Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Биылғы сайысқа Қазақстанның 20 өңірінің колледждерінен келген 2 мыңға жуық студент қатысуда. «Түркістан арена» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, спортшылларға сәттілік тіледі. – Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж студенттері арасында ұйымдастырылған алғашқы «Еңбек кубогы» республикалық спартакиадасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Республикалық спартакиаданың еліміздің қасиетті де тарихи мекені – Түркістан қаласында өткізіліп отырғаны зор маңызға ие. Бұл өңір – ел бірлігінің, өркениет пен мәдениеттің, жасампаздықтың…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Қонаев қаласындағы Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 34-сессиясына арналған облыстық ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Бұл шара Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған айтулы оқиғалардың бірі болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңес отырысын Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ашып, қатысушыларды мерейлі датамен құттықтады. Өз сөзінде ол: «Тұрақтылық пен этносаралық келісім – ел дамуының негізі. Ассамблея бұл бағыттағы маңызын үнемі дәлелдеп келеді. Ол – қоғамдағы бірліктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің тірегі», – деп атап өтті. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, облыстық Ассамблея төрағасының…
2025 жылғы 15 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Кеңесі өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, этномәдени бірлестіктер басшылары, құрылымдық бөлімшелер мүшелері, БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты. Шара басында «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы жетістіктері мен нәтижелері туралы сөз қозғалды. Кеңес барысында этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің төрағаларының тізімі бекітіліп, өңірлік құрам жаңартылды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына дайындық мәселелері талқыланды. Кеңес соңында бірқатар белсенді ҚХА мүшелері «Қазақстан халқы…
Алматыда «Alatau-Aqparat» медиахолдингі мен Қырғыз ұлттық “Кабар” ақпараттық агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты іс-шараға Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Женишбек Асанкулов та қатысып, бауырлас елдер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың әр салада ынтымақтастықты арттыру саясатының жемісті жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Alatau-Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы «Ежелден еншісі бөлінбеген екі елдің БАҚ саласындағы байланысы өте маңызды. Жаһанданған дәуірде ең жақын бауыр әрі көрші елмен әсіресе, ақпарат саласындағы бірлік, түсіністік пен қолдауды арттыру заман талабы. Бір-бірімізден үйренетін әрі бір-бірімізге үйрететін дүниелер көп»,- деді. Өз кезегінде Қырғыз ұлттық “Кабар” ақпараттық агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев алда бірлесе атқарар…
Батыс Қазақстан облысында төрт теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары басталды. Реконструкциялау теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, ол көлік-логистикалық секторды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала беретінін бірнеше рет атап өтті. Жұмыс Орал, Ақсай, Шыңғырлау және Семиглавый Мар бекеттерін қамтиды. Барлық нысандардың тарихи маңызы бар және аймақтағы көлік қолжетімділігін және халықтың ұтқырлығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде облыста 7 бағытқа қызмет көрсететін 14 пойыз бар. Ең ірі нысан 1983 жылы салынған Орал қаласындағы теміржол вокзалы болмақ. Оның ауданы 5716,1 м², өткізу қабілеті тәулігіне 900…
Сауран ауданында көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шара Түркістан – Кентау автомобиль жолының бойында, атап айтқанда Оранғай және Иассы ауылдық округтерінің аумағында өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тазалық акциясына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған аудан активі, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, дін өкілдері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар — барлығы 600-ге жуық адам қатысты. Шара барысында ұзындығы 21 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойы тазартылып, қоқыс қалдықтары жиналды. Сонымен қатар ретсіз өскен ағаш бұталары кесіліп, ағаш түптері әктелді. Жалпы тазалық жұмыстарына 20 дана техника жұмылдырылды. Аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаны…
ШҚО-да мердігерлік ұйым жаңа әуежайдың құрылысы барысында зақымданған республикалық маңыздағы «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының бүлінген бір бөлігін қалпына келтіреді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сөз 252-ші шақырымнан 311-ші шақырымға дейінгі жол учаскесі туралы болып отыр. Бұл бөліктен құрылыс материалдары жеткізілуде. Ауыр техниканың қарқынды қозғалысы салдарынан жол жабыны мен инженерлік құрылыстар зақымдалған. Сонымен қатар, жолдың бүлінуіне көктемгі маусыммен сәйкес келуі де себеп болды, бұл кезде жол жабыны артық ылғалдануға ұшырайды. Мұндай жағдай жолдың көтергіш қабілетін төмендетіп, жамылғының бұзылуына тікелей әсер етеді. Жолды өз қаражатына қалпына келтіру міндеттемесін компания бас мердігерлермен үшжақты келісім арқылы бекітті. Компания…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық институттардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде облыста 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жыл басынан бері қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Кеңесте сөз алған облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің бірегейлігін айқындайтын, азаматтық тұтастығын арттыратын, этносаралық келісімді нақты іспен жүзеге асыратын маңызды қоғамдық институт екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық-саяси реформаларының нәтижесінде бұл маңызды институттың қызметіне тың серпін, жаңа мазмұн беріліп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Президентіміз:…
«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмін дайындап шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңа анимациялық туынды «Түркістан сақшылары» деп аталады. Идея авторы — телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы – бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған. Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға — 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ, ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциалық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты. Фильм сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды…
Су тасқыны басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ол Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда 27 жерден су тасып өту жағдайы тіркелгенін, олар 4-5 күн ішінде тоқтатылғанын атап өтті. Қазіргі таңда 2 учаскеде су тасуы әлі де жалғасуда. Өңірде 8 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру және нығайту, Петропавл су торабы маңындағы айналма каналды салу және Соколовка маңындағы Есіл өзенінің арнасын түзету жұмыстары аяқталды. Шаруашылық есебінен Новоникольское ауылында су басу қаупін азайту мақсатында айналма канал салынды. Аталған каналдардың жұмысы тиімділігін көрсетті. Елді мекендерден 1,5 млн…
