Автор: Асылхан Бөрібай

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшысы Әділет Барменқұлов тергеу назарына ілінгенін растады, — деп хабарлайды ErtenMedia. БАҚ тарапынан түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растады. «Барлық тергеу әрекеті заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр», — деп жазылған ақпаратта. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.

Толық оқу

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу қандай қаражат есебінен қаржыландырылады? Бұл сұраққа ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Вице-министрдің айтуынша, АЭС құрылысы кез келген басқа коммерциялық жобамен бірдей жүзеге асырылады. “Алдымен жеткізуші анықталады, содан кейін жоба құрылымы жасалады. Жобаның өзі, қолданылатын технологиялар мен құны нақтыланады. Қазір бұл мәселелер ашық күйінде қалып отыр, өйткені түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Қашан белгілі болады, сол кезде қаржыландырудың қай көзден бөлінетінін нақты айта аламыз”, – деді Қасенов. Оның айтуынша, шетелдік жабдықтар қолданылған жағдайда экспорттық-несиелік агенттіктер арқылы қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылады. “Мысалы, сіз Қытайдан жабдық сатып алсаңыз, оны қаржыландыратын Қытайдың “Эксимбанкі”…

Толық оқу

ІІМ қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты тәркілеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бірнеше облыстың аумағында қару жасырылған төрт орынды тапты. Олардың үшеуінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталды. Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған ғимаратта Remington 11-87 маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған). Жамбыл облысы Бірлесу ауылының шетінде қару жасырылған жер табылды, онда Benelli  моделінің тегіс ұңғылы мылтығы (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), қос ұңғылы аңшы мылтығы, қол гранатасы және төрт патрон тәркіленді. Сонымен қатар, Жаңатас қаласының жанында тегіс екі ұңғылы мылтық, газ тапаншасы және үш оқ-дәрі жасырылған орын анықталды.…

Толық оқу

Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен кездесу өткізді. Жиында Карбамид пен аммиак өндіретін зауыт құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Құны $1,35 млрд-ты құрайтын жоба Маңғыстау облысында, «Құрық» теңіз порты маңында ірі газ-химия өндірісін құруды көздейді. Зауыттың орны Каспий теңізі арқылы өнімді экспорттауға оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін логистикалық артықшылықтарды ескере отырып таңдалды. Зауыт жылына 700 мың тоннаға дейін карбамид және 42 мың тонна аммиак өндіреді, бұл тыңайтқыштар импортына тәуелділікті азайтып, еліміздің…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшылардың беделін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялады. Осыған орай Өскеменде Workshop алаңы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өскемендегі “Мамандығым – Мақтанышым” Workshop алаңы мектеп оқушылары, студенттер, колледждер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен облыс кәсіпорындарының басын қосқан бірегей шараға айналды. Ірі компаниялардың қызметімен және білім беру бағдарламаларымен сындарлы диалог форматында танысу өтті. Бүгінгі таңда өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 101 мамандық бойынша кадр дайындайтын 38 колледж бар. Айта кету керек, дәл Шығыс Қазақстанда дуальды білім беру бағдарламасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Оған облыстағы 27 колледж…

Толық оқу

Өскеменде «Қауіпсіз қала» акциясы аясында Amanat партиясының жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты полициямен ойын-сауық орындарына рейд өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Акцияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүрмеуін қадағалау және кальян өнімдерін тұтынуға тыйым салу талаптарының орындалуын бақылау. «Әр адамның жас буын алдында үлкен жауапкершілігі бар. Сондықтан жастарға заң ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру қажет. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін жастарға ұдайы айтып отыру – үлкендердің міндеті», – деді облыстық мәслихат депутаты Зоя Новолодская. Рейд барысында жастар мен полиция қызметкерлері бірнеше ойын-сауық мекемесін тексерді. Акцияға қатысушыларға мекеме қызметкерлері мен келушілері түсіністік танытты, ешқандай агрессиялық немесе…

Толық оқу

ҚМДБ Оразаға қатысты маңызды сауалдарға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ұйықтап қалып, сәресін өткізіп алған кісілер не істейді? Сәресі ішу парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресін өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын әрі қарай жалғастыра береді. Бірақ сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн. Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді», — делінген. Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі сәресі жеу…

Толық оқу

Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатуға шығарған зергерлік бұйымдар сатылмай қалды, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Сауда-саттық жасалған жоқ, өйткені бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Әзірге сатылмаған зергерлік бұйымдар арасында мынадай әшекейлер бар: 14,7 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған YEPREM сақинасы. cabinet-auction.e-qazyna.kz Сақина 85 гауһар таспен көмкерілген. Құны 7,5 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған Frank Muller алқасы. Бұл зергерлік бұйым салмағы 4,6 карат болатын ақ гауһар тастармен көмкерілген. Құны 3,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі сары алтыннан жасалған Yana Jewellery сақинасы мен білезігі. cabinet-auction.e-qazyna.kz Әшекейдегі тастардың жалпы саны — 235, оның ішінде салмағы 5,46 карат болатын ақ…

Толық оқу

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Облыс әкімінің баяндамасынан: Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған; Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр; мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңге болатын 5 жоба іске асырылады; жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған; Аустралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған; биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі; медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі; 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Заңдағы бастамаларды өңірде жүзеге асыру мақсатында тиісті сала өкілдерімен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуде Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жаңғырту талқыланды. Басқосуда Зұлпыхар Сансызбайұлы Заңның маңыздылығына тоқталып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, туризмді дамыту, қаланың әлеуетін көтеру жолдарын атап өтті. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру, сондай-ақ қаланың жеке дизайн коды енгізілетіндігі айтылды. Сала өкілдерімен бірге тарихи-мәдени ескерткіштерді аралап, жұмыстарымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи…

Толық оқу