Автор: editor

Түркістан облысында көктемгі ағаш егу, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңір басшысы Нұралхан Көшеров облыс орталығында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысып, ағаш отырғызды. Бұл игі іске құқық қорғау органдарының басшылары, Түркістан облысы мен қала әкімдігінің өкілдері, депутаттар, аға буын өкілдері, студенттер, белсенді жастар, ассамблея мүшелері және көгалдандыруға жауапты мекеме қызметкерлері қатысты. Одан соң облыс әкім Түркістан қаласында көктем-жаз мезгіліне дайындық аясында жасыл алаңдарды күтіп-ұстауға қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар мен техникалар көрмесін көрді. Жауапты мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Көрмеде үлгілік 25 түрлі техника мен құрал-жабдықтың 200 данасы таныстырылды. Бұл – көгалдар мен саябақтарды күтіп-ұстауда қолданылатын ең…

Толық оқу

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған делегация Түркияның танымал кинорежиссері Мехмет Боздақпен кездесіп, өңірде киноиндустрияны дамыту мүмкіндіктерін талқылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Киносүйер қауымға кеңінен танымал Мехмет Боздақ – тарихи жанрдағы ауқымды жобаларымен белгілі режиссер, продюсер әрі сценарист. Оның шығармашылығындағы ең ірі туындылардың бірі – түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасы саналған «Ертұғырыл» телехикаясы. Кездесу барысында Маңғыстау өңірінің тарихи-мәдени әлеуеті сөз болды. Делегация құрамындағы ел ағасы Алқажан Еділхан өңірдегі тарихи-мәдени орындар мен көне ескерткіштердің маңызын атап өтіп, бұл жерлерде түсірілетін фильмдер қазақ киноөндірісіне ғана емес, түркі әлеміне ортақ тарихи туындыларға тың серпін беретінін жеткізді. Сапар аясында қазақстандық делегация режиссердың «Боздақ…

Толық оқу

Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулердің таныстырылымы өтті. Заң жобалары туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева баяндады. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев заң нормаларын талқылау барысында болашақта жасанды интеллекті кейбір қазақстандықтардың жұмысынан айырылуына әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Жасанды интеллект – прогрестің қозғаушы күші, сондықтан оны тиімді реттеу – біздің міндетіміз. Бүгінде көптеген саланы жасанды интеллекттің көмегімен басқаруға болады. Дүниежүзілік экономикалық форум мен банктердің зерттеулері бойынша бүкіл әлемде жасанды интеллект шамамен 90 миллион жұмыс орнын алмастырады. Бұл үрдіс бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді және еңбек нарығына…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Валентина Архиповна Волкодавты туған күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қариямыз 103 жасқа толды, ол – нағыз ғасыр адамы. Валентина Архиповна 19 жасында майданға аттанып, Белоруссия мен Украина майдандарында көпірлер салу және өткелдер жасау үшін көпір салу отрядында болды. Ол Волга өзенінен Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті, II дәрежелі ҰОС ордені және медалдармен марапатталған. Соғыстан кейін Валентина Архиповна еліміздің дамуына қызмет етті. Целиноградтағы керамикалық зауытта бухгалтер болып жұмыс істеді, ал соңғы 30 жылдан астам уақытта Петропавлда тұрып келеді. «Ардагерімізге денсаулық, ұзақ өмір және отбасылы бақыт тілеп, балалар мен немерелердің қызығын көре беруге тілектестік білдірдім»,…

Толық оқу

Жетісу облысында Алғыс айту күніне орай «Алғыс керуені» басталды. Шара аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшесінің бірі «Жомарт жан» орталығы мен өңірдің іскер әйелдер кеңесі 100 отбасыға қайырымдылық көмек жасады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы, өңірде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Алдымен қалыптасқан дәстүр бойынша жұртшылық Қаратал ауданының Бастөбе ауылында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Өңір басшысының атынан жиынға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады. Сол сияқты монумент алдындағы жиында облыстық корей этномәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Виктор Пак сөз алды. «Сонау 30 жылдардағы қасіретті…

