Автор: Асылхан Бөрібай

Саясаткер Азамат Әміртай Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне атүсті қарауға болмайтынын ескертті деп жазады Ertenmedia.kz. Айта кетелік, ресейлік дипломат Тоқаевтың Петербор форумындағы уәжіне қарсы келіп, «аумақтық тұтастық өз жеріндегі барлық халықтың мүддесін толық қорғай алған елдерге ғана сақталуы тиіс» деген болатын. Осы арқылы Кремль БҰҰ жарғысын елей бермейтінін тағы бір рет аңғартқан болатын. «2022 жылы президент Тоқаев БҰҰ жарғысын алға тарта отырып, Украинаның Ресей жаулап алған Луганск мен Донецк аймағын жеке мемлекет ретінде мойындамайтынын тайға таңба басқандай қадап тұрып айтқан. Арада үш жыл өткен соң, Лавров Тоқаевтың айтқанына қарсы шығып отыр. Неге үш жылдан кейін? Мәскеу Ресейдің Украинаға…

Толық оқу

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығының» басшысы әлеуметтік желідегі жазбаларға лайк баспағандарды жазалағаны туралы ақпарат тарады. Мәселеге жауаптылар пікір білдіріп, «істі сабырмен шешуге болар еді» деп жауап қатыпты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Даудың басы Бұл жайлы желіде журналист Диас Нұрақын жазды. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері әлеуметтік желілерде басшылықтың әрекетіне шағымданған. «Шымкенттегі “Жастар ресурстық орталығының” басшысы әлеуметтік желідегі “акиматовский” жазбаларға лайк баспаған қызметкерлерін жаппай жазалай бастапты. Тіпті лүпіл қоймағандарды тізімдеп, жиналыста жұрттың көзінше масқаралайтын көрінеді. Жиналысқа салғаны былай тұрсын, бұйрық шығарып ресми түрде “ескерту” жасалыпты», — деді журналист. Жауаптылардың пікірі Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Әйгерім Жұмағалова бұл…

Толық оқу

Алматыда марафон шарасына байланысты 20 сәуір күні мегаполисте бірқатар қоғамдық көліктердің жүріс бағыты уақытша өзгереді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Осыған байланысты таңғы сағат 06:00–ден 11:30–ға дейін 68 автобустың бағыты өзгеріп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады. «Әрбір маршруттың уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасына кіріп толық танысуға болады», — деп хабарлады әкімдіктен. «Смелость быть первым» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon-ға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған. Марафон бірнеше қашықтық бойынша өтеді: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, сондай-ақ скандинавиялық жүрістен 10 км және Экиден командалық эстафетасы. Жарыс жолы Тұңғыш Президент саябағынан басталып, одан әрі әл-Фараби даңғылымен өтіп, Орталық стадионда…

Толық оқу

Ұлан ауданында жақын уақытта бірден үш маңызды әлеуметтік нысан пайда болады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қасым Қайсенов ауылындағы екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан, сапалы білім берудің заманауи талаптарына сай келетін орта мектеп 320 балаға арналған. Алайда оқушылар саны артып, оқу кабинеттеріне сыймай жатыр. Мектепте оқу кабинеттері мен спорт залы жетпейтіні байқалуда, бұл оқу үдерісін ұйымдастыруға кедергі келтіреді әрі мемлекеттік білім беру стандарттарына сай емес. Жыл сайын оқу жылының басына қарай ауылдағы оқушылар саны 200 адамға артып, жұмыс істеп тұрған оқу орындарына қосымша салмақ түсіреді. — Халық пен оқушылардың саны артқанын ескере отырып әрі мемлекеттік білім беру стандарттарын сақтау үшін 600…

Толық оқу

Бородулиха ауданында көктемгі дала жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Сол себепті егіс науқаны биыл да ерекше назарда. Ауа райының жағдайын ескере отырып, көктемгі егін жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Сәуір айының өзінде-ақ 164.3 мың гектар алқаптың топырағы ылғал ұстап қалу үшін өңделген. Бұған дейін күзгі кезеңде 209 мың гектар алқап өңделіп, 6 054 гектар жерге күздік дақылдар себілген. 2025 жылға арналған өндірістік бағдарлама аясында 230 мың гектар жердің топырағын ылғал сақтау мақсатында өңдеу, 100 мың гектарда көктемгі жер жырту және 315 мың гектарда егіс алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда…

