Автор: editor

Астана прокуратурасы Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің тергеу барысын мәлімдеді. Өйткені тергеу 10 айға созылған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Астана прокуратурасы Tengrinews.kz-тің «Сәкен Мамашқа қатысты тергеу аяқталды ма?» деген сұрағына жауап берген. Прокуратураның мәліметінше, қазір Есіл аудандық полиция басқармасы Карина Мамаштың арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға немесе көрінеу дәрменсіз жағдайдағы адамға қатысты азаптау») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алайда тергеу барысы туралы қосымша ақпарат беруден бас тартылған. 2024 жылы Карина Мамаш «НеМолчи.kz» қоры арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және 10 жыл бойы күйеуінен қысым көргенін мәлімдеді. Ол кезде Сәкен Мамаш Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінде…

Толық оқу

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақыны жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бюро мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 308 717 теңге, ал орташа жалақы 434 982 теңге болған. Айта кетейік, 2024 жылы III тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 269 378 теңге, ал орташа жалақы 390 328 теңге болды. 2023 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда жалақы 10,5 пайызға, инфляцияны ескере отырып 1,8 пайызға өсті. Орташа жалақының өсуі жалақы қоры ұлғаюымен, жылдық бонустармен, мерекелік сыйақылармен байланысты. Бір жылдағы жалақының ең жоғары өсімі мына салаларда тіркелді: Ақпарат және байланыс — +32,8 пайыз; Ауыл, орман және балық шаруашылығы — +22,7 пайыз;…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ескі Қазақстан неліктен әлі күнге «тіс қайрап отырғанын» айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оның сөзінше, қазір қоғамды теңселтуге, әлдебір протестік қозғалыстар тудыруға мүдделі топтар бар. «Ежелден келе жатқан оппозициялық күштерді айтпағанның өзінде, көршілер тарапынан Қазақстандағы саяси жағдайларға, басқа да жағдайларға әсер етуге тырысатын сыртқы күштер бар. Көршілер деп айтайын. Одан кейін өз ішімізде өшпенділігі қалған, кек тұтып жүрген саяси топтар бар. Ресми саяси топтар емес, астыртын жұмыс істеп жатқан топтар. Одан кейінгі негізгі күш — Ескі Қазақстан. Бұл күштің әлеуеті де, қаржылық-материалдық жағдайы да жоғары, адами ресурстары да күшті, қазіргі технологияны, интернет ресурстарды пайдалану мүмкіндігі де…

Толық оқу

ҚМА Актөбе облысы бойынша департаменті заңсыз онлайн казино ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Күдіктілер 2022-2024 жылдар аралығында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, bingo37.pro платформасы арқылы заңсыз ойын бизнесін басқарған. Қатысушылардан ақшалай бәсті операторлар банк аударымы арқылы қабылдаған, содан кейін оларды платформаға тіркеп, ойынға қатысу үшін логин, құпиясөз және сілтеме ұсынған. Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдіктілер көлденең адамдарды тартып, олардың атына банк карталарын рәсімдеген. Ақшаның қылмыстық ізін жасыру мақсатында осы карталар арқылы қомақты ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. «Заңсыз онлайн казиноның қызметінен күн сайын 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін ақша түсіп отырған. Топтың жалпы қылмыстық табысы…

Толық оқу

Төлеби ауданында «Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ-ның бірлесе ұйымдастыруымен жиын өтті,  – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шара Тәжік – Ауған шекарасынан Қазақстан бітімгершілік әскерінің шығарылғанына 24 жыл толуына арналған болатын. 8 ақпан — қазақ әскерлері тәжік-ауған шекарасынан шығарылған күн. Осыған орай, бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде тәжік-ауған шекарасында қаза болған әскерлердің рухына тағзым етілді. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар мен арнайы төсбелгі табыстады. Іс-шара Аққұм ауылдық округіндегі Қ.Тыныбеков жалпы орта мектебінде жалғасып, жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық біріншілік өтті. Спорттық сайысқа Түркістан облысы…

Толық оқу

«Райымбек батыр» станциясында метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Алматы қаласы  әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар екі негізгі қызмет атқарады – жолаушылар үшін қорғаныс құралы болып табылады және жарнамалық плакаттарды ілуге пайдаланылады. Қазіргі уақытта бұл қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексеріліп жатыр. Барлық қажетті сынақтардан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылатын болады. Сонымен қатар, метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулардың да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда олардың алынатынын атап өтті. – Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруге әрдайым ұмтылады. Бұл шешім автоматтандырылған платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейінгі…

Толық оқу

Астанадағы ел көзінен тасалау орналасқан еңселі үй сатылымға шықты. Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге. Зәулім үйдің Кәрім Мәсімовке қатысы болуы мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Нұра ауданы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан еңселі зәулім үйді сатуға қойды. Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарнасы – 117,9 млн теңге. Сауда 25 ақпанда өтеді деп белгіленген. Қызығы, дәл осы үйдің суреттерін 2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-төраға Кәрім Мәсімов қамауға алынған кезде жариялаған еді. Тергеу барысында оның заңсыз иемденген бірнеше нысаны анықталған, солардың бірі — еңселі коттедж. Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кейін оған…

Толық оқу

Үкімет басшысының орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарының мобильді аударымдарға байланысты ұсынысына жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia Ulysmedia-ға сілтеп. Депутаттар бұрын азаматтардың бір айдағы ақша аударымы 1 млн теңгеден асса ғана бақылауға алу керек деп ұсыныс білдірген. Үкімет бұл ұсынысты қолдамайды. «Егер жеке тұлғаның айлық табысы 1 млн теңгеден асса ғана мобильді аударымдарға мониторинг жасау ұсынысы салық салу жүйесінің әділдік принципіне қарама-қайшы деп есептейміз. Мониторинге жататын төлемнің төменгі шегін 3-5 мың теңге мөлшерінде белгілеу жөніндегі ұсыныс та қолдау көрмейді, өйткені бөлшек сауда саласында бір тауардың құны одан аз болуы мүмкін, бірақ жалпы тауар айналымы айтарлықтай жоғары», – дейді…

Толық оқу

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық сенбілікке Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясының аталған сыныбының жас полицейлері де атсалысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өз өмірлерін өзгелер үшін қатерге тігіп, азаматтар мен қоғам тыныштығы үшін бел шешпей еңбек ететін тәртіп сақшыларының қызметі шын мәнінде айтуға, мақтануға, үлгі тұтуға тұрарлық. Бұл ретте тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есімімен аталатын жас полицейлер сыныбы ашылған. Олар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен бірге орталық саябақ аумағына түрлі…

Толық оқу

Илон Маск АҚШ қаржыландыратын «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысы» (Голос Америки) радиостанцияларын жабуды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. 9 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі департаментінің (DOGE) басшысы Илон Маск АҚШ үкіметі қаржыландыратын «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысы» радиостанцияларын жабуды ұсынды. X (бұрынғы Twitter) желісінде Маск былай деп жазды: «Иә, жабыңыздар. Оларды енді ешкім тыңдамайды. Бұл – тек өзара сөйлесіп, салық төлеушілердің ақшасынан жылына $1 млрд ысырап ететін радикалды солшылдар». Осылайша, Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Ричард Гренеллдің мәлімдемесін қолдады. Гренелл бұл радиостанцияларды «өткеннің сарқыншағы» деп атап, оларды салық төлеушілердің ақшасына қаржыландырылатын қажетсіз құрылымдар деп атады. Бұған дейін,…

Толық оқу