Автор: editor

Петропавлда өткен Премьер-министр Олжас Бектеновтің бизнес қоғамдастықпен кездесуіне кәсіпкерліктің әртүрлі салаларының 60-қа жуық өкілі, соның ішінде ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ ШОБ, микробизнес және жеке кәсіпкерлік өкілдері қатысты. Отырысты ашқан Олжас Бектенов басқосудың басты мақсаты салық-бюджет реформасына қатысты тәсілдерді жан-жақты талқылау, сондай-ақ қоғамда пікірталас тудырып отырған сұрақтарға жауап беру екенін айтты. Үкімет басшысы салық жүйесіндегі кез келген өзгерістердің, ең алдымен бизнеске қатысы барын, алайда мемлекет тұрақты инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге мүдделі екенін жеткізді. – Қазіргі уақытта бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бағытында жұмыс істеу қажет. Осыған дейін даму бюджетінің деңгейі төмен болды. Салық мөлшерлемелерін төмендету және көптеген…

Толық оқу

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы жаңа аукцион туралы хабарлады. Осы жолы сатылымға эксклюзив сағаттар қойылды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сағаттар тек сыртқы көрінісімен емес, бағасымен де таңғалдырады. Бір-бір үйге татиды. Атап айтқанда, Bovet Fleurier Grand Complications Amadeo Fleurier қалта сағаттары 28 830 399 теңгеге сатылып жатыр. Кепілдік жарнасы – 4 324 560 теңге. Сағаттар ақ алтын мен сапфир әйнегінен жасалған. Ол 50 дана шектеулі серияда шығарылған. Тағы бір эксклюзив – Patek Philippe Nautilus қолсағаттары, олардың бастапқы бағасы — 31 281 600 теңге. Сағаттар ақ алтыннан жасалған, ал бауы қолтырауын терісінен тігілген. Кепілдік жарнасы – 4 692 240 теңге. Осы фирманың тағы…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы барып, облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында облыс басшысы жергілікті журналистермен тілдесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сол сияқты облыстық БАҚ-тардың материалдық-техникалық базасымен танысты. Ақпарат құралдары қызметкерлерінің аймақты дамытудағы рөлін атап өткен өңір басшысы бұл салаға тұрақты қолдау көрсетілетінін айтты. Еске салсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша белсенді ақпараттық жұмысы үшін «Jetisy» телеарнасы «Үздік мекеме» атанып, жаңа студия сыйға тартылған болатын. Оған қоса, облыс басшылығының қолдауымен биылғы жылдың басынан облыстық БАҚ қызметкерлерінің жалақысы 30 % өскен еді. Кездесуден кейін өңірдің…

Толық оқу

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне қатысты заңдарды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенаттағы отырыс барысында сенаторлар «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады. Аталған заңдардың нормалары Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауға, сондай-ақ, тарихи-мәдени мұраны қорғап, рухани нысандардың бірегейлігін сақтауға бағытталған. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы…

Толық оқу

Түркістан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Жұмыстардың нәтижесінде бүгінде Жетісай ауданындағы 105 елді мекеннің 66-сы көгілдір отынға қосылып, табиғи газ тұтынатын елді мекендердің үлесі 62,85 пайызға жетіп отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Бүгін Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жұмыс сапарында Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық елді мекенін газбен қамтитын құбырды пайдалануға беру рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Бір ерекшелігі, осы газ магистралы арқылы 5 елді мекеннің 10 мың тұрғыны газбен қамтылады. –  Бүгін қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті инфрақұрылымды жақсартып, ауылдарды дамыту…

Толық оқу

Сенат депутаты Марат Қожаев жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде берілетін 50% жеңілдікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды ErtenMedia. “Жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастыруды ұсынамыз, әсіресе, техникалық құралдар арқылы тіркелген заңбұзушылықтарға қатысты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК) өзгерістер енгізу кезінде он және одан да көп рет ЖҚЕ бұзған жүргізушілерді міндетті түрде теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберу нормасын қарастыру қажет. Сондай-ақ камералар арқылы тіркелген қайталанған құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтіп, тіпті уақытша жүргізуші куәлігінен айыру мәселесін көтеру керек. Жүйелі түрде заң бұзатын жүргізушілерге 50% жеңілдікті міндетті түрде алып тастау қажет”, – деді Қожаев. Депутаттың айтуынша, айыппұл жүйелі заң…

Толық оқу

Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Талғар ауданында қорқытып алумен және тонаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Тергеу барысында қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болған. Ол өз сыбайластарымен бірге құрбандарын әлеуметтік желі арқылы іздеген. Қылмыстық топтың құрамында 17 жастағы қыз болған. Ол құрбандарымен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кірген. Алайда бірер уақыттан соң кенеттен өзін «ағаларымыз» деп таныстырған бір топ жас жігіт келіп, жәбірленушіні қорқыта бастаған. «Қаскөйлер жалған айып тағып, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап еткен. Кей жағдайларда…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт «Жұмысшы мамандықтарының қаласын» аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті. Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне назар аударып, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды. «Біз «Бірлігіміз – әралуандықта» идеологиясын темірқазық етіп ұстанып отырмыз. Ұлтымыз бен наным-сеніміміз әртүрлі екеніне қарамастан, бір қоғамда тұтас халық болып өмір сүреміз. Мен баршаңызды осынау терең үдерісті толық түсінуге шақырамын. Сонда ғана табысқа жете аламыз. Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату…

Толық оқу

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетіні туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia «Азаттыққа» сілтеп. «Бірінші кездесудің күні әлі белгіленген жоқ, бірақ бұл өте ұзаққа созылмайды», – деді Трамп журналистерге Ақ үйдегі жұмыс кабинетінде. Трамптың сөзіне қарағанда, кейін ол Ресейге, ал Путин АҚШ-қа баруы мүмкін. АҚШ президенті Украинаға сапар туралы «бұл туралы ойлайтын едім» деді. Айтуынша, өзі де, Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский де бейбітшілікті қалайды. Брифинг алдында Трамп Путинмен Украинадағы қақтығысты реттеу жайлы сөйлескен. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, әңгіме бір жарым сағатқа созылған. Кейін Трамп Зеленскийге қоңырау шалған. Трамп екі әңгімені де…

Толық оқу

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бүгін Сенатта Түркістанға қатысты екі заң жобасы қаралды: «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». «Қарастырылып отырған заңның мақсаты — Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді реттеу. …Туризм саласын дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша бірқатар құзыреттер беріледі, оның ішінде: — туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде; — жол бойындағы сервис нысандарын салу бойынша; — сыйымдылығы сегіз…

Толық оқу