Автор: Асылхан Бөрібай

Путин үшін жан қиып жатқан қазақстандықтарға қатысты дипломатиялық тілден тыс мәлімдеме жасаған Айбек Смадияров Сыртқы істерден кетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Еске сала кетсек, дипломат 2018 жылдан бері министрліктің ресми өкілі ретінде қоғам мен БАҚ алдындағы өзекті сұрақтарға жауап беріп келген-ді. Жақында ғана украиналық «Хочу жить» сайты Ресей әскерінің қатарында соғысып жүрген, қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған 500-ден аса қазақстандықтың тізімін жариялаған. Осыған орай журналистер Айбек Смадияровтан Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын сұраған еді. «Қазақстанның бұған (соғысқа) еш қатысы жоқ екенін бірінші күннен айтып келеміз. Бұл біздің соғыс емес. Әр азамат өзінің іс-әрекетіне жеке жауапты. Мемлекет шетелдегі әрбір азаматтың соңынан барып, қолынан…

Толық оқу

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатынын өткізген Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде туристік инфрақұрылым жақсарып, өңірге саяхаттаған шетелдіктер саны артқанын алға тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. – Мемлекет басшысы өз Жолдауында туризм саласын жүйелі түрде дамыту және туристік инфрақұрылымды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар беріп, бұл бағыттың ел экономикасын әртараптандыру мен халықаралық имиджді арттырудағы маңыздылығын атап өтті. Өңірде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Президенттің қолдауымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтерді, – деді Нұралхан Көшеров. Жыл басынан бері облысқа 500 мыңнан астам турист келіп, осы сала арқылы 6,6 млрд. теңге табыс түсті. 2025 жылдың IIІ…

Толық оқу
Түркістан Нұралхан Көшеров

Бүгінде Түркістан облысында халықты газбен, сумен, электрмен және сапалы жолмен қамту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл турасында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. – Мемлекет басшысы халқымыздың тамыры – ауылда екенін ерекше атап өтті. Облыс халқының 75 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған. Сондықтан өңірімізде ауылды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров. Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын немесе 98,5%-ы ауыз сумен қамтылған (763 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 11 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту…

Толық оқу
Шығыс көшеге

Шығыс Қазақстан облысында бірден 13 көшеге қазақша атау берілді. Олардың арасында аты аңызға айналған спортшылар Жақсылық Үшкемпіров пен Борис Александровтың есімі де бар, деп жазады Ertenmedia. Устинка LIVE жазғандай, шешімге жергілікті халықтың бірнеше жыл бойғы өтініші түрткі болған. Өскемен тұрғындары атақты балуан Жақсылық Үшкемпіров пен әйгілі хоккей жаттықтырушысы Борис Александровтың есімдерін ұлықтауды сұраған еді. Ұсынысты республикалық ономастикалық комиссия қолдады. 9 желтоқсанда депутаттар өзгерістерді бірауыздан мақұлдап, соңғы шешім шығарды. Осылайша, облыс орталығында мына көшелердің атауы өзгереді: Стахановская – Жақсылық Үшкемпіров; Утепова – Оралхан Бөкей; Красногвардейская – Герольд Бельгер; Карл Либкнехт – Борис Керімбаев; Колхозная – Асқартау; Роза Люксембург – Арна; Совхозная…

Толық оқу

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы арқылы 28 жаңа мектеп пайдалануға берілгенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. – Мемлекет басшысы білім мен адами капиталды дамыту – экономикалық өсудің негізгі тірегі екенін атап өтті. Бұл бағытта облыста нақты шаралар қабылданып жатыр. Білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында Президентіміздің бастамасымен «Келешек мектептері» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 28 мектеп пайдалануға берілді.  Қалған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров. Оған қоса облыста жергілікті бюджеттен 17 мектеп…

