Қазақстандағы балалар педиатриясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев өмірден өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қаралы хабарды Жарас Ормантаев жеткізді. «Бүгін түнде ардақты әкем, Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев өмірден өтті», — деп жазды Жарас Ормантаев Facebook парақшасында. Камал Ормантаев – Қазақстандағы балалар хирургиясы, педиатрия, травматология және анестезиология салаларының негізін қалаушылардың бірі. Ол 20 мыңға жуық ота жасап, медицинаға зор үлес қосты. 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түсіп, кейін балалар хирургиясы кафедрасының клиникалық резидентурасына қабылданды. 1961 жылы клиникалық резидентураны, 1965 жылы ауруханалық хирургия кафедрасының аспирантурасын аяқтап, кандидаттық…
Автор: editor
Астанадағы тұрғын үйдің лифтінде жасөспірім балаға пышақпен шабуыл жасаған. Желіде оқиғаның видеосы тарап кетті. ErtenMedia жантүршігерлік жайтқа шолу жасап шықты. Оқиғаның мән-жайы Астана Полииця департаменті мәліметінше, балаға шабуыл жасаған кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған. Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Қажет тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жасөспірім бірден белгіленген тәртіппен оқшауланады. Оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажет көмекті көрсетіп жатыр», — деді ПД баспасөз қызметі өкілі. Зардап шеккен бала туралы Қалалық денсаулық сақтау басқармасының…
Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да мәлімдеді. Оның айтуынша, акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған. «Транстелеком» АҚ-да 10 жылдан аса жұмыс істегеннен кейін акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым. Бұл — мен үшін де, керемет даму жолынан өткен компания үшін де маңызды кезең», — деді ол. «Транстелеком» – Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT-қызметтерін ұсынады. Forbes деректеріне сүйенсек, компания акцияларының 75%-ын Unit Telecom арқылы Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев бақылайды,…
Өткен жылдың қаңтар айында құрылған жаңа қалада құрылыс жұмыстары қарқынды. Іле ауданының құрамында болған, бүгінде асқаралы Алатаудың атын иемденген бұл шаһарда 50 мыңнан астам халық тұрады. 12 ықшам ауданы бар өңірдің инфрақұрылымын жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында 13 «өсу нүктесі» анықталып, олардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен инженерлік-коммуникациялық желілердің техникалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл туралы алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Алатау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» демекші, бұқараның жергілікті биліктен сұрағаны заманауи жабдықталған аурухана, яғни, сапалы медициналық қызметке қол жеткізу екен. Халық үніне құлақ асуды ұйғарған әкімдік бірнеше ықшам ауданда…
Әлеуметтік желіде Ириклин су қоймасынан үлкен көлемде су жіберіліп жатқаны туралы видео тарап кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia. stopfake.kz мәліметінше, Су ресурстары және ирригация министрлігі өкілі видеоға қатысты пікір білдірген. «Бұл видеоның Ириклин су қоймасына қатысы жоқ. Бұл — 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі Сергеев су қоймасының (Солтүстік Қазақстан облысы) кадрлары. Бүгінгі таңда екі су қоймасы да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 2025 жылғы 11 ақпанда Ириклин қоймасындағы су көлемі — 2593 млн м3 (жобалық қуатының 79 пайызы), су жіберу көлемі — секундына 60 м3. 2025 жылғы 11 ақпанда Сергеев су қоймасында (ҚР Солтүстік Қазақстан облысы) 695,4 млн м3 су бар, су жіберу…
Қарағанды облысында пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында 46 271 гектар көлемінде пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы учаскесі анықталған. Жердің кадастрлық құны 258 миллион теңгеден асады. «Жер учаскесі ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келген. Қабылданған шаралар нәтижесінде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді бұл жер оны ауыл шаруашылығын дамытуға тиімді пайдалана алатын жауапты азаматтарға беріледі», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 9 гектар жер мемлекетке қайтарылды. 2024 жылы мемлекет меншігіне 89,7 мың га 357 жер учаскесі қайтарылды. Осылайша, жоспар 128% орындалған.
15 ақпан – Халықаралық балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай Педиатрия орталығы «Help Today» мен Әсел Байсейітова атындағы қайырымдылық қорларының қолдауымен «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік!» ұранымен апталық өткізеді. Апталық аясында бірқатар шаралар өтеді. Атап айтқанда, «Донорлықтың, сүйек кемігін трансплантациялаудың және онкологиялық науқастарды оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстелі, мерекелік іс-шаралар, флешмоб, арт-терапия, қолөнер бойынша шеберлік сағаты, аниматорлармен ойын-сауық кештері, мобильді планетарийге саяхат және т.б. шаралар. Апталық 15 ақпан күні Алматыдағы Форум сауда орталығында белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концертпен аяқталады. Оған Үркер тобы, Кенжебек Нұрдолдай, Самат Жанғазин, «MMDANCE» балалар шығармашылық орталығы, Ұлттық-патриоттық орталығы Алматы қаласы филиалының…
2025 жылғы 10-17 ақпан аралығында Қазақстанда Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған хабардарлық апталығы өтуде. Акция шеңберінде бүкіл ел бойынша балалар обыры проблемасы туралы білімді арттыруға, пациенттердің отбасыларын қолдауға және қоғамның ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Әкімдіктердің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қалалардың орталық көшелерінде, LED-экрандарда, медиабордтарда және медициналық ұйымдарда ерте диагностиканың маңыздылығына, емдеудің заманауи әдістеріне және осы аурумен күресетін балаларды әлеуметтік қолдау қажеттілігіне назар аударатын арнайы бейнероликтер таратылады. Акцияның мақсаты — қоғамның назарын кішкентай пациенттер мен олардың отбасыларының алдында тұрған мәселелерге аудару, сондай-ақ уақтылы көмек пен хабардарлық көптеген балалардың өмірін сақтап қалуы…
Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстанның нәтижелері жақсарған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәліметті Антикор жариялады. «Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтерілді (88-орын). Бұл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш», — деп жазылған хабарламада. Әлем бойынша орташа балл — 43, ал Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағында (19 ел) 35 болды. Қазақстан рейтингі 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді: 11 баллға (29 баллдан) өскен. «Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан…
В Риддере активно продолжаются мероприятия по социальной поддержке кандасов и граждан, прибывших с южных регионов Казахстана. Заместитель акима города Ерболат Ошакбаев рассказал о мерах, направленных на улучшение условий жизни и адаптации переселенцев. По словам Ерболата Ошакбаева, в последние 10-15 лет город принял немало граждан, переехавших на постоянное место жительства. Важной задачей остается их трудоустройство и обеспечение достойных условий для жизни. Для этого через управление социальными программами создаются соответствующие условия. — В последние десять лет в Риддере не зафиксировано прибытие новых кандасов, однако все граждане, переселившиеся сюда ранее, при своём прибытии получили все положенные по закону услуги. В настоящее время их…
