Автор: Асылхан Бөрібай

Астанада Есіл өзенінің жағасында патриоттық акция өтіп жатыр. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Жеңіс лентасы» ленталары мен төсбелгілерін таратуда,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Жеңіс лентасы» ленталарын тарату науқаны 6 мамырда басталып, 8 мамырға дейін жалғасады. Барлығы 30 мың данасын тарату жоспарланып отыр. «Бұл ленталар – ата-бабамыздың қан майдандағы ерліктерін еске алудың символы. Бұл ленталар біздің алғысымыздың кішкентай символына айналсын», – деп атап өтті іс-шараға қатысушылардың бірі. Акция тарихи естеліктерді сақтауға және бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған. Іс-шараға қатысушылар қала тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, Жеңіс күнінің маңыздылығы мен тарихи мұраның маңыздылығын еске салды. Патриоттық акция елордада Ұлы…

Толық оқу

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында қоғамдық көліктер жаңартылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысында тұрғындарды толғандырған жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер оң шешімін тауып келеді. Ордабасы ауданы көлемінде 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар жергілікті бюджеттен субсидияланып, қоғамдық көліктермен қамтамасыз етілген болатын. Әйтсе де, жолаушыларға қызмет көрсетуші мердігер мекеменің көліктерінің ескілігінен мәселе туындап, аудан әкімі Азат Оралбаев көліктердің сапасыздығын сынға алып, сала жауаптыларына кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырған. Осы мақсатта аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен жолаушылар тасымалдаушы мердігер мекеме «SARavto» ЖШС тиісті нәтиже көрсетіп, аудан көлеміндегі 13 қоғамдық көлікті жаңартуға қол жеткізді. Бүгін аудан басшысы…

Толық оқу

Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өткізіліп, еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. Акцияның басты мақсаты — азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, отаншылдық сезімі мен туған жерге деген құрметін қалыптастыру. Ерекше көңіл қоғамның белсенді және бейжай емес бөлігі саналатын жастарды тартуға бөлінді. Іс-шара аясында Қасым Қайсенов кентінде аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдерінің жағалауларында тазарту және көгалдандыру жұмыстары өтті. Акцияға студенттер, оқушылар, еріктілер, жастар мен экологиялық ұйымдардың мүшелері — барлығы 130-ға жуық адам…

Толық оқу

Алматыда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Жауынгерлік даңқ музейінің жаңа «Ашық аспан астындағы музей» бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Іс-шара Армия үйінің (бұрынғы Офицерлер үйі) аумағында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қарулы күштердің өкілдері мен құрметті қонақтардың қатысуымен ұйымдастырылды. Салтанат Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қорғаныс министрлігі мен қала әкімдігі атынан құттықтау сөздер айтылды. Жаңа экспозицияны жасауға атсалысқан әскери қызметкерлер марапатталды. Рәсімнің басты сәті – лентаны қиып, алғашқы экскурсияның басталуы болды. Жаңа экспозициялық бөлім Ш.Қалдаяқов көшесі жағындағы ашық алаңда орналасқан. Мұнда 30-дан астам түпнұсқа және қалпына келтірілген әскери техника үлгілері қойылған. Барлық…

Толық оқу

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, шегіртке зиянкесіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес барысын бақылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министр Арыс қаласы, Қожатоғай ауылына барып, арнайы штаб мүшелерімен бірге Арыс өңірінде шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларымен танысты. Өңделген аумақтарды аралап, жауапты мердігерлер мен ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшылығымен кездесті. – Препараттар жеткілікті, техника, соның ішінде дрондар бар. Бақылауды күшейтіңіздер. Барлық өңдеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Шегіртке қанаттанып үлгермеуі керек, – деді Айдарбек Сапаров. Болжамға сәйкес, 2025 жылы Түркістан облысында үйірлі шегірткелердің таралуы 372 мың гектар аумақты…

Толық оқу

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта жаңа астық өнімі экспорты 7,6 млн тоннаны құрады. Бұл – өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артық (4,8 млн тонна), – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экспорт көлемінің артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы жоғары сұранысты, сондай-ақ жеткізу географиясының кеңейіп, логистикалық бағыттардың тиімді жетілдіріліп жатқанын көрсетеді. Экспорттың негізгі бағыттары және өсім қарқыны: Өзбекстан – 2,7 млн тонна (+29,7%, 2023 жылғы 2 млн тоннамен салыстырғанда); Тәжікстан – 1,1 млн тонна (+51%, 726 мың тоннамен салыстырғанда); Ауғанстан – 270 мың тонна (+34%, 202 мың тоннамен салыстырғанда); Қырғызстан – 181 мың тонна (екі есе…

Толық оқу

Алматыда 2025 жылы 1200-ге жуық қараңғы учаске жарықтандырылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Игорь Мысик мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен үш кезеңнен тұратын жоспар әзірленді. Бірінші кезең – бұрыннан бар жарық желілерін қалпына келтіру болатын. Қазір бұл жұмыстар толығымен аяқталуға жақын: барлық қолданыстағы желі іске қосылып, техникалық қызмет көрсетіліп отыр. 2024 жылдың қаңтарынан бастап «Алматы Қала Жарық» міндетін толық көлемде атқара бастағалы бері қалада 45 мың шам ауыстырылды, 3 мыңнан астам жаңа баған орнатылды, шамамен 500 шақырым кабель желісі тартылды. Екінші кезең аясында 2024 жылы…

Толық оқу

Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды. Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі: Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және…

Толық оқу

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстық ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жиналған көпшілікті Отан қорғаушылар күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында өңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндап, облыстың дамуына қосқан үлестері үшін ардагерлерге ризашылығын білдірді. — Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең бастысы, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғауында болатын құрметті ардагерлерімізге айрықша көңіл бөлеміз», — деген болатын. Соған сәйкес біз жыл сайын ардагерлерге қолдау шараларын тұрақты көрсетіп келеміз. Өңірдің қоғамдық өміріне үлес қоса отырып, сіздер өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қолдау көрсетіп келесіздер. Осы орайда облыста іске асырылып жатқан «Әдеп-құқықтық жұмыс жөніндегі ментор» жобасына белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздер сияқты азаматтардың…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте шалғай елді мекендер мен Алакөл жағалауындағы интернет желісімен қамту мәселесі қаралды. Саладағы атқарылған жұмыстар туралы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Басқарманың мәліметінше, өңірдегі 322 елді мекеннің 78 пайызында интернет қолжетімді. 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 96 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Абай облысының елді мекендерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Жол картасы бекітілген. Соның шеңберінде аудан әкімдіктері мен жеке қаражат есебінен 23 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Оның 15-інің құрылысы аяқталған. Қалған 8 ауыл бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 171…

Толық оқу