Кеше ШҚО-дағы Зайсан ауданында қамыс пен құрғақ шөптің жануынан өрт шығып, дер кезінде толық сөндірілді. Тілсіз жау батпақты, өту қиын жерде тұтанып, шамамен 840 гектар аумақты шарпыған болатын. Жел екпініне қарамастан, құтқарушылар кәсіби шеберлік танытып, елді мекендерге қауіп төндірмеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Табиғаттың дүлей күшімен бетпе-бет келгенде, бірінші болып қауіптің ортасына аттанған — өрт сөндірушілер мен тікұшақтағы экипаж мүшелері еді. Тұтанған өртті сөндіру бірнеше сағатқа созылды. Мамандар ештеңеден тайсалмай, бар күш-жігерін салды. Әуеде қалықтап жүріп, отқа су бүріккен тікұшақтардың әр қозғалысы — нақты есеп пен шеберліктің көрінісі. – Kазспас жұмысы туралы нақты айта алмаймын, өйткені олардың неше рет су…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей медицина университетіне барып, оқу орнының қызметімен танысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазіргі таңда университетте 6 мыңнан астам студент оқиды. Оқу орнына қарасты филиалдарды қоса алғанда 3167 адам жұмыс істейді, 400-ден астам профессор-оқытушы қызмет етеді. Олардың ішінде 35 ғылым докторы, 133 ғылым кандидаты, PhD докторлар мен тәжірибелі медицина мамандары бар. Университет құрамында 60-қа жуық кафедра мен ғылыми-зерттеу бөлімшелері жұмыс істейді. Оқу орны халықаралық серіктестікке басымдық береді. Әлемнің 70-тен астам жетекші университеттерімен байланыс орнатқан. Шетелдік студенттер қатары жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда 10-нан астам елдің 500-ге жуық азаматы осында оқып жүр. Облыс әкімі университеттің…
Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев төрағалығымен Оңтүстік Кореяның RETD CO., LTD компаниясы делегациясымен ресми кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – Алматы мен Қонаев қалаларын жалғайтын перспективалық маглев негізіндегі жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын талқылау болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуді ашқан Рустам Исатаев көлік инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық маңыздылығына тоқталды: «Алматы облысы – инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға басымдық береміз. Маглев технологиясын қолданатын LRT жобасы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі», – деді облыс әкімінің орынбасары. RETD CO., LTD компаниясының атқарушы директоры Ли Чан Ук…
Елордада балалардың терезеден құлап кету қаупіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша кеңес және профилактикалық рейд өтті. Іс-шараға Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп бастамашы болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Кеңес тұрғын үй басқармасы, аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар және полиция департаменті өкілдерінің, сондай-ақ МИБ, ПИК төрағалары мен басқарушы компаниялардың қатысуымен өтті. Қатысушылар тұрғындарды үнемі хабардар етуді және тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен тығыз қарым-қатынасты, сол сияқты алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Маликтің айтуынша, МИБ төрағалары мен тұрғындар арасында түсіндіру…
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр — бұл қоғамдық институт Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған. Дәл осы Алматыда Ассамблеяны құру туралы шешім қабылданып, қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісінің негізгі қағидаттары қалыптастырылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыс өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальды этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, мәслихат депутаттарына және Ассамблея ардагерлеріне табыс етті. Олар еліміздегі этносаралық келісімді дамытуға айтарлықтай үлес қосқан. «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ассамблеяның халықтық дипломатияның бірегей институты ретінде маңыздылығын әрдайым атап…
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округіндегі «Завод Автотехнологий» өндіріс орны – өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі. Аудан әкімі Арман Сәбитов аталған кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Зауыт жұмысын кәсіпкер Керімбек Адишев жетекшілік ететін команда жүзеге асыруда. Жоспар бойынша өндіріс орны 2025 жылдың маусым айында іске қосылады. Онда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жоба аясында арнайы мақсаттағы автокөліктер құрастырылады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 500 дана арнайы техника шығаруға жетеді. Бұл бастама отандық машина жасау саласындағы серпіліс болмақ. Жобаны қаржыландыру жеке инвесторлық қаражат және жеңілдетілген несие есебінен қарастырылған. Техникалық құрал-жабдықтар Қазақстаннан, ТМД елдерінен және алыс шетелден жеткізіледі. Бұл зауыттың технологиялық…
Кеше өртке қарсы дайындық, су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты. Аймақ басшысы Үкімет отырысынан кейін жиын өткізіп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Статистикалық деректерге қарағанда, еліміздегі төтенше жағдайлардың 90 пайызы өрт салдарынан болады. Өңіріміздің құрғақ, желді климатын ескерсек, дала өрттерінің тұтану, тез таралу қаупі аса жоғары. Дала өрттерінің алдын алу үшін тұрақты мониторинг жүргізіп, тиісті шараларды дер кезінде қамтамасыз ету қажет. Орман, дала өрттерінің басым бөлігі тұрғындардың, шаруашылықтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, жауапкершілікті сезінбеуінен туындайды. Жергілікті шаруашылықтар тазалық жұмыстарын жүргізерде орман мекемелеріне…
Жетісу облысы құрылғалы бері 30 спорт нысаны жаңадан салынып, 3-еуі күрделі жөндеуден өткізілді. Осылайша үш жыл ішінде спорт саласының инфрақұрылымын жаңарту деңгейі 55,8%-ға жетті. Атап айтқанда 2022-2024 жылдар аралығында елді мекендерде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 спорт кешені, 2 күрес залы, 10 блок-модульді спорт кешені, 2 футбол манежі, 2 ангар үлгісіндегі спорт кешені, мұз аренасы, стадион, спортшыларға арналған тұрғын үй, үстел теннисінің орталығы, волейбол орталығы және волейболшыларға арналған тұрғын үй салынды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сол сияқты Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласындағы стадиондарға күрделі жөндеу жүргізілді. Соның арқасында халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт…
Алматыда WorldSkills Almaty-2025 чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz 30 негізгі құзыреттілік бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатқа ие болды. Жүлде қоры шамамен 10 миллион теңге: әр номинация бойынша бірінші орынға — 150 000 теңге, екінші орынға — 100 000 теңге, үшінші орынға — 50 000 теңге табысталды. Енді үздіктердің үздіктері Алматы атынан WorldSkills Kazakhstan-2025 Республикалық чемпионатында (Астана қаласында) бақ сынайды. Ал республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткендер 2026 жылы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтетін WorldSkills кәсіби шеберлік бойынша халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды. Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев сайысқа қатысушылармен кездесіп, олардың…
Жетісу облысында өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы XXXIV сессиясына қатысу мәселелері, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды. Облыс әкімі Бірлік күні қарсаңында «Бірлік жүгірісі» спорттық жүгіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясының ашылуын тілге тиек етті, –деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен онжылдықта Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институтына айналғанын атап өткен Бейбіт Исабаев ҚХА жүзеге асырылған, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға тоқталды. – Өткен жылдан бері өңірде «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы жұмыс істеп келеді. «Қайырымдылық керуені» және «Мектепке жол» қайырымдылық акциялары аясында…
