Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Руслан Берденов — Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді. Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы құс» ААҚ («Сеймар»тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады. 2007 жылғы ақпан — 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі. 2010 жылғы шілде — 2012 жылғы қараша «Eastcomtrans» ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің…
Автор: Асылхан Бөрібай
Шығыс Қазақстанда екі аудан «өзіндік уақыт белдеуіне» көшті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Марқакөл және Үлкен Нарын аудандары 24 ақпаннан бастап «өзіндік уақыт белдеуіне» ауысты. Енді бұл аудандарда жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін жалғасады. Мұндай кесте күндізгі уақытты тиімді пайдалану мақсатында енгізілген, себебі бұл өңірде күн ерте шығып, ерте батады. Ақпаратты жергілікті билік те растаған. «24 ақпаннан бастап мекемелерде жұмыс уақыты таңғы 08:00-де басталды. Бұл шешім халықпен бірге талқыланып, ортақ келісіммен қабылданды. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдады, өйткені таңертең бәрі ерте тұрады, ал кешкі уақытты отбасы мен тұрмыстық шаруаларға арнауға мүмкіндік туады», – деп…
Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз конференциясын өткізді. Ол соғысты тоқтату мен бейбітшілік орнату мүмкіндіктері, АҚШ-пен арадағы келіссөздер, Дональд Трамппен қарым-қатынасы және Украинадағы сайлау мәселелері жөнінде пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Президенттік өкілеттіктен бас тартуға дайынмын» Зеленский бейбітшілік орнату үшін өз лауазымынан кетуге дайын екенін мәлімдеді. “Егер бұл әрекетім расымен Украинаға бейбітшілік әкелетін болса, қызметімнен кетуге дайынмын”, – деді ол. АҚШ-пен арадағы келіссөздер Зеленский АҚШ-тың Украинадағы минералды ресурстарға қол жеткізу туралы келісімі әлі талқылау кезеңінде тұрғанын мәлімдеді. Бұған дейін бірнеше ұсыныс болғанымен, Киев оларды қабылдамаған. Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамптың “Украинаның 500 миллиард доллар қарызы бар” деген мәлімдемесімен келіспейтінін жеткізді.…
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және…
Алматыда магистральдық көшелерді көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл Бостандық ауданында 11 магистральдық көшеге техникалық тротуарлар төселеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Техникалық тротуарлар магистральдық көшелерде орналасып, топырақтың жылжуының алдын алуға және қарды сапалы тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар, мұндай тротуарлар судың ағуын реттеп, нөсер жауын кезінде көшелердің су басу қаупін азайтады. Жұмыстар Садықов, Мұстафин, Исиналиев, Тілендиев, Радостовец, Ғабдуллин, Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Марков, Өтепов көшелері мен Бұқар Жырау бульварын қамтиды. Былтыр ауданда алты көше көріктендірілген болатын, ал биыл шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасады. Жөндеу жұмыстары байқау өткізілгеннен кейін және мердігермен келісімшарт жасалған соң басталады.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-парақшасында азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қандай іс-шаралар жүзеге асып жатқаны туралы жазды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қаламызда азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізетін кәсіпорындар ашуды ары қарай жалғастырамыз. Бүгін тамақ өнеркәсібін, логистиканы, сауданы және т.б. дамытатын жаңа әрі салынып жатқан кәсіпорындарды аралап шықтым. «RnR Group» ЖШС (Сарайшық ауданы) кәсіпорындар кешенінің жұмысымен таныстым. Ол – тәулігіне 25 тонна өнім шығаратын нан зауыты және көкөніс қоймасы (6 мың тонна). 2026 жылы тәулігіне 100 тонна сүт өңдейтін зауыт ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаға тартылған жеке инвестициялар сомасы 8,1 млрд теңгені құрады. Қазірдің өзінде 250-ге жуық жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, «SAIANUR…
Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 30 отбасы жаңа үйлі болды. Талдықорған қаласындағы «Жастар-3» жаңа тұрғын ауданынан берілген үйлердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында кезектегі 102 отбасы жаңа баспанаға кірді. Атап айтқанда, «Береке» коттедж қалашығының, «Жастар-3» тұрғын алабында әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар мен көп балалы отбасылар үйлі болды. ©Дмитрий Ерофеев Кілт беру салтанатына қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, баспанамен қамту бағытында өңірде атқарылып жатқан шараларға тоқталды. «Мемлекеттің қолдауымен қабылданып жатқан шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жыл…
Қырғызстандық сарапшы елдегі блогерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia 24.kg басылымына сілтеме жасап. Қырғызстанның Салық қызметінің басшысы Алмамбет Шықмаматовтың айтуынша, елдегі блогерлер шығармашылық индустриялар паркінің резиденті атанып, арнайы немесе жалпы салық режимін таңдауға құқылы. «Блогерлерге салық жағынан қысым көрсетпеуіміз керек деп санаймын. Олар қоғамда маңызды әлеуметтік рөл атқарады», – деді Шықмаматов. Оның мәліметінше, парк резиденттері 15 жыл бойы сақтандыру жарналарынан босатылады. Жалпы салық режимін таңдаған жағдайда олар жалдамалы қызметкерлердің табысынан 5 пайыз мөлшерде табыс салығын төлеуге міндетті, ал резидент еместер үшін бұл көрсеткіш — 10 пайыз. Арнайы салық режимін (бірыңғай салық негізіндегі жеңілдетілген жүйе) таңдаған блогерлер 2027…
Жаңаөзен қаласында Бозжырада туристік нысандар салу бойынша алдын ала қоғамдық тыңдау өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ұйымдастырылған шараға ардагерлер, азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, табиғат жанашырлары және сарапшылар қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жеке инвесторларды тарта отырып, Бозжыра сынды еліміздің көрікті жерлерін туризмнің орталығына айналдыруды тапсырды. ©Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі Осы орайда отандық инвесторлар жеке қаражатына Бозжырада жылына 30-40 мың туристі қабылдай алатын визит орталығын және туристік нысандар салуды көздеп отыр. Жаңа жобаны Шарын, Көлсай, Аюсай сынды туристік аймақтарындағы визит орталықтарының құрылысын жүргізген әлемдік деңгейде тәжірибесі бар отандық компания жасақтаған. Жоба авторларының айтуы бойынша,…
Абай облысының әкімі Берік Уәли орынбасары Д.Гариков, Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары А.Штыкельмен бірге Бородулиха, Жаңа Семей аудандары мен Семей қаласының су басу қаупі бар аумақтарын әуеден тексерді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тікұшақпен барлау барысында Шүлбі су электр станциясындағы гидрологиялық жағдайға, көктемде Ертіс пен Уба өзендеріндегі су деңгейі көтерілетін қауіпті орындарға ден қойылды. Мұз жару жұмысы жүргізілген елді мекендер де назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы Бородулиха ауданындағы Красный Яр, Переменовка ауылдары мен Жезкент кенті аумағындағы қар деңгейін әуеден бақылады. Аталған елді мекендер маңында жыл сайын мұз жару жұмысы жүргізіледі. Өйткені, гидроқұрылымдар жақын орналасқан. «Бүгін өзендерде мұз жару жұмысын жүргізуге дайындық барысы…
