Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты. Басқосуда алғысөз алған облыс әкімінің орынбасары жастарға сапалы халықаралық білім алуға үлкен мүмкіндік туып отырғанын тілге тиек етіп, түлектерді берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды. «Құрметті жиынға қатысушылар! Бүгін Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – «Вусонг» университеті филиалының Түркістан қаласында ашылуына орай, толық ақпарат беру үшін университет өкілдері алдарыңызға келіп отыр. Бұл бастама – Түркістанды білім мен ғылымның орталығына…
Автор: editor
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстанда ең жоғарғы ай сайынғы зейнетақы төлемі 993 040 теңге екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қаңтарда бұл көрсеткіш 945 752 теңге болған. Ал зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 35 523 теңге (қаңтарда 33 906 теңге) болған. БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар. «Қазір қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 триллион теңгеге жетті. Кейінгі 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті», – деп жазылған хабарламада.
Алматыда робототехника мен дрондар жарысы бойынша қала әкімінің Кубогы үшін ірі чемпионат – Almaty Tech Cup 2025 жарысы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 3000-нан астам адам қатысты. Олар «DIVE» тақырыбы аясында суасты әлемін зерттеу мен экологиялық мәселелерді шешуге арналған инновациялық жобаларын ұсынды. Әлем чемпионатына кімдер барады? Almaty Tech Cup 2025 жеңімпаздары 2025 жылғы 16-19 сәуір аралығында Хьюстонда (АҚШ) өтетін әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстанның атынан қатысу құқығын иеленді. FIRST Tech Challenge аға санатында Алматыдағы НЗМ ХБН мектебінің PID командасы Алматы әкімінің бас Кубогын жеңіп алып, Хьюстонға жолдама алды. Сондай-ақ, АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына Қарағанды…
Олжас Бектенов цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды азайту қажет екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚР Үкіметінің отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті. Ол шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты. Бұл тәсіл министрлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. «Мен сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты», — деді премьер-министр. Еске салайық, 28 қаңтарда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Президент Үкімет қаншалықты қиын…
Демографиялық есептерге негізделген халық санының өсімі ескеріле келе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы перинаталды орталық салу жобасын жүзеге асыру басталды. Құрылысты «Самұрық-Қазына» АҚ қаржыландырады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры есебінен Сарыарқа ауданында перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімдігі денсаулық сақтау нысандарының құрылысына жеке инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл екі толыққанды жеке клиника (Нұрлыжол және Хусейн Бен Талал теміржол вокзалдарының ауданында) пайдалануға беріледі. Ал алдағы үш жылда инвесторлар есебінен тағы екі емхана салынады», – дейді ведомство басшысы Әлия Рүстемова. Сондай-ақ ол елордадағы ауруханалар мен…
Депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Қатысқан 92 депутаттың екеуі дауыс беруден бас тартқан. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Руслан Берденовке алғыс хат табыс етті. «Барлық депутаттың атынан Руслан Арысбекұлына Мәжіліс қабырғасында белсенді жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін», — деді Қошанов. Жақында Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды. Ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды. Бұған дейін ол Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған еді. Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық…
Астанада лифтіде балаға шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жасөспірімнің анасының полицияға жүгінгені туралы ақпарат тараған болатын. Оның айтуынша, ұлына санитарлар тарапынан дене жарақаты салынған. Бұл ақпаратқа байланысты полиция тексеріс басталғанын растады. «Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл іс Алматы ауданының полиция басқармасында тіркелді. Тексеріс нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданады», – деді полиция департаменті өкілі. Астананың Психикалық денсаулық орталығы жасөспірімнің анасы 102 нөміріне хабарласқаннан кейін ауруханаға полиция қызметкері келгенін мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының өкілі кезекші дәрігермен және медбикемен бірге жасөспіріммен әңгімелесіп,…
Биыл Шығыс Қазақстан облысында балабақшаларда тағы 1500-ге жуық жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Облыстық әкімдікте «Әр балаға қолжетімді сапалы білім» атты ұлттық есептің өңірлік жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Басты тақырыптар – балабақшалар мен мектептерде жаңа орындар ашу, инклюзивті және қосымша білім беруді дамыту, сондай-ақ мектеп инфрақұрылымын жаңарту. ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, өткен жылы өңірде 1970 жаңа орын ашылды, ал 2025 жылы тағы 1499 орын қосу көзделген, оның 127-сі қазірдің өзінде дайын. Алайда облыста балабақша кезегінде тұрған балалар саны әлдеқайда көп – 2-3 жас аралығындағы шамамен 2000 бала. «Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін біз…
Астанада «Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тергеп-тексеру ісін Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген. Тергеу барысында күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынғаны анықталды. Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асатыны айтылған. Сонымен қатар, салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асқан. Күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елордадағы премиум санаттағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып,…
Қазақстандық оқушылар 6 млн теңгеге дейін біржолғы төлем алуы мүмкін. Бұл туралы заң жобасын әзірлеушілердің бірі, депутат Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Оқушыларға арналған біржолғы төлем Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды қолдау қажет екенін атап өткен болатын. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары халықаралық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарына біржолғы төлем енгізуді ұсынды. Бұл төлемнің ең жоғарғы мөлшері шамамен 6 миллион теңге болады. Сонымен қатар, оқушыларды дайындаған мұғалімдерді де ынталандыру қарастырылып отыр. «Спортшылар олимпиадада жеңіске жетсе, оларға 250 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Ғылым саласындағы халықаралық байқаулар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары да Қазақстан үшін маңызды. Сондықтан бұл…
