Автор: Асылхан Бөрібай

Алматы қаласы Алатау ауданының Саялы шағын ауданында келесі жылы Инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдан бастап Нұркент шағын ауданында балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Инновациялық шығармашылық орталық табысты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда орталыққа 2 300 бала келеді. Бұл тәжірибені Саялы шағын ауданында жалғастыруға ниеттіміз, онда 2026 жылдың қыркүйегінде Инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталады деп күтеміз», — деді Ерболат Досаев. Сондай-ақ, оның айтуынша, ауданның Алғабас шағын ауданында 720 орындық жаңа Инновациялық техникалық колледждің құрылысы жалғасуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2026 жылғы қаңтар. Естеріңізге сала…

Толық оқу

Жетісу өңірінде қазірдің өзінде қала тұрғындарының 100 пайызы, ауыл тұрғындарының 99,5 пайызы сумен қамту қызметіне қол жеткізген. Ал жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтуға жататын 331-і елді мекеннің барлығы немесе 694,2 мың адам орталық ауыз су жүйесіне қосылады деп күтілуде,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2022-2024 жылдары облыста 420,5 шақырым су құбыры желісі қайта жаңғыртылып, 24 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Орталық су құбырына төрт ауыл қосылды: Қаратал ауданының Бесағаш, Бірлік және Алакөл ауданының Бибақан, Тоқжайлау ауылдары. Бұл ретте облыстағы ең шалғай елді мекен – Қаратал ауданындағы Көпбірлік ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Ауылда орталықтандырылған су құбыры болғанымен, судағы…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі мен Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдері арасында қалалар мен аудандар әкімдерінің қызметін бағалау рейтингі нәтижелері бойынша меморандумға қол қойылды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл бағалауда KPI көрсеткіштерінің орындалуына басты назар аударылатын болады. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша іс-шараларды сапалы жүзеге асыру және әрбір әкім үшін сандық немесе пайыздық мәндегі негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI, Key Performance Indicators) анықтау мақсатында облыстық жұмыс тобы өңірдің қала және аудандарына іссапармен аралады. KPI құрамына 2025 жылға арналған қалалар мен аудандардың ірі әрі маңызды жобалары енгізілді. Бұл жобалар экономиканың өсуіне, жұмыс орындарының құрылуына және салық түсімдерінің артуына елеулі…

Толық оқу

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. «Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар туралы мәлімдеді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президенттің айтуынша, бұл атаулы дата еліміз үшін ғана емес, әлемдік маңызы бар тарихи оқиға саналады. «Енді екі аптадан кейін әлемдік маңызы бар тарихи оқиға – Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Біз бұл мерейтойды кең көлемде атап өтеміз. Қазақстанның майдангерлері мен тыл еңбеккерлері – барша халқымыз Отан үшін отқа түсті. Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр», — деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының…

Толық оқу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде ел алдында тұрған қиындықтар туралы ашық мәлімдеп, қоғамдық жауапкершілік пен тәртіптің маңызын ерекше атап өтті,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президенттің айтуынша, ел ішіндегі кейбір популистер мен жауапсыз саясаткерлер қазіргі жағдайды жеке мүддесіне пайдалануға тырысып жатыр. «Тағы бір мәселе. Қазіргі күрделі жағдайды жеке мүддесіне пайдаланғысы келетін түрлі популистер мен саясаткерсымақтар бар. Ел мүддесіне қастық ойлаған ондай адамдарға тұтас қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Алда күрделі кезең келе жатыр. Оңай болмайды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ. Мен көп жағдайда «Бұл қиындық та артта қалады» деп ашық айтамын. Сол сөзімді осы жерде тағы қайталағым…

Толық оқу

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы сөз еркіндігі, бейбітшілік, этносаралық келісім және сыртқы ықпалдар мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президент ел ішінде де, одан тыс жерде де қоғамда алауыздық туғызуға бағытталған әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын айтты. «Күріш пен күрмекті, конструктивті сын мен дәлелсіз мін тағуды, көңілге тимейтін пародия мен жиіркенішті қорлауды айыра білу маңызды. Заң алдында бәрі тең. Сол себепті біз еліміздегі этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатудың жолын кесіп келеміз, бұдан әрі де қатаң тосқауыл қоямыз. Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен…

Толық оқу

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мәселесі мен ел ішіндегі бірлікке қатысты маңызды мәлімдеме жасады,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президенттің айтуынша, бүгінде қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келеді. «Бүгінде түлектердің 80 пайызға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады. Биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде оқитын болады», — деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы азаматтардың бір-біріне қандай да бір тілді қолдануды талап етуіне жол берілмеуі керектігін атап өтті. Тілге қатысты кез келген арандату әрекетінің жолы заң жүзінде кесіледі. «Әрине, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп…

Толық оқу

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президент Ассамблеяның аймақтардағы қызметін жандандыру қажеттігін ерекше атап, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы нақты тапсырмалар берді. Президенттің айтуынша, Түркістанда ашылған жаңа Достық үйі – елдегі рухани және тарихи-мәдени бастамалардың нақты көрінісі. Осы тәжірибені негізге ала отырып, Алматы облысында да осындай орталық салу жоспарланып отыр. «Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ашу керек. Сонымен қатар Достық үйлері тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарланып отыр. Мен бұл…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына қатысты,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи маңызын атап өтті. «Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты», — деді Тоқаев. Мемлекет басшысы Ассамблеяның қазіргі рөлі мен ықпалын түсіндіріп өтті. «Ассамблея тарихы еліміздің егемендік жылнамасымен…

Толық оқу