халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын күшейту мақсатында өткізіледі. «Түркістан облысы республикада бала туу көрсеткіші бойынша көш басында. Екі миллионнан аса тұрғыны бар облыста өткен жылы 50 214 мыңға жуық нәресте туылса,…

Толық оқу

Аягөз ауданындағы көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл құрылғыны су тасқыны, жер сілкінісі немесе ауызсу жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл көмек құралы ретінде пайдалануға болады. Жас өнертапқыштар көктемгі еріген қар мен жауын суларының босқа кететінін байқап, оларды сүзгіден өткізу арқылы уақытша ауызсу көзіне айналдыруды ұсынды. Сүзгі тұрмыста да, құрылыс алаңында да, төтенше жағдайларда да қолдануға ыңғайлы. Құрылғы бөтелке, құм, ұсақ және ірі тас, белсендірілген көмір мен мақта секілді қолжетімді заттардан тұрады. Әр қабатының өз қызметі бар: тастар – лайдан, көмір – иістен, құм – бактериялардан тазартады.…

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2025 жылы 13 мамырдан бастап «Алма-Арасан» тұрағынан радон көзіне дейінгі маршрутты кешенді жаңғырту басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жоба бастапқы инфрақұрылымды жаңартуды, беткейлерді нығайтуды, көпірлерді қайта құруды және жаңа палубалар, баспалдақтар мен демалыс орындарын орнатумен бүкіл жолды абаттандыруды қамтиды. Бұлақ ауданында өнеркәсіптік альпинистердің қатысуымен тас құлауынан қорғау жұмыстары жүргізіледі. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тау жыныстарының тұрақсыз фрагменттерінен, соның ішінде сынықтар мен гидроқұралдарды пайдалана отырып, тастарды қолмен төгуді қоса алғанда, беткейлерді тазарту жүргізіледі. Беткейлерді қосымша тұрақтандыру үшін анкерлі  жүйелерді орнату қарастырылған. Алаңы шамамен 200 шаршы метр беткейлердің беті тростармен тартылған металл торлармен қосымша нығайтылады, бұл тау…

Толық оқу

Қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ең таңдаулы қойылымдарын киелі шаһардағы көрерменнің назарына ұсынбақ. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен баспасөз жиынында кеңінен баяндалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Баспасөз мәжілісіне Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері,  КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, театр артисі, «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тұтова, театр артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Азат Сейтметов қатысты. ​Театр басшысының айтуынша ғимарат күрделі жөндеуге тапсырылғаннан кейін шығармашылық ұжым республика көлемінде және алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлармен барып, өзінің бірегей жұмыстары – спектакльдерімен қалың жұртшылықты…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданында «Ase Іnvest» тұрмысқа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыттың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, аймақтың кәсіпкерлік саласының жаңашылдықтарына тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен инвестиция және бизнес саласындағы ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға айрықша назар аударамын. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін бизнесті жүргізу мәселесіне қатысты заң қабылдадық. Қазір мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіріп жатырмыз», – деген болатын. Кәсіпкерлікті қолдауға 2022-2024 жылдары әртүрлі көздерден 206…

Толық оқу