Автор: editor

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС жаңа мөлшерлемесінің мән-жайын түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Үкімет отырысында Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін 16 пайызға дейін арттыру және оны саралау бюджеттің мұнай кірістерінің құбылмалылығына тәуелділігін азайтуға, Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге және маңызды мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретінін айтты. Министрдің сөзіне сенсек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылып отыр. «Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді, біз оны сақтаймыз. Заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бюджетке төлеуге тиіс ҚҚС-тың 30 пайызын төлеп отыр. Енді олардан төлем алынбайды. Бұл Қазақстанда өндірілген барлық өнімнің (картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат және т.б.) бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Денсаулық сақтау…

Толық оқу

Салық кодексінің жобасы талқылау қорытындысы бойынша 20 ақпанға дейін Мәжілістің қарауына жіберіледі. Мұндай тапсырманы премьер-министр Олжас Бектенов берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Үкімет басшысы осы аптада кәсіпкерлердің, сарапшылардың, мәслихат депутаттарының қатысуымен өңірлерде талқылау өтетінін мәлімдеді. Талқылау қорытындысы бойынша Салық кодексінің жобасы Мәжілістің қарауына енгізіледі. «Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуде бизнес өкілдерімен, депутаттармен, сарапшылармен салық реформасы мәселелерін мұқият талқылауды тапсырды.  Талқылаулар мен қажет келісу процедураларын аяқтап, 20 ақпанға дейін Салық кодексі жобасына және оған ілеспе заң жобасына өзгерістерді Мәжіліске жіберу қажет», — деді Бектенов Үкімет отырысы кезінде. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды…

Толық оқу

Ақмола облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұрынғы мәдениет министрі және Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Желіде пайда болған хабарламада Мұхамедиұлы колонияда аштық жариялағаны айтылады. Алайда ҚАЖД бұл ақпаратты теріске шығарды. «Сотталушы аштық жариялаған жоқ. Ол тамақ ішеді, бұл бейнебақылау камераларының жазбаларымен дәлелденеді. Сондай-ақ, одан ешқандай шағым немесе өтініш түскен жоқ. Құқықтық тәртіпке сәйкес, сотталушы ұялы телефон ұстамайды», – деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі Tengrinews.kz-ке. Сонымен қатар, ҚАЖД жалған ақпарат таратуға жауапкершілік барын еске салды. Арыстанбек Мұхамедиұлы — бұрынғы мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Ұлттық музейдің басшысы. 2024 жылы 29 ақпанда ол…

Толық оқу

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірде  1 700 гектардан тұратын  өңірлік маңызы бар 14 индустриалды аймақ болса,  оның ішіндегі 5-еуі соңғы 1 жылдың ішінде құрылды. Сонымен қатар Арыс қаласындағы «Мега-Агат» және Ордабасы ауданындағы «Бөкей» компанияларының ұсыныстары бойынша 2 жеке индустриалды аймақ құрылып, жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған индустриалды аймақтардың саны 16-ны құрап отыр. Ол өндірістік аймақтарда бүгінгі күнге 120 млрд теңгені құрайтын 82 жоба жүзеге асырылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыру, жаңа жобаларды жүзеге…

Толық оқу

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. Бүгінде бұл өңір жасанды көлдерде балық өсіру бойынша көш бастап тұр. Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 104 су айдыны бар. Оның ішінде 82-сі жергілікті маңызды су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Тауарлы балық өсірумен 231 кәсіпкерлік субъектісі айналысады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды. Осы ретте жұмысшы топ өкілдері Отырар, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандарына арнайы барып, балық шаруашылығымен айналысатын және айналысуға ниетті кәсіпкерлермен кездесті.…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде мәдениет және спорт салаларын дамыту жолдары, өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы аталған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелеуді және жандандыруды тапсырды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  – Мәдениет және спорт – елдің еңсесін көтеріп, сана-сезімін өгертіп, қоғамға әсер ететін салалар. Мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандырып, қазақтың өнерін, мәдениетін, салт-дәстүрін жас өскіннің бойына сіңіру керек. Облыс аумағындағы мәдениет және спорт нысандарының бірінші кезекте қажеттілігін анықтау бойынша бекітілген критерийге сәйкес 3 жылдық кешенді жоспарды қайта бекітуді тапсырамын. Облыстағы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және тағы басқа әлеуметтік…

Толық оқу

Алматы облыстық балық аулау федерациясы Қонаев қаласы әкімдігімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасында балық аулаудан ашық біріншілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарысқа Алматы облысының бірнеше өңірінен, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларынан балықшылар қатысты. Барлығы 15 команда (әрқайсысы 3 адамнан) жеке және командалық есеп бойынша өзара сынға түсті. Біріншілік 5 сағатқа созылды.  Жарыс барысында барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Бұл күні мұздың қалыңдығы 70 см болды. Нәтижесінде ең үлкен балықты аулап, «Big Fish» арнайы жүлдесін Е. Кембаев жеңіп алды. Жеке есепте 1-орынды К. Курбанов, 2-орынды Д. Канавалов, 3-орынды Н. Шуляков иеленді. Ал командалық есепте…

Толық оқу

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Менің аулам» челленджін бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараның мақсаты – өз кезегінде ұжым ауланы таза ұстауға, отбасы мүшелерін ортақ бір іске жұмылдыруға, балалардың бойында қамқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры аталған челленджді Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымына жолдап, тазалық пен жауапкершілік дәстүрін жалғастыруға үндеді. – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында осындай игі істі бастаудағы мақсатымыз – мәдениет мекемелері…

Толық оқу

Қазақстанда қай мамандық иелеріне жоғары жалақы ұсынылатыны белгілі болды, деп хабарлайды ErtenMedia. Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер мен ізденушілердің белсенділігі әртүрлі болды: егер бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды. Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды. Қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті – жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға (+70%) көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8…

Толық оқу

  Өткен жылы Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарының қолдауымен 35 жасқа дейінгі 7 695 жас жұмысқа орналастырылды. Солардың арасында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өтіп, жұмысқа тұрған, грант алып, кәсіп ашқан жастар да бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, былтыр жастар арасынан қоғамдық жұмыстарға 1 322 адам, жастар практикасына 1 150 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 125 жас, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша 575 адам, «Ұрпақтар келісім-шартымен» 31 адам жұмысқа тұрғызылған. Бұдан бөлек, грант алғандар да, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар да бар. Мәселен, қысқа…

Толық оқу