Автор: editor

Ұлытау облысында ауылдық округ әкіміне 27 мың теңге айыппұл салынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жаңаарқа аудандық сотында ауылдық округ әкіміне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 479-бабымен (заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымға уақтылы жауап бермеу) әкімшілік іс қаралды. Істің мән-жайы 2023 жылғы 6 қарашада Жаңаарқа ауданында спорт кешенінің құрылысына арналған материалдарды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеуші А. 2024 жылғы 12 қарашада Жаңаарқа ауданының әкіміне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолдаған. Бұл құжат аудан әкімінің орынбасары М. арқылы 14 қарашада ауылдық округ әкімі С.-ға орындау үшін жіберілген. Алайда әкім ұсынымға бір ай ішінде жауап бермеген. Сот отырысында С. кінәсін мойындап,…

Толық оқу

2025 жылға Жетісу облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға бюджеттен 1,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген,— деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінесілтемежасап. Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Жетісу облысы көлемінде 2 372 км арық жүйесі, 768 км канал, 3 389 бірлік су өткізу құрылысы тазартылып, елді мекендерден 21 мың м3 қар шығарылды. Сонымен қатар 572 техника, 201 мотопомпа және 31 жүзу құралы әзір. Жетісу облысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарды қабылдайтын 235 эвакуациялық пункт бар. Өңірде су басу қауіпі бар 47 елді мекен анықталып, соның 43-інде уақтылы қабылданған шаралардың арқасында қауіп азайтылды, ал қалған 4 елді мекенде алдын алу жұмыстары жоспарға…

Толық оқу

Мемлекеттік сатып алулар сайтында Маңғыстау облысы әкімдігі шамамен жалпы құны 102 миллион теңгеге жеті кроссовер сатып алмақ деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMediaLada.kz-ке сілтеп. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтында «Маңғыстау облысы әкімдігінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көлік сатып алуға конкурс жариялағаны туралы хабарланды. «Бір өтініште екі лот көрсетілген: біріншісінде 18 990 000 теңгеге бір автокөлік сатып алу қарастырылған, екіншісінде 83 340 000 теңгеге (бірлігіне 13 890 000) алты автокөлік сатып алу қарастырылған», — деп жазылған мәліметте. «Шенеуніктер бұл мақсаттарға бюджеттен 102 миллион 330 мың теңге бөлуге дайын. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанында басталып, 3 наурызда таңғы…

Толық оқу

26 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыстық Қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс дамуының негізгі бағыттары — өңдеу өнеркәсібі, туризм, шағын және орта бизнес, көлік және логистика, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары. Аталған бағыттардың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірге соңғы бес жылда 4 трлн.теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс әкімі өңірде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — инженерлік желілерді қайта құрылымдау бағытында атқарлып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға дейін 919 шақырым инженерлік…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, аймақтың дамуына қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуде сөз алған облыс әкімі алда ауқымды міндет тұрғанын, межеленген жоба-жоспарлар көп екенін, бұл ретте мәслихат пен жергілікті биліктің қоян-қолтық жұмыс істеуінің маңызы зор екенін атап өтті. «Шәкәрім атамыздың «Адамдық борышың – халқыңа қызмет қыл» деген терең мағыналы сөзі әрбіріміздің азаматтық ұстанымымызға айналуы тиіс. Бүгінгі таңда өңіріміз үшін жауапкершілік жүгі зор. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, облысымыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету – ортақ парыз. Қазақ руханиятының алтын бесігі саналған, еліміздің тарихи орталығына айналған қасиетті Семейдің өсіп-өркендеуіне…

Толық оқу

Қызылорда облысында наурыз айындағы мерекелерді кең көлемде атап өту мақсатында түрлі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов брифингте баяндады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыз айындағы мерекелер тек табиғаттың жаңаруы мен көктемнің келуін атап өтумен шектелмейді. Бұл мерекелер халық арасында достықты, сыйластықты және бірлікті нығайтуға, еліміздің мәдени мұрасын сақтауға бағытталған. Наурыз айында өткізілетін әрбір мереке өзінше маңызды және терең мағынаға ие. Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні — биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен қатар келіп отыр. «Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл» айдарымен біз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің мызғымас…

Толық оқу

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда аудандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті. Аудан басшысы ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті. Инвесторлар Сайрам ауданы аумағынан жасыл технология негізінде Биогаз өндірісін жолға қоймақ. Мал қалдықтарын кәдеге асыра отырып, электр және жылу энергиясын жетілдіру мақсатында құрылатын зауыттың жылдық қуаты сағатына 4,95 МВт…

Толық оқу

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, іздеуде болған Тимур Сәдуақасовты Қазақстан аумағына жеткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тимур Сәдуақасов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген. 2023 жылғы шілдеде Т.Х. Сәдуақасов пен адвокат С.Н. Құрманбаев қызметтік байланыстарын пайдаланып, В.И. Долгалевтің іскерлік серіктестеріне қатысты соталды тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған. Бұл мәселені шешу үшін Т.Х. Сәдуақасов пен С.Н. Құрманбаевқа заңсыз сыйақы ретінде 225 млн теңге беру жөнінде келісім жасалған. Алайда күдіктілер параның алғашқы бөлігі, яғни 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндетін орындамаған. Кейін Т.Х.…

Толық оқу

Алматы облысының Полиция департаменті Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полиция мәліметінше, былтыр 4 қазанға қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған. «Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ, қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды», — деп жазылған хабарламада. Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелген. «Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлел, сараптама қорытындылары, жауап алу…

Толық оқу

Қазақсан халқы Ассамблеясының жас белсенділері биыл құрылғанына 30 жыл толатын ұйымның осынау мерейлі датаға ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен жетіп отырғанын айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ҚХА жанындағы Жас ғалымдар клубының тең төрағасы Анель Пимичеваның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізді мекен ететін түрлі этнос өкілдері бірлестіктерінің басы қосылған орта ғана емес, мәдениет, ғылым, білім мен өзара ынтымақтастықтың ордасына айналып үлгерген. – Бізде жас ғалымдар клубы құрылды. Бұл клуб құрылғалы бері біраз жұмысты атқарып үлгердік. Этномәдени бірлестіктердің жұмысы, әр этностың мәдениеті, олардың бірегейлігі, ерекшеліктері туралы зерттеулер жүргіздік. Бұл зерттеулер этносаралық татулықты нығайтуымен қатар жас ғалымдарға этномәдениет, этносаясат бағытында көптеген пайдалы…

Толық оқу