Автор: editor

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Қонаев әкімдігі түрлі салада қызмет етіп жүрген кейіпкерлермен оқырманды таныстыруда, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бүгінгі Еңбек адамы – Гүлбаршын Қамбарова. Ол – 5 баланы тәрбиелеп отырған ана. Бұдан бірер уақыт бұрын үйінен тосап, салат жасап, елге сата бастаған. Кейіннен мемлекеттік грант алып, өз ісін ашқан. «Жасаған тағамдарға «Ayim» деген ортақ атау беріп, бренд еттім. Мемлекеттік грант алған соң, дүкен ашып, қолдан жасалған тосап, салаттарымды, сусындар, жеміс-жидек сата бастадым. Қазір айлық табысымыз жақсы шығып жатыр. Жұбайым да, балаларым да көмектеседі», – дейді әйел. Сонымен қатар ол мемлекеттік қолдауды барынша қолданып,…

Толық оқу

Абай университетінің бастамасымен 2022 жылы өмірге келген «Педагогикалық сынып» жобасы бүгінде өз жемісін беріп келеді. Өйткені бұл жоба орта мектеп түлектерін кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытуға және үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіне бағытталған педагогикалық мамандық туралы түсініктері қалыптастыруына зор мүмкіндік береді. Яғни болашақ маман мектеп қабырғасында жүріп, өзін болашақ педагог ретінде қалыптастыра алады. Осы мақсатта және орта мектеп мұғалімдеріне оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен рәсімдеу бойынша әдістемелік қолдау көрсету үшін Түркістан облысы Білім басқармасының Кентау қаласы білім бөлімінің басшысы А.Ауелбековтың және Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.А.Мақұлбековамен бірлескен семинар 2025 жылдың 13 ақпанында Ю. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицей базасында өтті.…

Толық оқу

Миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі «Қазақмыс» корпорациясына қарасты шахта опырылып, жеті адам қаза тапты. Компания төтенше жағдайдан кейін мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Компания алғашында төтенше жағдайдың алдын ала себебін жариялады. «Алдын ала мәліметтер бойынша «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетіп жатыр. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — деп жазылған хабарламада. Артынша марқұмдардың отбасыларына көрсетілетін көмек мөлшері аталды. «Қазақмыс ұжымдық келісімшартта көзделгендей, «Жомарт»…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілер қаза табуына байланысты көңіл айтты , — деп хабарлайды ErtenMedia. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажет көмек көрсету туралы тапсырма берілді. Мән-жай Айта кетейік, 2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде шахтада тау-кен массасы опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалды. Кабельдер үзілуіне байланысты олармен байланыс жоғалды. Апатқа байланысты құтқару жұмыстарына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығының…

Толық оқу

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Салдарынан жеті жұмысшы мерт болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ресми мәліметті Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады. «Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — деп жазылған хабарламада. Мән-жай Айта кетейік, 2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде шахтада тау-кен массасы опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалды. Кабельдер үзілуіне байланысты олармен байланыс жоғалды. Апатқа байланысты құтқару жұмыстарына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД бөлімшелері, Апаттар медицинасы…

Толық оқу

Елорданың Есіл ауданында заңсыз салынған 32 дүңгіршек бұзылды, — деп хабарлайды ErtenMedia елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Заңсыз қойылған сауда нысандары тек жер заңнамасын бұзу ғана емес, сонымен қатар аудан тұрғындары үшін де бірқатар қолайсыздықтар тудырады. Мәселен, қоғамдық кеңістіктердің бірінде орналасқан көкөніс дүңгіршегі жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, тұрғындар үшін қолайсыз жағдай тудырған болатын. Бұған қоса, мұндай нысандар қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізеді, санитарлық талаптарға сәйкес келе бермейді және кейбір жағдайларда қауіпсіздік нормаларын өрескел бұза отырып орнатылады. 2024 жылы әкімдік мамандары тұрғындар шағымымен мониторинг жүргізу барысында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін заңсыз иемденген 32 нысанды анықтады. Жыл соңына дейін олардың барлығы да…

Толық оқу

Жуырда әлеуметтік желіде Шерзат Болаттың ісі бойынша күдіктілер бір камерада туған күн тойлағаны жайлы видео тарап кетті. Жәбірленуші тараптың адвокаттары күдіктілер неге бір камерада отыр деген сауалға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қоғамда дау туғызған осы видеодан кейін Шерзат Болаттың отбасының адвокаттары баспасөз мәслихатын өткізді. «Заңға сәйкес бір қылмыс бойынша күдіктілер бір камерада отыра алмайды. Шерзаттың өліміне күдіктілер қалайша бір камерада отыр?»- деп сұрады журналистер адвокаттардан. Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Адаевтың сөзінше, бұл жайт, шынымен де, заң бұзу болып саналады. «Алматы облысының Полиция департаментіне сауал жолдадық, онда күдіктілер қайда ұсталатыны, қандай мекемелерде, қандай уақытша ұстау изоляторларында отырғаны туралы мәлімет…

Толық оқу

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот қашан басталуы мүмкін екені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Адвокаттың мәлімдемесі Жәбірленуші тараптың адвокаты Саида Тәукелеваның айтуынша, қорғаушы тарап іс материалдарын зерттеп үлгерген. «Үлкен көлемде болғанына қарамастан, қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтадық. Қазір екінші тарап қылмыстық іс материалдарын зерттеуге кірісті. Олар зерттеуді аяқтаған кезде тергеу органы бізге хабарлайды. Кейін сот отырысы қашан басталатыны түсінікті болады. Бірақ болжам бойынша наурызда іс сотқа берілуі мүмкін. Наурызда Шерзат Болаттың өлімі бойынша тыңдаулар басталуы мүмкін», — деді ол. Оқиға хронологиясы 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат қаза тапты. Қылмыс жасады деген күдікпен…

Толық оқу

Шерзат Болаттың ісі бойынша күдіктілерден ұялы телефон, Алиса құрылғысы тәркіленген. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia Ulysmedia-ға сілтеп. Адвокаттар құқық қорғау органдарына сұрау жіберген. Желіде тараған оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы уақытша ұстау изоляторында болған. Адвокат Ерлан Адаевтың сөзінше, бұл жағдай бойынша құзырлы органдардан толық ақпарат сұратқан. «Еңбекші қазақ ауданындағы лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс аяқталды. Қорытынды Алматы облысысың полиция департаментіне жіберілді. Іске қатысты лауазымды тұлғалардың бәрі де анықталды. Олар тәртіптік комиссия шешімімен жазаға тартылады. Тергеу изоляторында қолданылған заңсыз заттардың бәрі – мобильді телефон, Яндекс-колонка тәркіленіп, қызметтік тергеу матерталдарына тіркелді. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді», – деді ол. Бұған дейінгі оқиға Айта кетейік, Шерзаттың…

Толық оқу

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекетаралық іздеуде жүрген Тимур Сәдуақасов соттан жасырынбақ болған кезде ұсталған. Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, Тимур Сәдуақасов мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталған. Оған Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Сәдуақасов тергеу изоляторына қамауға алынған. Қазір оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалып жатыр», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Сәдуақасовқа алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған болатын. 2023 жылы шілдеде Сәдуақасов және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат Құрманбаев…

Толық оқу