Автор: editor

Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және насихаттау бойынша басым бағыттар айқындалды Қазақстан – тарихы мен мәдениеті бай мемлекет. Сондықтан, мәдени мұраны қорғау – басты міндеттердің бірі. Бүгінде Қазақстан ЮНЕСКО конвенцияларына қатысу арқылы еліміз өз мәдени нысандарын ұйым тізімдеріне енгізіп, әлемдік қауымдастыққа танытуда. Дегенмен, бұл жетістік тек мақтаныш емес, сондай-ақ осы мұраларды қорғау мен сақтау бойынша нақты міндеттемелерді орындауды талап етеді. Осы мақсатта 2024 жылғы тамыз айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың міндеті – орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының мүшелерінің, ғалымдардың, археологтардың, этнографтардың және қоғамдық ұйымдардың…

Толық оқу

Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, «Сергек» кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бүгінде мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды. Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен. Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан…

Толық оқу

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшелері, сондай-ақ ғалымдар, археологтар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қатысушылар материалдық емес мәдени және дүниежүзілік мұраны қорғау шараларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Аида Балаева ЮНЕСКО Конвенцияларымен бекітілген міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Министр барлық деңгейлерде үйлесімді жұмыс қажеттігін және материалдық емес мәдени мұраны анықтау мен дамыту…

Толық оқу

Алматыдағы автобус апатына кінәлі деп танылған «5:32» сериалының продюсері Анель Сартаеваға қатысты сот үкімі шықты. Оған 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сотталушының кішкентай сәбиі болуына байланысты жазаның орындалуы үш жылға шегерілді. Алмалы аудандық сотында көлік құралдарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі) сотталушы Сартаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол көлікті басқарып, көше бойымен келе жатып, «жол бер» белгісін елемей, жол бөлігіне шығып кетіп, автобуспен соқтығысқаны анықталды. Соқтығыстың салдарынан автобус инерциялық жолмен бағдаршамға соғылып, одан кейін тротуарға шығып кетіп, дүкен…

Толық оқу

Заңгер, құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол «дабыл қағуға мәжбүрмін», — деп үндеу жасады. Адвокаттың сөзінше, Ербаянның ісі бойынша сараптама дайын. «Бірнеше күннен бері Сіздерге айтар жаңалығым бар деп жүргенім осы еді. Негізі сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ, тергеуші оны екі күн бұрын ғана маған айтып, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушімен келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін ватсапқа хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді. Тергеуге қатысты күмәнім күшейді. Әйтпесе дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын? Сондықтан, іс бұрмаланып, кінәлілер, Ербаянды осы күйге…

Толық оқу

Желіде қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев — Дикий Арманды ақтап алу акциясы басталғандай. Танымал блогер Жанна Ильичева Жұмагелдиев туралы күтпеген жазба жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Facebook-та Арман Жұмагелдиевтің хаты жарияланған қызықты мақала шыққан екен. «Жалпы, мен ол туралы алғаш рет пандемия кезінде білдім, ол сол кезде Қазақстан тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмектерді тегін беруге дайын екенін мәлімдеген еді. Кейін ол өзінің сәлемдемелерін алған тұрғындардың, соның ішінде дәрігерлердің алғыс айтқан видеоларын жариялады. Өздеріңіз білесіздер, сол кезде бетперде, дәрі-дәрмек, антисептик пен өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттары жетіспеді. Дегенмен, мен оны алғаш рет ол «Ирбис пен Қасқыр» Instagram-челленджін бастаған кезде білдім. Оны көптеген әншілер,…

Толық оқу

Алматының бұрынғы әкімі болған Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимовтің өліміне қатысты іс тоқтатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшілеріне айтып берген «Алмалы ауданы полиция басқармасы бұл факті бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (“Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу”) аясында тіркелген қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шараларының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша өндіріс ҚР ҚПК 35-бабының 1-бөлігі, 2-тармағы негізінде (қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты — ред.) тоқтатылды», делінген полицияның хабарламасында. Бұл шешімді Алматының Алмалы аудандық прокуратурасымен мақұлданған. Еске салайық, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те «қаржы жымқырды» деп…

Толық оқу

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деп күдіктелуде. Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды. Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде. Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Толық оқу

Алматыда жалпы білім беретін  №98 мектептің жобалық қуаты №8 музыка мектебі иеленген корпустарының ие болғаннан кейін білім ошағы 300 орынға ұлғайды. Ал, музыка мектебі жалпы ауданы 950 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшті. Медеу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев екі мектепті аралап, олардың қызметімен танысты. №98 мектеп Малая Станица ауданында орналасқан. Оның жобалық қуаты 640 орынды құрайды, ал білім алушылардың нақты саны 1,1 мың адамнан асты. Жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын бір корпусты бұрын музыка мектебі иеленген. Алматы қаласы әкімдігі Тұрғындардың өтініші бойынша биылғы жылы Алматы қаласының әкімдігі осы мақсатта сатып алған музыкалық мектепті көрші ғимаратқа…

Толық оқу

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жұртты алаңдатқан сауалға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сүлейменовке «доллар 600 теңгеге жете ме?» деген сұрақ қойылды. «Доллардың бағамын жоспарламаймыз және жарияламаймыз. Өйткені нарықтың күшімен сұраныс, ұсыныс бекітіледі. Сондықтан доллар бағамы қандай болатынына қатысты ешқандай жоспар жоқ», — деді ол. Тимур Сүлейменов неліктен интервенция жасалғанын түсіндіріп, «амалсыз барғанымыз» дегенге келтірді. «Интервенция жасағанымыз — дүрбелең болмауы үшін апаттық іс-шара. Ақша айырбастау пункттері, банктер алдында адамдар тұрмауы үшін жасаған іс-шарамыз. Осындай апаттық жағдай қалыптаспаса, ешқандай интервенция жасамаймыз, интервенция жасауға ешқандай ниетіміз жоқ. Өйткені ол — біздің резервіміз. Оны нарыққа жұмсаудың қажеті жоқ. Нарық қалай жұмыс істейтінін көрейік,…

Толық оқу