Толық оқу

Роботтандырылған ферма, «Украинка» шаруа қожалығының жұмыс істеп тұрған сүт-тауар фермасы және Украинка ауылындағы «Жер-Су» жылыжайы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов барған әлеуметтік маңызы бар нысандар қатарында болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Украинка» шаруа қожалығы ірі қара мал өсірумен, әсіресе сүт өндіру бағытымен шұғылдануда. Қожалықтағы ірі қара мал басы – 889, оның ішінде 346-сы сауынды сиыр. Бір фураждық сиырдан сауылатын сүт көлемі 4800 килограммға жеткен, ал жалпы сүт өндірісі – 1666,4 тонна. Өндірілетін сүттің сапасы барлық белгіленген талаптарға сай келіп, оның қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығы жоғары деңгейде екені расталған. Сондай-ақ есепті кезеңде 26,5 тонна ет өндірілген. Қожалықтың меншігінде 650,9…

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті. 6 күнге созылған іс-шараға әлемнің 8 мемлекетінен келген суретшілер қатысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Олардың қатарында Үндістан, Түркия, Әзербайжан, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден және Қазақстанның әр өңірінен келген танымал суретшілер мен профессорлар бар. Онда 120-дан астам шығармалар ұсынылды. Бұл – қылқалам шеберлерінің ерекше мәртебеге ие болған Түркістанды ұлықтауға қосқан үлестері. Симпозиумның қорытындысы ретінде «Конгресс холл» кешенінің фойесінде халықаралық суретшілер симпозиумының шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Қылқалам шеберлерінің Түркістанның қазіргі бейнесі бейнеленген суреттері жұртшылыққа ұсынылды. Симпозиумның қорытынды…

Толық оқу

2025 жылдың 20 сәуірінен бастап Алматыда жасыл желектерді биологиялық өңдеу маусымы басталады. Іс-шаралар ағаштардың жағдайын жақсарту, олардың зиянкестерге төзімділігін арттыру және қалада экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында өткізіледі, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жұмыс түнде жүзеге асырылады: тікелей күн сәулесінің болмауы баяу булану арқылы зиянкестерге қарсы құралдардың ұзақ әсер етуіне ықпал етеді. Ағымдағы жылға арналған өңдеу жоспары жалпы аумақтағы 2,3 миллион жасыл кеңістікті қамтиды. Жұмыстарды пестицидтерді өндіруге және қолдануға лицензиясы бар мердігер ұйымдар төрт кезеңде орындайды: I кезең: 20 сәуірден 30 мамырға дейін-бірінші өңдеу (төрт рет емен және екі рет терек өңдеуді қосқанда); II кезең: 1 маусымнан 30 маусымға дейін-екінші өңдеу; III…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Салалық басқарма басшысы, өңірдегі су шаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысқан жиында аймақтағы суармалы жерлердің көлемін арттыру, жаңа су қоймаларын салу және су инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері талқыланды. 2024-2028 жылдар аралығында облыстың Үржар, Мақаншы, Ақсуат, Көкпекті аудандарында су қоймаларын салу жоспарланған. Жоба іске асқан жағдайда суармалы жерлер орта есеппен 100 мың гектарға дейін ұлғаяды. Бұл өңірдегі агросектордың дамуына, өнім көлемінің артуына және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Су ресурстары және ирригация министрі кездесуде жоғарыда аталған су қоймаларын Ислам даму банкі арқылы қаржыландыруға мүмкіндік бар екенін…

Толық оқу

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Тілендиев көшесі, 137-үй мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын мәлім етті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұған дейін басқарма жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, меншік иесіне (жеке тұлға) рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданған. Анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, кейін нысанды бұзу туралы талап арыз сотқа жолданған. 2024 жылы 23 мамырда Алмалы аудандық соты басқарманың талап арызын қанағаттандырып, нысанды заңсыз деп таныды. Ал өткен жылдың 20 тамызында Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі ғимаратты бұзу жұмыстарын бастап кетті. Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа…

Толық оқу