Толық оқу

Жуырда Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде тұратын Оңайовтардың шаңырағында үшем дүниеге келген болатын. Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев жас отбасына барып,сый-сияпаттарын табыстады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Айта кетсек, Шардара ауданында 2024 жылдың 17 желтоқсан күні Серік Аянат Ғазизқызы, Серік Айқын Ғазизұлы, Серік Айдын Ғазизұлы деген үшемдер дүниеге келді. Анасы Төлеген Асылзада Әбдіғаппарқызы 2000 жылы 6 қарашада Жетісай қаласында дүниеге келген. Әкесі Оңай Ғазиз Серікұлы 1995 жылы 29 қыркүйекте Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде туған. Ол Жаушықұм мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі.

Толық оқу

Бүгін СҚО-да облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Туған жерім – Қазақстаным» форумы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл маңызды іс-шара әртүрлі этностардың, қоғамдық ұйымдардың және өңіріміздің этносаралық келісімді нығайтуға және дамуға белсене үлес қосып жүрген адамдарын жинады. Форумда өңір басшысы Мемлекет басшысының Ассамблеяның 30 жылдығына байланысты құттықтауын оқыды, онда Ассамблеяның Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісім моделін қалыптастырудағы маңыздылығы атап өтілді. Ассамблея 30 жыл бойы көпэтникалық қоғамымыздың тыныштығы, тұрақтылығы мен дамуына үлкен рөл атқарды. Форум барысында облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар өңіріміздегі…

Толық оқу

Қазақстанда квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына бақылау күшейтілді, — деп хабарлайды ErtenMedia. ҚР Қаржы министрлігіне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау құзыреті берілді. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте тиісті норма болмауы квазимемлекеттік сектор субъектілерін заңбұзушылықтары үшін әкімшілік жауапқа тартуға мүмкіндік бермеді. ҚР Үкіметіне заңнамалық коллизияларды жою мақсатында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Қаржы министрлігіне тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ӘҚтК-нің 207-1-бабы бойынша) сатып алу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау құзыретін бекіту мәселесі көтерілді. 2025 жылғы 10…

Толық оқу

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі жеделдетіліп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Бұл жөнінде ресми мәлімдемелер жасалған жоқ. Алайда жабық кездесулер барысында Трамп пен Путин саммиті талқыланып жатыр. Бұрыннан мүмкін болған бұл кездесу қазір жедел түрде ұйымдастырылып жатыр», – деп жазылған CNN ақпаратында. New York Times басылымының деректеріне сәйкес, Трамп бүгін Украинаға көмекті тоқтату мәселесін талқылау үшін жиын өткізеді. Кездесуге мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен қорғаныс министрі Пит Хегсет те қатысады. Жиынның мақсаты – Украинаға қатысты саясаттың түрлі нұсқаларын қарастырып, нақты шешімдер қабылдау. Ақ үйдегі Зеленский мен Трамптың дауынан кейін Мәскеудің көңілі жайланған секілді. Себебі Украина президенті Владимир…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысанда болды. Ол көктемгі су тасқынына дайындық барысын бақылап, жылу қазандығының жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Былтыр көктемде Аягөз өзені ернеуінен асып, бірнеше ауланы су басқан болатын. Өткен жылы қауіптің алдын алу үшін өзен жағалауын бекіту жұмысы жүргізілді. Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын өзендегі су деңгейін қадағалаудан бастап, жергілікті атқарушы билікке үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. «Су басу қаупі бар облыстардың қатарында тұрмыз. Сондықтан тасқынға дайындық жұмысын күшейту қажет. Аягөз өзенінің арнасын кеңейту мәселесін ойластырыңыздар. Тиісті ұсыныс беріңіздер»,- деді облыс әкімі. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өңірдегі қырық…

Толық оқу