Автор: editor

Жетісу прокурорлары мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы аналардың құқықтарын бұзған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жетісу облысының ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы аналардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» және басқа да марапаттарға ие болған аналардың жалақыларынан міндетті төлем сомаларын заңсыз ұстап отырған. Прокуратура «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның талаптарына сәйкес азаматтардың аталған санаты үшін мұндай жарналарды мемлекет төлейтінін жеткізді. Кейбір жұмыс берушілер тарапынан қолдауға мұқтаж 166 азаматтың жалақысынан 5,5 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз ұсталғаны белгілі болды. Жетісу облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз ұсталған…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде Астана әуежайындағы Путинге қатысты баннер қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Курсив басылымына сілтеп. Басылым дерегінше, елорданың әуежайында Путиннің келуіне орай «Ресей Федерациясының президенті, жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз» деген баннер ілінген. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Путиннің сапарының ресми емес, мемлекеттік мәртебесі бар сапар екенін хабарлады, яғни бұл хаттама бойынша жүзеге асады. Журналист Сырым Итқұлов Telegram-да Путиннің Астанаға келуіне орай бүкіл қалада Ресейдің туы ілінгенін, ал әуежайда оның суреті мен «жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!» деген жазу пайда болғанын айтты. СІМ мәліметінше, бұл тіркес сапар мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қолданылған.…

Толық оқу

Мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан есеп сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бүгін Мәжілісте 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу мәселесі қарастырылды. Депутат Жаңбыршиннің сөзінше, Президент 2029 жылы жалпы ішкі өнімді 450 миллиард АҚШ долларына жеткізуге, ұлттық қорды 100 миллиард АҚШ долларына жеткізуге міндет қойды. «Өздеріңіз де айтып отырсыздар. Махамбет айтқандай, Ұлттық қордан «Қорамсаққа қол салды, қол салғанда мол салдық» деп қайта-қайта ақша аласыңдар. Шектеу болуы керек деп өздерің де мойындап отырсыңдар. Самат Базарбайұлымен 2 пайыз шектеу қойғанбыз. Оны қолдаған жоқсыздар. Неге қолдамайсыздар?! Норвегияда 3-4 пайызға шектеп отыр…

Толық оқу

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты әбден састырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа бюджетке енгізілген түзетулерге қатысты сұрақ қойды. «Биыл Үкімет Парламенттің қатысуынсыз бюджетке тоғыз түзету енгізді. Парламенттің қатысуынсыз бюджетке түзету енгізу Президент Тоқаевтың қоғамдық бақылау концепциясына сәйкес келмейді. Депутат жоқ, өздеріңіз қожа, өздеріңіз би, рахат деген сияқты. Сол өзгерістер аясында бір бағдарламаға бірнеше рет өзгеріс енгізілген. Сол өзгерістерде биыл қандай шығындар қысқарды, олардың қаншасы инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты? Ең негізгісі: осы қысқарған бағдарламаларды ертең депутаттарға қайтадан алып келіп, бюджетке кіргіз деп өтініш…

Толық оқу

Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар қылмыстық жауапқа тартылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақмола облысының арнайы прокурорлары 300 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты соталды тергеуді аяқтады. «Бұл қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген», — деп жазылған хабарламада. Күдіктілердің әрекеті аса ірі көлемде жымқыру, талан-таражға салу, яғни Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Айта кетейік, көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдіктіге…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы туралы Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы – берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі екенін айтты. «Екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы тығыз астасып жатқан тарихи және мәдени байланыстарға, сондай-ақ, қос халықтың болашағына қатысты ортақ жауапкершілікке негізделген. Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, біздің елдеріміз тату көршілік пен сан салалы ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ынтымақтастыққа ортақ мүдде, өзара сыйластық, ең жоғары деңгейдегі сындарлы саяси диалог арқау болып отыр», — деді Президент. Путин туралы не деді? Тоқаев Путин туралы да сөз қозғады. «Ресей Президенті Владимир Владимирович…

Толық оқу

Қазақстанда 26 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы белгіленді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 498,55 теңге болып, 0,13 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, доллардың 26 қарашадағы ресми бағамы – 498,51 теңге. kurs.kz мәліметі бойынша, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 500,51 теңге, сату бағамы – 502,91 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 498,00 теңгеге сатып алынып, 502,98 теңгеге сатылып жатыр. 25 қарашада KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,51 теңге болып, 0,08 теңгеге төмендеген болатын.

Толық оқу

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда неліктен пойыздар кешігіп келетінін сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бүгін Үкіметте теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды. Үкімет басшысы Бектеновтің айтуынша, азаматтардан пойыз кешігуіне байланысты өтініш көп түскен.  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігу теміржолдарды жөндеуден туындағанын мәлімдеді, «Бұл жағдай жолдарды жөндеуге және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.

Толық оқу

Ертең Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келеді. Елорда Ресей басшысының сапарына қызу дайындалып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қалада Ресейдің тулары ілінген. Айта кетейік, Путин Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен келе жатыр. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады. 28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Толық оқу

Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты, салдарынан зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. «Жапа шеккен 80 жастағы бір науқас оң жақ қабырғаларының сынығы, білек сүйегі сынығы диагнозымен қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады», — деп жазылған хабарламада. Тексерістен соң бес науқасқа шұғыл ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Олар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаға амбулаторлық бақылауға жіберілді. Бір науқас Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға қатысты полиция да пікір білдірді. «Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде…

Толық оқу