Автор: editor

Алматы қаласының маңындағы ауылдардың бірінде көпбалалы отбасы тұрады. Бақытты жұптың әрқайсысы алтыннан қымбат алты бірдей қызы бар. «Қыздың несібесі — Құдайдан» деп жатады ғой. Бұл отбасының материалдық жағдайы көл-көсір еді. Бірақ ұрпақ жалғастыратын ұлы болмағандықтан, отағасы Қуаттың көңілінде қаяу бар. Алайда онысын сыртқа білдірмейді. Алты қызды дүниеге әкелген Жұлдыздың жетінші перзентке аяғы ауыр. Қуаттың бұл баладан үміті зор еді. Елден қалмай гендер-пати ұйымдастырып, достарын қонаққа шақырған отбасыда үлкен жаңалық болды. Жасырылған шардың ішінен көк түсті жылтырақтар шашылғанда, ұл күткен әкенің қуанышында шек болмады. Айы-күні жетіп Жұлдыз перзентханаға жатады. Алты қызбен қоса әкелері Қуат тағатсыздана күтіп жүр. Алайда, тағдырдың жазғаны басқаша…

Толық оқу

АҚШ президентінің әкімшілігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің көпшілік алдында кешірім сұрағанын күтіп отыр. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Ақ үй Зеленскиймен қарым-қатынасты ретке келтіру үшін оның ресми түрде кешірім сұрауын қажет деп санайды. Еуропа Зеленскийге қолдау көрсеткенімен, оны Трамппен татуласуға шақырып отыр», – деп жазды басылымдар. Ақ үйдегі жанжалдан кейін еуропалық көшбасшылар Украина президентін қолдайтынын білдірді, алайда кейбірі АҚШ-пен қарым-қатынасты реттеуге кеңес беріп отыр. Ақ үйдегі дау Украина президенті Владимир Зеленский, Америка президенті Дональд Трамп және АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс арасындағы Ақ үйдегі кездесуде қызу дау туды. Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путин келіссөз жүргізуде…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Қасым Қайсенов кентінде жаңа үш қабатты заманауи емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы аяқталған,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған. Жаңа медициналық мекеме күніне 150 адамды қабылдауға қауқарлы болады. Мұнда кеңес беру-диагностикалық және алдын алу бөлімшелері, сондай-ақ күндізгі стационар палаталары қарастырылған. Жаңа емхана Ұлан ауданының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда емханаға тіркелген халық саны 29 498 адамды құрайды. «Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Біз бұл әлеуметтік маңызы зор жобаның сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Бүгінде ғимаратқа жылу жүйесі мен сумен…

Толық оқу

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінде Қызылордадағы «Достық үйінде» «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Республика бойынша біріңғай үлгіде жасалған ескерткіш, барлық өңірлерде бір мезетте ашылды. Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Ескерткіш тақта — Қазақстан халқының ынтымаққа негізделген өмір салтын насихаттау, қоғамдағы бейбітшілікті бекітудегі тарихи маңызға ие белгі.

Толық оқу

Түркістанда Алғыс айту күні құрметіне «Қоғамдық келісім» мекемесінің үйлестіруімен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. Мерекеде этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге облыс суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Түркістан облысының славян мәдени орталығының өкілдері Масленица мерекесін атап өтті. Түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, жерге сурет салу, қуыршақтар байқауы өтіп, әндер шырқалып, би биленді. Үздік деп танылған белсенді қатысушылар марапатталды.

Толық оқу

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы Масленица мерекесінде соғысты насихаттап, сөз сөйлепті. Видео әлемжеліде кең тарап жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бородавкин ел алдында: «1945 жылғы жеңіс секілді, ол күнді тағатсыздана күтіп отырмыз. Жеңістің жақын қалғанына сенімдімін…», — деп Ресейдің басқыншы саясатына көпе-көрнеу пропаганда жасаған. Журналист Ардақ Бөкееваның пікірінше, бұл кездейсоқтық емес, саналы түрде жасалған дипломатиялық арандату. Себебі Масленица Ресейдің «әскери операциясымен» еш байланысы жоқ, бейбітшілік пен татулықты білдіретін мейрам. «Елшінің мұндай жерде соғыс пропагандасын таратуы Қазақстан халқының, әсіресе, еліміздегі украин этносы мен соғысқа қарсы миллиондаған аудиторияға бағытталған арандату ретінде бағалануға тиіс», — дейді ол. Бұған дейін ұқсас жағдайда украиналық дипломат…

Толық оқу

Қонаев қаласы Шеңгелді ауылындағы амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың сәуір айында басталған. Бұл туралы Қонаев қалалық көпсалалы аурухананың директоры Айман Ракишева пресс-тур барысында мәлім етті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Мердігер компания – «Дәулет-Серпін» ЖШС. Қазіргі таңда құрылысы толығымен аяқталған. Күрделі жөндеу кезінде инженерлік желілері, шатыры, қазандығы, есік-терезелері түгелдей ауыстырылып, амбулаторияның ауласы абаттандырылған», – деді қаланың бас дәрігері. Аталған нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады, күндізгі ем алу бөлімі 10 адамға арналған. Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер қызмет етеді. Барлығы 18 маман, кадр тапшылығы жоқ. «Сондай-ақ Қазақстанда 2-3 данасы ғана бар теңдессіз лаборатория…

Толық оқу

Қонаевта жылыту қазандықтары жаңартылады. Бұл туралы орталықтың инженері Шамиль Гумаров мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Облыс орталығы мәртебесін алған сәттен бастап Қонаевта құрылыс айтарлықтай жанданды, сәйкесінше, жылу энергиясын тұтынушылар саны да өсті. Осыған байланысты және нысанның қуатын арттыру мақсатында «Жылу орталығы» ШЖҚ МКК ТҮКШ бөліміне 4 бу қазандығын ауыстыруға өтінім берді. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тендер өткізіліп, қазандықтар сатып алынды», – деді инженер. Оның айтуынша, қазандықтар 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы басталғанға дейін орнатылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ ол былтыр атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. «Былтыр қаланың 2, 4 және 5-ықшам аудандарындағы жылу жүйелері түгел ауыстырылды. Жүйенің жалпы ұзындығы — 3,077…

Толық оқу

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Құжатта: тарихи-мәдени мұраны сақтау, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау; археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу; тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу; қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау; археологиялық ескерткіштердің резерватын құру; мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру; қаланың бірыңғай келбетін, сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу; тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат…

Толық оқу

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұтас бір отбасы уланып қалған. Оқиғаның себебін анықтау үшін комиссия құрылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. 2 наурызда Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасы мүшелері уланып қалған. Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден жеті адамның мәйітін тапқан, олардың бесеуі — кәмелетке толмаған бала. Барлығы оқиға орнында қайтыс болған. Маңғыстау облысы ТЖД-нің алдын ала болжамы бойынша қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан болған. Қаза тапқандар — Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары. Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады. «Қайтыс…

Толық оқу