Автор: editor

Талдықорған әкімі Ернат Бәзіл мемлекеттік тұрғын үй қорын тексеруге қатысты «шеберлік сабағын» өткізіп, пәтерлерді түгендеу кезінде біраз былықтың беті ашылған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Анықталған 330 мемлекеттік пәтердің 284-інде заңбұзушылықтар тіркеліп, тұрғындарға ескерту жасалды. Соның ішінде 27 пәтерді мүлде босату талап етіліп, төрт тұрғынның үстінен сотқа арыз берілді. Мемлекет тарапынан берілген баспананы өздері тұрмай, жалға беріп, табыс көзіне айналдырғандар жетіп артылады екен. Әкімдік жүргізген рейд пәтерді жалға беріп, көлеңкелі табыс тауып келгендерді әшкереледі. Мұндай әрекет мемлекеттен берілетін әлеуметтік тұрғын үйдің түпкі мақсаты мен философиясына қайшы келеді. Себебі бұл баспаналар әлеуметтік осал топтарға, мұқтаж азаматтарға қолдау ретінде бөлінген болатын. Қазір 10 тұрғын…

Толық оқу

Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай салдарынан шахтада төрт кенші жарақат алды, – деп хабарлайды ErtenMedia. 28 ақпанда Хромтаудағы Дон тау-кен байыту комбинаты шахтасының өндіру блогында бұрғылау жұмыстары кезінде төтенше жағдай тіркелді. Ресми мәліметтерге сәйкес сутегі бөлінуі салдарынан төрт қызметкер зардап шеккен. «Төрт кенші Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың екеуі травматология бөліміне жатқызылды, біреуі амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді, ал бір кенші ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Оқиға бойынша тергеу басталды Полиция оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмыстарын қолға алды. «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелері…

Толық оқу

Ақтөбеде оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Полиция баланың киімі бүлінбегенін, ит тістемегенін мәлімдеді, -деп хабарлайды ErtenMedia Orda.kz-ке сілтеп. Қайғылы оқиға Ақтөбе қаласында 28 ақпанда сағат 7.30 шамасында болған. Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан 1-сынып оқушысының мәйіті табылды. Баланың өліміне қатысты сараптама жүріп жатыр. «Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы мәйіттің зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», — деді Ақтөбе облысы ПД өкілдері. Ақтөбе қалалық білім бөлімі марқұмның оқушы екенін растады. Жауаптылардың айтуынша, бала иттен қорқып кеткен. «Ит тістемеген. Таңертең үйден анасы, апасымен бірге шыққан. Анасы есік жабамын дегенше, бала аулаға бірінші шығып…

Толық оқу

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін шектеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оның айтуынша, кез келген зиян контент балаларға емес, сыни ойлау қабілеті толық қалыптаспаған ересек адамдарға да кері әсерін тигізуі мүмкін. «Қолданыстағы құқықтық нормалар аясында әлеуметтік желілерді шектеуге бағытталған бастамаларды қолдаймыз. TikTok-ты шектеу мәселесіне келсек, платформа пайда болған Қытайдың өзінде балаларға арналған шектеулер бар. Онда балалардың TikTok-та өткізетін уақыты тәулігіне 40 минуттан аспайды және контентке қатаң шектеу қойылған. Яғни балалар тек білім беретінғ дамытуға арналған материалдарды ғана көре алады», – деді Жұмаділдаева. Министрлік өкілінің сөзінше, Қазақстандағы балалар мен ересектер тұтынатын контент бастапқы форматтан мүлде…

Толық оқу

Сот шешімі бойынша Алматы қаласы Медеу ауданындағы 3-ші көше, 12-учаске бойына салынған нысанды бұзу басталды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап. Құрылысқа рұқсат беру құжаттарының пакеті жоқ, ол жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды. Меншік иесі нұсқаманың талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілді. 2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Нысанды бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің қатысуымен басталды. Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оған жауапты сала басшылары мен дін қызметкерлері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары бейнебайланыс арқылы қатысып, өңірдегі діни ғимараттардың құжаттарын заңнамаға сәйкес рәсімдеу және оның құрылыстарын реттеу мәселесі қаралды. «Облыстағы діни ғимараттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеуді назарда ұстаңыздар. Кейбір аудандарда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бірқатар аудандағы жауаптылар жұмысты ширатулары керек. Заңнамаға сәйкес, ғимараттардың құжаттары түгенделмей құрылыс жұмыстарын бастауға тыйым салынады», – деген облыс әкімінің орынбасары ғимараттардың заңсыз салынуын қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті. Сонымен бірге демеушілер мен меценаттарға әлеуметтік нысандар салу да маңызды екенін түсіндіру қажеттігі айтылды. Жиын…

Толық оқу

Премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қаржы министрі Мәди Такиев жүргізілген талдау шеңберінде салық төлеушілер шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында бұрын енгізілген арнайы салық режимдерін (СРП) пайдаланғаны анықталғанын баяндады. Министр тағы бірқатар факторды атады. «Қаржы министрінің ақпаратынан салық жүктемесін оңтайландырудың әртүрлі схемаларын қолдана отырып, міндетін адал атқармайтын кәсіпкерлер барын көріп отырмыз. Миллиардтаған айналыммен олар бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді. Бізде осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS…

Толық оқу

Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап бұл қызметті Қанат Шарлапаев атқарды. Бүгін ол Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Толық оқу

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шаралары барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табысын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төлеген. «Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заңбұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні», — деп жазылған хабарламада. Комитет мәліметінше, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді. Айта кетейік, бұған дейін желіде блогерлердің тізімі тарады. Оның ішінде Мейрамбек Бесбаев,…

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жаңа Конгресс-орталықтың құрылысы туралы айтып берді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы Алматыда мұндай көрнекті нысандар кеңес заманынан бері салынбағанын атап өтті. «Болжамды жаңа Конгресс- орталығы мемлекеттік меншікте болады. Қала бюджетінен қаражат инженерлік инфрақұрылым мен абаттандыруға бөлінеді. Сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке демеушілік қаражат тартылады», — деді Ерболат Досаев. Сондай-ақ, Алматы әкімі белсенді тұрғындарға қала дамуына көңіл бөлгені үшін алғысын білдіріп, жобаның Алматыға пайда әкелетініне сенім білдірді. «Біздің қала дамуы тиіс. Алматыда еркін мемлекеттік жер қоры жоқ, сондықтан біз жолдарды ұзарту, әлеуметтік инфрақұрылымды, қоғамдық кеңістіктерді дамыту үшін…

Толық оқу