Толық оқу
Берік Уәли

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз халқымен кездесуде «Аягөз-Бақты» теміржолы мен осы жобада жұмыс істеп жүрген шетелдік мамандарға қатысты түсінік берді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Қытайдан қашудың керегі жоқ. Қазір бүкіл әлем Қытайдың инвестициясына таласып отыр. Олар біздің жолымызды салып жатыр. Бұл – ел экономикасына үлкен мүмкіндік. Ең бастысы, жергілікті тұрғындарды сол жобаларға көбірек тартуымыз керек. Бұған дейін «Омбы-Майқапшағай» күре жолының «Қалбатау-Майқапшағай» аралығын салған кезде 200-ге жуық жергілікті азамат жұмыс істеген. Біздің халықтың игілігіне пайдалануға берілген соң, жұмысшылар еліне қайтты. Сол тәжірибе жалғасады. Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды. Қытай халқы әлемнің барлық елінде жұмыс істеп жүр, – деді ол.…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысы биыл өндірістің салмағын нақты сандармен көрсетті. Халықаралық талапқа жауап беретін заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті. Әкім Нұрлыхан Көшеровтың айтуынша, жыл басынан бері 107 млрд теңгеге 22 жоба жүзеге асып, 2443 адамға жаңа жұмыс орны ашылғанын Орталық коммуникация қызметіндегі брифингінде айтты. Созақтағы табиғи уран өңдеу кешені, Отырардағы қуатты мақта зауыттары, Түлкібаста ашылған RC Cola сусынын өндіретін жаңа желі — бәрі өңірдің нақты өндірістік әлеуетін көрсетеді. Сайрамдағы ет комбинаты мен Ордабасыдағы алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт та толық қуатпен жұмыс істей бастаған. Жыл соңына дейін 103,5 млрд теңгелік тағы 8 жоба қосылады. Мұндай қарқынның артында аймақтың…

Толық оқу
Коммуналка Шымкент ауыз су

Шымкентте ауыз су, электр энергиясы және табиғи газбен қамту көрсеткіштері соңғы уақытта айтарлықтай жақсарған, деп жазады Ertenmedia.kz. 32 шақырым су құбыры тартылды Ресми мәліметке сай, биыл «Қызылжар-2», «Ақжайық» және «Тұран» шағынаудандарында шамамен 11 мың адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұған дейін бұл аумақтарда суды тасып пайдалану, немесе уақытпен ғана беру сияқты мәселе болған. Енді жаңа желілер тартылып, үйлерге тұрақты су келетін жағдай жасалған. Сонымен қатар демеушілердің қаражаты есебінен Текесу және Айкөл елді мекендеріне 32 шақырым су құбыры жүргізіліп, олар да орталық жүйеге қосылды. Бұл – бюджеттен тыс қаражатты пайдалана отырып, ауылдық аймақтардың жағдайын жақсартуға жасалған қадам. Электрмен қамту бойынша да…

Толық оқу
мақта өңдеу өсіру

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғайп жатқанын бүгін Астандағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Өңірдің географиялық-климаттық ерекшелігін ескере отырып, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алдық. Олар: мақта, ет және жүгері кластері. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластері құрылды. Кластер – өндірістік процестің барлық кезеңдерін қамтамасыз етеді, мақта өсіруден бастап, жіп, мата сияқты дайын тоқыма өнімдері өндіріледі. Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 201 млрд. теңге инвестиция тартылады…

Толық оқу
су тапшылығына байланысты

Премьер-министр Олжас Бектенов су тапшылығына байланысты шаруаларға қатаң талап қойды. Оның айтуынша, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың көлемін азайтпаған шаруаға су мүлдем берілмейді, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкімет отырысында премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне бекітілген лимиттен артық бір тамшы су бермеуді тапсырды. «Егер шаруашылыққа 100 гектар алқапқа ғана су бөлінген болса, ертең 101 гектар егетіндер бір тамшы су алмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен көрсеткішті бұзатын болса, бюджеттен бір тиын да өтелмейді. Осыны қазірден ашық ескерту қажет», – деді Бектенов. Сонымен қатар ол аймақ әкімдері мен жауапты мемлекеттік органдарға егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша берілген индикаторлардың қатаң сақталуын тапсырды. Үкімет отырысында…

Толық оқу