Автор: Асылхан Бөрібай

Бүгін Риддер қаласында «Аққайнардың көзін аш!» экологиялық акциясы өтті. Аталған шараға қала азаматтары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар мен қоғамдық белсенділер жиналды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Бұл оқиға табиғи бұлақтарды сақтаудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен бірге туған жерге деген сүйіспеншілік пен бірліктің нағыз мерекесіне айналды. Бұлақ тазартылған және ашық! Оның таза суы табиғаттың қайта жандануын және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді бейнелейді. Бұлақтан су ішу терең символизм сәтіне айналды,ата-баба дәстүрлерін еске түсіру және өмір беретін ылғалдың әр жұтымының құндылығын еске түсіру. Мерекелік бағдарлама қатысушыларға шабыт пен қуат сыйлады-шығармашылық ұжымдардың қойылымдары кеңістікті ұлттық дәстүр мен қуанышқа толықтырды. Экологиялық сенбілік бұлақтың айналасын өзгертуге көмектесті:…

Толық оқу

23 марта 2025 года на территории города Уральск прошли масштабные субботники в честь Дня «Тазару» в рамках концепции «Наурызнама» и республиканской акции «Таза Қазақстан». Одним из ключевых мест, где проводилась уборка, стал сквер «Дружбы народов», расположенный в районе завода «Агрореммаш». В субботнике приняли участие аким города Уральск М.Байменов, а также подведомственные структуры акимата города Уральск. «День «Тазару» стал важным событием в череде праздничных мероприятий «Наурызнама». Мы хотим, чтобы наш город становился всё более чистым и благоустроенным. Молодёжь сегодня активно участвует в подобных акциях, осознавая свою ответственность перед будущими поколениями. Субботники – это не только уборка, но и возможность сплотить людей,…

Толық оқу

Қазақ даласы – ықылым заманнан жер қойнауы байлыққа толы киелі мекен. Бірақ сол байлықты ел игілігіне жарату – әр дәуірдің саяси, экономикалық ерік-жігерімен өлшенетін іс. Индустрия және құрылыс министрлігі 2025-2026 жылдары мемлекет қазынасынан 7,6 миллиард теңге бөлетінін мәлімдеді. Бұл – жай ғана сандар ойыны емес, бұл – қазақтың ен байтақ жерінің астында жатқан ұшан-теңіз қазынаны ақылмен, ғылыммен, саясатпен игерудің жаңа бетбұрысы. Картада көсіліп жатқан жеріміздің 2,2 миллион шаршы шақырымы алдағы екі жылда геофизикалық тұрғыдан толық зерттелмек. Бұл – бұрынғының болжамы емес, қазіргі заманның дәлелді дерегі. Құдай берген байлықты көзімізбен көру үшін енді заманауи құрал-жабдық, терең талдау, цифрлық карта және институционалдық…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысы аудандарында су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілуде. Су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда, тәулік бойы кезекшілік қызметі ұйымдастырылған. Жағдай жедел штаб пен өңір басшысының бақылауында, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Ұлан ауданында әкімдік су тасқыны қаупі картасына енгізілген аумақтарды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Герасимовка ауылының маңында егістік алқаптарынан еріген су қарқынды ағып жатыр. Су тасқынының алдын алу үшін су бұру арнасы тереңдетіліп, инертті материалдармен бекіту жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ. Үш ауладан еріген сулар сорылып шығарылды. Қазір барлық қажетті су тасқынына қарсы шаралар атқарылуда. Ауылға облыс әкімі барды.  Нұрымбет…

