Автор: Асылхан Бөрібай

Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады. Қосымша ақпарат алу үшін 87153821201 нөміріне хабарласуыңызға болады. Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды:  Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 142 мекенжайындағы жатақхана. Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде. Барша тұрғындарды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырамыз. Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.

Толық оқу

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткен аптада кейбір дәрі-дәрмектер мен ақылы медициналық қызметтерге 10 пайыз қосымша құн салығы (ҚҚС) салынатынын мәлімдеді. Министрдің мәлімдемесі әлеуметтік желіні шулатып, ел-жұртты алаңдатып қойды деп жазады Ertenmedia.kz Жас Алашқа сілтеп. Себебі онсыз да жыл сайын қымбаттайтын дәрілердің бағасы енді тоқтаусыз шарықтай ма деп жұрт үрейленіп отыр. Рас, дәрі-дәрмек бағасы жаңа салықсыз-ақ еселеп өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының «дәрі-дәрмек бағасы соңғы екі жылда 15 пайыз қымбаттады» дегені көңіл жұбатарлық дерек емес. Өйткені нақты нарықтағы жағдай мүлде басқа. Халық күнделікті ішетін аспириннің өзі 77,8 пайызға, парацетамол 56,7 пайызға қымбаттап кеткен. Ал шетелдік дәрілердің бағасы тіпті 85 пайызға…

Толық оқу

Жетісу облысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде өңірдегі жол-көлік оқиғаларына байланысты жағдайды тұрақтандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов аталған бағытта атқарылып жатқан шаралар жайында баяндама жасады. Жол апаттарының негізгі себептері ретінде жылдамдықты арттыру, маневр жасау кезінде жол ережесін сақтамау, жол белгілеріне мән бермеу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан ережелердің бұзылуы атап өтілді. Аталған мәселелерді шешу мақсатында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында облыс аумағында республикалық деңгейдегі…

Толық оқу

Бүгін Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай, КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы – І» халықаралық театрлар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Салтанатты шараға Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер, педагог Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы келіп қатысты. Салтанатты рәсімде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет», – деген болатын.…

Толық оқу

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында жаңа шағынауданның капсуласын салу рәсімі өтті,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жалпы аумағы 60 гектарға жететін жаңа қалашықта жалпы 2300-ге жуық пәтерлі 47 көпқабатты тұрғын үй салынып, 12 мыңдай ауыл халқы қоныстанады. Құрылыс жоспарымен танысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тарихи сәттің куәгері болған жергілікті тұрғындармен кездесті. – Бүгін біз Сайрам ауданының дамуы жолындағы аса маңызды бастаманың куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында баспанамен қамту мәселесіне тоқталып өткен болатын. Осы тапсырма аясында облысымызда халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған нақты жобалар жүзеге асырылуда. Сайрам ауданында 63 мыңнан астам азамат жер телімі, ал 4 мыңнан аса…

Толық оқу

Мегаполистің тұрақты дамуы мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 2025 жылы Алматыда өсімдіктерді маусымдық өңдеу бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама аясында жасыл желектерді биологиялық қорғау құралдары пайдаланылады,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қаладағы ағаштар мен бұталарға күтім жасаудың жаңа стратегиясы заманауи биофунгицидтерді, биоакарицидтер мен бактериялық препараттарды, сондай-ақ, микротыңайтқыштарды қолдануды көздейді. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға түсетін химиялық жүктемені азайтып, табиғи биоәртүрлілікті сақтауға мүмкіндік береді. «Біз дәстүрлі және биологиялық әдістердің теңгерімді үйлесіміне баса назар аударамыз. Бұл өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан тиімді қорғауға көмектеседі және экожүйе мен қала тұрғындарының денсаулығына төнетін қауіптерді азайтады», – деп атап өтті қалалық экология және қоршаған орта басқармасы. Естеріңізге сала кетейік, 20…

Толық оқу

2025 жылдың 25 сәуірінде Абай университетінде Мансап орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Бос орындар жәрмеңкесі – 2025» іс-шарасы өтті,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында тікелей байланыс орнатып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды айқындау. Осы арқылы білім беру мазмұнын еңбек нарығының талаптарына сай бейімдеу көзделген. Іс-шара барысында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков қатысушыларды құттықтап, жұмыс берушілерге ризашылығын білдірді. Ол сонымен қатар түлектерді жұмыспен қамтуға бағытталған жобалар туралы айтты. Мансап орталығының тұрақты түрде түлектерді жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар бастамалары бар. Олардың қатарында «Жұмыс берушілер айлығы – 2025», «Сұқбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» және «Дипломмен ауылға»…

Толық оқу

Алматы облысында газдандырудың ауқымды бағдарламасы жалғасып жатыр. Соңғы маңызды оқиғалардың бірі – Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылында газ тарату желілерінің іске қосылуы,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, бұл мыңдаған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Құрылыстың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев келді. Оның айтуынша, тұрақты газбен жабдықтау — бұл тек жайлылық қана емес, ауыл экономикасының жарқын болашағы. «Газдың пайда болуы шағын бизнесті дамытуға, өндіріс ашуға, инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Бұл тұрақты өсу мен жұмыспен қамтуға бағытталған қадам. Газ Қазыбек бек ауылынан бөлек, тағы да бес ауылды қамтиды», — деп атап өтті Масабаев. Газ құбырларын жүргізу жұмыстары 2023…

Толық оқу

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мерекенің құрметіне елордада зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап түрлі концерттер мен жарыстарға дейін ондаған мәдени-спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz 29 сәуірде елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен қалада «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты зияткерлік викторина ұйымдастырылады. Осы күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп оқушылары арасында «Шаттық» байқауының гала-концерті өтеді. Мұнда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» ретро-әндерінің концерті өтеді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттер арасында түрлі этностардың қатысуымен «Би өнері – ұлттық мұра» атты ұлттық би байқауы өтеді. 30 сәуірде Esil University-де студенттердің қатысуымен…

Толық оқу

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Үкімет басшысының орынбасары сапар аясында облыс әкімі Берік Уәли және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерімен бірге «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын тікұшақпен бақылап, өрттен зардап шеккен алқаптарға әуеден мониторинг жүргізді. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 1 орман өрті, 1 дала өрті және 66 құрғақ шөптің жану фактісі тіркелген. Содан соң Қанат Бозымбаев «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметімен танысты. Мекеме директоры Дәулет Байболатов резерват жұмысы туралы баяндады. Қазіргі таңда «Семей орманы» табиғи резерватының құрамында 10 филиал мен 34 орманшылық бар. 30 өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 79…

Толық оқу