ШҚО-да прокуратура мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі саудасын анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде Өскемен қаласы бойынша жыл басынан бері 17 қылмыстық іс тіркелді, 7 іс сотқа жіберілді, 10 адам сотталды, 6 келіден астам синтетикалық есірткі және 78 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін Өскемен көпсалалы технология колледжінде өткен студенттермен кездесуде Өскемен қалалық прокуратурасының аға прокуроры Сергей Упоров мәлім етті. Шараны ұйымдастырған Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ермек Асқаровтың айтуынша, «Нашақорлыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында облыстық фронт-офис волонтерлері облыс прокуратурасының өкілдерімен және Полиция…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін, 25 ақпан күні ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушуылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері және министрлік жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының мүшелері қатысты. «Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық 2023 жылы Президент Жарлығымен тағайындалып, отандық әдебиет әлеміндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды. Бұл – Мемлекет басшысының мәдениет саласын жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған бастамаларының бірі.…
Қазақстанда АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, — деп хабарлайдыErtenMedia. «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды. «Ядролық қондырғы атом электр станциясын салу аумағы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын таңдау туралы шешім қабылдау», – деп жазылған құжатта. Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енді. Бұған дейін АЭС құрылысы бойынша төрт компаниямен диалог аяқталған болатын. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді. 2025 жылғы 21 қаңтарда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық…
Президенттің биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты Талдықорған қаласында жұмысшы мамандарды тәжірибеден өткізетін орталық салу жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Нысанның құрылысы биыл басталып, келесі жылы бітеді. Орталықтың практикалық сабақтары жаңа технология негізінде оқытылады. Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша өңірдегі 9 колледжде 14 жаңа мамандық ашылған. Бұл ретте заман талабына сай дәнекерлеуші, механик, балық зауытының технологы, аккумулятор зауытының технологы, дронды ұшыра алатын, цифрлық технологияны іске қосатын мамандар даярлауға баса назар аударылып отыр. Кербұлақ ауданында жаңадан ашылып жатқан өндіріс ошақтарының бірі тау-кен металлургия комбинаты өздеріне керекті мамандарды дайындайтын техникалық колледж ашу жұмыстарын жүргізуде. Еске салсақ, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы»…
Экспорттық әлеуетті дамыту – елдің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттердің бірі. Осыған орай, Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы мен Қазақстан Республикасының Экспорттаушылар қауымдастығы өңір кәсіпкерлеріне арналған арнайы оқыту және біліктілікті арттыру семинарын өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Семинардың негізгі мақсаты – жергілікті тауар өндірушілердің халықаралық нарықтардың қазіргі заманғы талаптарына бейімделуіне көмектесу және өнімдерін шетелге табысты экспорттауға жағдай жасау. Экспорттаушылар қауымдастығының мәліметінше, бүгінде Қазақстан экспорты жалпы тауар айналымының 65,1%-ын құрайды, оның басым бөлігі минералды өнімдер мен металдарға тиесілі. Семинар барысында қатысушылар халықаралық стандарттардың заманауи талаптары, өнімді аккредитациялау және сертификаттау рәсімдері, жеткізілімнің логистикалық аспектілері мен мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша білім…