Толық оқу

Ұлттық банкі Ұлттық қор активтерінің бір бөлігін АҚШ-тың инфляциядан қорғалған мемлекеттік облигацияларына (TIPS) инвестициялауды жоспарлап отырғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл жаңалықты бір қарағанда қаржыгерлер ғана түсінетіндей көрінгенімен, шындығында мәселе – бүкіл халықтың әл-ауқаты мен елдің қаржылық болашағы туралы болып отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. TIPS – инфляцияға индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздар. Яғни, бұл құрал АҚШ экономикасындағы инфляция деңгейіне қарай өсіп отыратын, нақты табысты сақтау және активтердің құнсыздануына қарсы тұруға бағытталған инвестициялық өнім. Қарапайым тілмен айтсақ, Ұлттық банк өз қазынамыздың бір бөлігін әлемдік қаржы жүйесінің ең сенімді құралдарының біріне орналастырып, оны инфляциялық тәуекелдерден сақтауды көздеп отыр. Ұлттық банк таратқан ресми хабарламада…

Толық оқу

Түркістан қаласында Қытайдың «Хубэй» халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының (Hubei International Enterprise Cooperation Association) өңірлік өкілдігі ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, қауымдастық басшылығынан  Хуан Лися және бірқатар бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Бұл жоба аймақтар арасындағы байланысты нығайтып, экономиканы дамытуға, сонымен қоса, тәжірибе алмасу арқылы бірлескен маңызды жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін мүмкіндіктер алаңы болары сөзсіз. Аталған өкілдіктің негізгі мақсаты – Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті дамыту. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге екі өңір нарығына шығуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өндірістік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Өңірлік…

Толық оқу

«Мемлекет басшысы «Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз-Наурыз күллі халыққа ортақ, жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді» – деп айтқандай, Наурыз – барша қазақстандықтардың сүйікті мейрамы. Ол халқымыздың болмысы мен дүниетанымын, бірлігі мен татулығын айшықтайтын, адамзатқа ортақ ізгілік құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн» деді аймақ басшысы. Абай облысы әкімі құттықтау сөзінде 11 наурызда Президент қабылдауында болғанда Мемлекет басшысы өңірдің өзекті мәселелеріне көңіл бөліп, тиісті тапсырмалар бергенін жеткізді. Президенттің қолдауымен Семей қаласында облыстық аурухана, жаңа театр салынады. Семейдегі Оқушылар сарайының құрылысын аяқтауға 8,6 миллиард теңге қаржы бөлінеді.…

Толық оқу

Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар Комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласында кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң…

Толық оқу

Украина мен Ресей арасындағы соғыста адам сенгісіз технологиялық трансформация жүріп жатыр. Тек шабуыл ғана емес, ойлау жүйесі өзгеріп, тактикалар жаңарып, соғыс философиясы жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл соғыста Украина әскері от шашатын дрондармен танылды. Оны әскери мамандар кибер-партизан соғысының символына айналған «ұшатын өрт құстары» деп ат қойып айдар тақты. Америкалық Business Insider басылымы жариялаған видеоларда украин дрондарының баяу, бірақ өлімге апаратын сәттері түсірілген. Шағын дрон ресейлік танкке жақындап, оның беренді сауытты үстіне қонады. Кенеттен түтін бұрқ етіп, артынша от лап етіп, танк бірнеше секунд ішінде қызыл жалынға оранғанын байқаймыз Бұл – соғыстың үшінші мыңжылдықтағы келбеті. Бұл тактика – майдан даласындағы техниканы…

Толық оқу

Жаңа Қазақстанның басты ұстанымы адам тағдырына немқұрайлы қарамау. Бұл қағида тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте де көрініс тапты. Ішкі істер министрлігі соңғы он жылдықтағы деректерді тиянақтап, нәтижесін ресми түрде жария етті. 2014 жылы еліміздің полиция қызметтеріне 218 633 тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша хабарлама түссе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 75 004-ке дейін қысқарған. Қарапайым сандар сияқты көрінгенімен, бұл – нақты араласудың, заңнамалық реформа мен профилактикалық жұмыстардың жемісі. Соңғы жылдардағы хабарламалардың саны аз емес. Бірақ маңыздысы – бұрынғыдай жағдайды жай ғана тіркеп қоймай, құқықтық баға беру, қылмысты қылмыс деп тану үрдісі қалыптасып келеді. Мәселен, 2014 жылы келіп түскен ондаған мың хабарламаның ішінде тек…

Толық оқу