Жамбыл облысындағы полиция қызметкерлері дабыл қағуда. Тұрғындарды қапыда қалдырмас үшін мектеп-мектепті, университетті, көпқабатты үйлерді аралап, парақша таратып, адамның адамға сену қабілетін су сепкендей басып жүрген жасанды интеллект технологияларымен қаруланған алаяқтардың әрекетін түсіндірумен әлек. Бұл қоғамға жасалған жаңа қауіпті қылмыстың алдын алудың жалғыз амалы. Бұрын қылмыскер «Мен – полицияданмын» деп телефон шалып, «Шотыңыздан күмәнді ақша шықты» деген сылтаумен құрбанды алдаса, енді олар адамның сеніміне кіріп алатын қулық-сұмдықты ойлап тапқан. Енді олар сіздің бауырыңыздың дауысын көшіріп, «Апа, мен қиын жағдайдамын, шұғыл ақша керек» деп жалынып тұруы мүмкін. Сіздің қасыңызда жүретін досыңыздың бейнесін видеоға құрастырып, «кешір, мен осындай жағдайға тап болдым» деген жалған…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға күш салынуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірде жаңа кәсіптің көзін тауып, өндірісті кеңейтуге назар аударылып жүр. Жергілікті кәсіпкерлер кеңсеге арналған ақ қағаз шығару ісін бастаған. Бүгін ауданға жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. Жобаның қуаттылығы — тәулігіне 1000 дана/500 000 шт А4. Өңір басшысы кәсіпорын жұмысын оң бағалап, кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудару керек екенін айтты. Осы бағыттағы жұмыстарға күш салуды тапсырды. Қазығұрт ауданында «Aqua the best» сауда белгісімен ауыз су өндіретін цех өндірісін кеңейтті. Сағатына 6000 л 2 өнім беруге қауқарлы мекемеде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда «Қазығұрт»…
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Толқын орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қуандық Санжар Ғалымжанұлы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинады. «Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. “Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне…
Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде толық автоматтандырылған қыш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысында кәсіпорындар саны артып келеді. Өндірісті индустрияландыруда кәсіпорындарға жартылай және толық автоматтандырылған робототехникалар ендірілуде. Жобаны «КАРЬЕР ТАБЫС» ЖШС іске асырып жатыр. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда 60 жұмыс орнын ашылмақ. Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарланып отыр. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 85 000 текше метр саз топырақты өңдеп, күйген қыш өндіріуге жетеді. Өнідіріс орнында шетелдік заманауи технологиялар орнатылады.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы бірнеше жылдан бері Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балаларды қолдау орталығына қамқорлық көрсетіп келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мереке күндері университет қызметкерлері мен студенттері балалар үйіне арнайы барып, сыйлықтар беріп, танымдық ойындар ұйымдастырып, тәрбиеленушілердің көңілін көтеріп қайтады. Балаларға үнемі көмек көрсету мақсатында студенттер еріктілер тобын құрды. «Райс-ап» тобының мүшелері айналайындықтарға ағылшын тілін тегін үйретіп, үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі. Университеттің «Шын жүректен» деп аталатын қайырымдылық шарасына биыл 10 жыл толды. Осыған орай, білім ордасында Гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі мерекелік кеш өтті. Оған «Айналайын» орталығының тәрбиеленушілері мен қызметкерлері қатысты. Игі шарада Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев сөз алып, бірқатар қызметкерлерге Алғыс…
Петропавлда көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруға арналған дәстүрлі семинар-кеңес өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, аудан әкімдері, ғалымдар, сарапшылар мен бүкіл облыстан диқандар қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Уақтылы және сапалы егіс науқанын жүргізу – солтүстік өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту кепілі. Мемлекет шаруаларға жұмыстарды оңтайлы мерзімде жүргізуге қажетті көмекті көрсетуде. Солтүстік ӘКК және «КазАгроҚаржы» арқылы 60 миллиард теңге көлемінде ерте қаржыландырудың арқасында диқандар маусымға дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізіп, тұқым, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай сатып алып, техникаларын жөндеді. Биыл бидай егіс алаңы 2,5 миллион гектарды құрайды. Сонымен қатар, майлы дақылдардың алқабы 85 мың гектарға өсіп, 760 мың га жетпек. Шаруалар…
2025 жылы Алматы индустриалды аймағында (АИА) жалпы инвестиция көлемі 135,5 млрд теңге болатын 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2 662 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңа кәсіпорындардың қатарында 6 өндірістік нысан мен 5 шағын өнеркәсіптік парк (ШӨП) бар: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – қытай брендтерінің жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт; Astana Motors Engineering – қойма кешені; ALTRA TYRES – автокөлік шиналарын қайта өңдеу және резеңке техникалық бұйымдар шығару зауыты; BLACK BIOTECHNOLOGY – биоқоспа мен тыңайтқыш шығаратын зауыт; Kapital Construction – арматуралы торлар мен профильді құбырлар өндірісі; Бағдар ЛТД – шыны ыдыстар шығаратын зауыт; «ALAESTATE» – шағын өнеркәсіптік парк; «Bayterek-2050» – шағын…
С. Аманжолов атындағы ШҚУ мамандары ШҚО Полиция департаменті, облыстық прокуратура және ШҚО ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, студенттер мен оқытушыларға арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша инновациялық оқыту курсын әзірледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бірлескен жұмыс халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және киберқауіпсіздік мәселелері жөнінде ақпараттандыруға бағытталған. – Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. 2024 жылы зардап шеккен қазақстандықтарға 1 млрд 400 млн теңге қайтарылды. Өзекті мәселенің алдын алу және күресу мақсатында осы курсты әзірледік, – деді ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дархан Камалханов. Бір ай көлемінде аптасына бір рет өтетін сабақты ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің аға жедел…
Түркістан облысы әкімінің орыбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен алдағы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен бөлу бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәжілісте сонымен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жастарға пайдалы іс-шаралармен қамту мәселесі талқыланды. Оған жауапты басқарма өкілдері мен мекеме басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау қажет екенін айтты. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының қолдауымен білім саласын…
Алматының дамуындағы маңызды бағыттің бірі — «Халық қатысатын бюджет» жобасы (ХҚБ), онда қала тұрғындары өтінім береді және іске асыру үшін тиісті жобаларды таңдайды. 2024 жылы ХҚБ аясында 18,8 млрд теңге сомасына 364 жоба іске асырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz қалалық қаржы басқармасына сілтеме жасап. Бұл ретте алматылықтардан берілген өтінімдер саны «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы іске қосылған 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 18 есеге өсті. Содан кейін тұрғындардан барлығы 333 жобалық ұсыныс келіп түсті, ал 2024 жылы – 6118 өтінім. Оның ішінде өткен жылы дауыс беруге 1402 жоба және іске асыруға – 316 жоба жіберілді. Айта кетейік, үш жыл ішінде Алматыда қала әкімі…
