Автор: Асылхан Бөрібай

Абай облысы әкімі Берік Уәли Үржар ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шолпан ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Бекзат Баймұхаметұлы жеке өз қаражаты есебінен жалпы құны 55 миллион теңгені құрайтын тауарлы балық және құс шаруашылығын дамытуды қолға алды. Қожалықта негізінен ақ амур мен тұқы балығы өсіріледі. Қазіргі таңда 2 гектар аумаққа тоған салынып, 20 мың дана шабақ жіберілген. Жоба шеңберінде қонақүй салынған. Бүгінде үй құстарына арналған қораның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаға 16 гектар жер бөлінген. Ал өндірістік нысанда 5 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жалпы Үржар ауданында осы іспеттес 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпкер жобаны толық іске…

Толық оқу

Қазақстан делегациясы <span;>Вашингтонда (АҚШ) Халықаралық Валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің көктемгі кездесулеріне қатысты ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил биыл
 22-24 сәуір аралығында Вашингтонда (АҚШ) Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банктің (ДБ) көктемгі кездесулеріне қатысты. Қазақстандық делегация құрамында болған Қаржы вице-министрі ХВҚ-да Қазақстаннан балама басшы ретінде ХВҚ Швейцарлық топтың жиналысына қатысып, сондай-ақ ХВҚ Басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Күн тәртібінде экономика және даму, әлемдік экономиканың қазіргі өзекті мәселелерін шешуге байланысты халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Ресми іс-шаралардың барысында Дәурен Маратұлы негізгі халықаралық қаржы институттары мен ірі инвестициялық компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Онда Қазақстандағы экономикалық әріптестікті дамыту мен…

Толық оқу

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz/ru/) атты бірегей онлайн-порталын іске қосты. Жобаның мақсаты – Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпараттарды жеткізу. Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар. Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған. Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл портал тарихты болашақ ұрпақ үшін сақтап,…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Қайыңды ауылы бейресми «қызғалдақтың Отаны» болып есептеледі. Осы өңірде 24 сәуірден бастау алған «Ұлы даланың қызғалдағы» IV этномәдени фестивалі мәреге жетті. Айта кету керек, жусаны мен жуасы аңқыған киелі мекенде қызғалдақтың 12 түрі өседі. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, облыстық мәслихат депутаты Самат Хасанов және осы фестивальді тамашалауға келген аудан қонақтары қатысты. Фестиваль аясында көптеген тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде төртінші мәрте өткен «Қызғалдақ көктем» эстрадалық ән орындаушылар байқауын, ауданымызда алғаш рет өткен суретшілер симпозумын, Қайыңды ауылының тумасы, қазаққа 300-ден аса ән қалдырған, бір ғана әнімен жұрттың жүрегінен орын алған белгілі композитор Темірәлі…

Толық оқу

Жаңа Ахмер кентінде орналасқан Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған «SHYGYS AIBYN – 2025» атты облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Биылғы жиынның ерекшелігі – оның дәл осы әскери бөлімге Қасым Қайсеновтің есімі берілген күнмен тұспа-тұс келуі. Осыған орай, шараның ашылу салтанатына ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, облыс әкімінің атынан қатысушыларды құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, майдангерлер рухына тағзым етілді. – Бұл әскери бөлімге аты аңызға айналған батыр атамыздың есімі берілуі – сарбаздардың мойнына үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Қасым атамыздың атын ұятқа қалдырмай,…

Толық оқу

14-26 сәуір аралығында өткен бұл айтулы шара жастардың кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтерді. Чемпионаттың мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттап, кәсіби дағдыларды дамыту арқылы еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау. Сайыста 430-дан астам студент бақ сынады. Байқау қатысушылары 59 құзыреттілік бойынша сайысқа түсті. – Бұған дейін әрбір колледжде чемпионаттар өтті. Жарыстың жеңімпаздары жиналып отыр. Кейбір құзыреттіліктер колледждердің базасында өтсе, теннис орталығы базасында үш күн қатарынан 20-ның үстінде құзыреттілік бойынша өтті. Мұнда кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері жиналып отыр. Бұл жарыстың ішіне құрылыс, IT, сервис мамандықтары кіреді. Бұл – халықаралық қозғалыс. «Жұмысшы…

Толық оқу

Мемлекеттік кеңесші кешелі бері өршіп тұрған мемлекеттік тілге қатысты дауға пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.kz. Ерлан Қариннің атап өткеніндей, билік әлемжелілерде қазақ тілінің мәртебесіне қатысты әртүрлі пікір айтылып, қызу талқының тақырыбына айналғанын көріп, біліп отыр. Мемкеңесші қазақтілді аудиторияның осы тарапта ой бөліскенін, көзқарасын ашық білдіргенін құптайды. «Бірақ «билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме, даурықпа сөз. Аттанға салып, айғайға басып, жоқ жерден шу шығаратындай ештеңе болған жоқ. Мемлекеттің тілге қатысты ұстанымы сол қалпы. Қазақ тілін еліміздегі этносаралық қатынас тіліне айналдыруға қатысты бағытынан айнымай, өз арнасымен тұрақты түрде жалғаса береді. Ассамблея сессиясында Президент осыны тағы да анық айтты», -…

Толық оқу

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС-нің ірі зауытының құрылысы басталды. Құны 180 млрд теңгені зауытта каустикалық сода, поливинилхлорид, цемент, әк және кальций карбиді өндіріледі. Түркістан облының әкімі зауыттың құрылыс алаңында болып, инвестормен кездесті. Бастамаға сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   – Бүгін біз еліміз үшін аса маңызды өндірістік жобалардың бірі – «Састөбе инновациялық кешенінің» бірінші кезеңінің қондырғыларды орнату жұмыстарын бастау сәтінің куәсі болып отырмыз. «Саутс-Ойл» компаниясы қолға алып отырған бұл кешен іске қосылғанда Қазақстандағы ең ірі әк өндіруші болады. Аталған өндіріс ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге ғана емес, экспорттық…

Толық оқу

Арыста көктем басталғалы бері шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл бұл шаралар наурыз айынан басталып, жоспарға сәйкес шілде айына дейін жалғасатын болады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арыс қаласына қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әрқайсысында нақты жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі, Ақын-Жақып елді мекендері, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы елді мекендері кіреді. Бүгінгі таңда ғылыми топтың қорытындысына (нұсқамаға) сүйене отырып, дезинсекция жұмыстары екі түрлі әдіспен жүргізілуде. Дернәсілдермен күресу үшін су қоймаларына биологиялық препараттар жіберу әдісі қолданылса, шіркейлердің шоғырлану қаупі…

Толық оқу

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен отырысқа салалық министрліктер мен үш облыстың әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Кеңесте облыс әкімі Берік Уәли өңірдің өзекті мәселелері туралы баяндады,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік стандарттар жүйесі бойынша объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі 66,1 пайызды құрады. Оның ішінде Абай облысының көрсеткіші 58,1 пайыз (республика бойынша 19-шы орын). Облыстағы халықтың 40 пайызға жуығы – ауыл тұрғындары. Елді мекендегі тұрғындардың көпшілігі жол, су, жарық, интернет сияқты базалық қызметтерге толық қол жеткізе алмай отыр. Өңірдегі ауылдардың әл-ауқатын көтеру үшін кемінде 267,5 млрд теңге қажет. Бұл өз кезегінде мектептер мен…

Толық оқу