Ескі Қазақстанның шетелдегі жасырын қаражатының көлемі белгілі болды. Оффшорда жатқан соманың жалпы мөлшері шамамен 1,4 млрд теңгеге жеткен деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлеңкелі ақшаның негізгі бөлігі Панамада (1,2 млрд теңге). Өзгесі Вануату (200 млн теңге) және Сан-Марино (100 млн теңге) сияқты аралдық елдерде сақталған. Шетелдің салық органдары ұсынған ақпаратты зерделеген ҚР Қаржы министрлігі 2 мыңнан аса қазақстандықты жіті тексерген. Нәтижесінде 1602 азамат 5,4 млрд теңге көлемінде жеке табыс салығын бюджетке қайтарды. Осы қаржының негізгі бөлігі БАӘ, Ұлыбритания, Қытай және Түркия секілді елдердегі дивиденд пен сыйақы түріндегі табыстардан түскен. «ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер автоматты ақпарат алмасудың (CRS) бірыңғай стандарты…
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған фестивальде ғарыш саласын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі Аэрокосмикалық комитетінің құрамындағы «Республикалық ғарыштық байланысы орталығы» (РҒБО) АҚ келушілерді «Ғарыш үйімен» таныстырды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz РҒБО инженерлері ғарыш павильоны келушілеріне«Kazsat-3» спутнигінің макетін көрсетіп, ғарыштықбайланыс пен хабар тарату жүйесінің жұмысытуралы айтып берді. Қазақстанның алғашқы ұлттық ғарыштық байланысжәне хабар тарату жүйесі «Kazsat-2» мен «Kazsat-3» спутниктерінен тұрады, олардың басқаруы Ақмолаоблысындағы «Ақкөл» ғарыш байланысы орталығымен Алматы облысындағы резервтік «Көктерек» ғарыш байланысы орталығынан жүзеге асырылады. «Kazsat-2» және «Kazsat-3» ғарыштық аппараттарыгеостационарлық орбитада, шамамен 40 мыңкилометр биіктікте жұмыс істей отырып, еліміздіңхабар тарату, байланыс және кеңжолақты интернеткеқолжетімділік қызметтерінің 100%-ын қамтамасызетеді», — деді келушілерге…
Қарағандыда медициналық университет жанындағы колледж студенттері білім алуды жалғастырады. Былтыр оқу орнының лицензиясының жарамдылық мерзімі бітіп, оны қайтадан созуға мүмкіндік берілмеген. Лицензия беретін мемлекеттік органдар жоғарғы оқу орны техникалық-кәсіптік білім беруге құқығы жоқ деген шешім шығарған. Медициналық колледжде білім алып жүрген 200‑ден астам болашақ фельдшер, медбике мен тіс дәрігерлері далада қалған болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тараған бұл мәселеге Астанадағы заң шығарушы орган өкілдері араласып, тиісті мемлекеттік органдардың назарын аударған болатын. Мәжіліс депутаты Қарағанды қаласында орналасқан кәсіптік білім беру мекемесінің ұжымымен бірнеше рет кездесіп, жағдайды зерттеді. «Университеттің колледждік бағдарламасы лицензияның жойылуына байланысты қиындықтарға тап болды. Бұл…
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева танымал нумерологтың туған күн кешінде көзге түсті. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Әлия Назарбаева танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күн кешіндегі құрметті қонақтар қатарында болды. Салықтарға «түкіргенің бар кезді» қалай айтады? Немесе оны 30 жыл бойы қалай төлемеген болсаң, әрі қарай да солай төлемейсің. Ал туған күн иесіне келсек, жүздеген мың оқырманы бар… Кірістер комитетінің айтуынша, тіпті осындай жағдайдың барлығы декларациялануы керек. Ең қызығы: Әлия Назарбаева оның қызметіне ресми түрде ақы төлей ме, әлде «перевод» аман болсын ба?» — деп жазды журналист. Клара Күзденбаеваның өзі де желідегі парақшасында Әлия Назарбаевамен…
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық және «Tashkent International» университетіне арнайы іссапармен барды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Білім беру саласындағы халықаралық байланысты нығайту мақсатында университеттің Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев өзбекстандық жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесіп, ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды. Екі жақты келісім – бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, жобаларды жүзеге асыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, профессор-оқытушылар арасында тәжірибе бөлісуге, студенттер мен оқытушылар құрамымен алмасуға, сондай-ақ конференциялар мен семинарлар өткізуге мүмкіндік береді. «Жетісу облысының ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсібінің әлеуеті жоғары болғандықтан сала мамандарын даярлау үшін Ташкент мемлекеттік аграрлық университетімен бірлесе жұмыс жасау…
