Автор: Асылхан Бөрібай

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Перизат Қайраттың ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, – деп хабарлайды ErtenMedia. Елемесовтің айтуынша, Перизат Қайратқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) және 218-бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. «Қазір бірнеше эпизод бойынша тергеу жүріп жатыр. Олардың қатарында Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде жиналған қаражат пен су тасқынының салдарын жоюға арналған қаржы бар. Қаңтардың соңында жаңа дерек анықталды: ол мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын құру мақсатында аукцион өткізіп, 22 миллион теңгеге жуық қаражат жинаған. Алайда бұл ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», – деді Елемесов. Оның мәлімдеуінше, жиналған…

Толық оқу

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін растады, – деп хабарлайды ErtenMedia. 20 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Ғайни Алашбаева ақша жымқыру ісі бойынша күдікті деп танылғаны туралы ақпарат тарады. Мәжіліс дәлізінде журналистер ҚМА басшысының орынбасарынан бұл мәліметтің рас-өтірігін сұрады. Елемесовтың айтуынша, Алашбаева алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша күдікке ілінген. «Перизат Қайраттың анасы Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Әзірге оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ», – деді Елемесов. Оның сөзінше, бұл іс бойынша басқа күдіктілер жоқ. Айта кетейік, 2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа 1,5 миллиард теңгені…

Толық оқу

Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатыр, оған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша келісімшарты 2025 жылдың басында аяқталатын жастар қатыса алады, — деп хабарлайды ErtenMedia. 17 ақпаннан бастап «Отбасы банкінде» «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында осы азаматтарды одан әрі кредиттеуге төлем қабілеттілігін растау рәсімі басталды. Төлем қабілеттілігін тексеруге жолдамаларды тұрғын үй орталығы электрондық және қағаз форматта ұсынады. Электрондық нұсқалар қатысушыларға WhatsApp арқылы көрсетілген телефон нөмірлеріне жіберіледі. Біліктілік алу үшін қажетті құжат берілген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды болады. Жолдамасы бар жастарға квалификация алу үшін мына мекенжайлар бойынша банк филиалдарына жүгіну қажет:…

Толық оқу

Жетісу облысында үшінші қант зауытының құрылысын жүргізу туралы инвесторлармен келісімдер жасалуда. Егер өңірде үшінші зауыт салынса, жыла 1 млн тоннаға дейін қант қызылшасын өңделетін болады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты. – Биыл Көксу қант зауытына 60 млн еуроға модернизациялық жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сол арқылы зауыттың жылдық қуаттылығы 500 мың тоннаға жетті. Ал Ақсу қант зауытының қуаттылығы – 350-400 мың тонна. Сонда қазірдің өзінде 800-900 мың тонна қызылша өңдеуге қабілетіміз бар. Жетісу жерінің құнары жеткілікті. Оған қоса суару жүйелерін жаңғыртып, суармалы жерлердің көлемін арттырамыз. Сол кезде қант қызылшасының көлемін…

Толық оқу

Жетісу облысында үшінші қант зауытының құрылысын жүргізу туралы инвесторлармен келісімдер жасалып жатыр. Соның нәтижесінде 1 млн. тоннаға дейін қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндік туады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Биыл Көксу қант зауытына 60 млн евроға модернизациялық жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сол арқылы зауыттың жылдық қуаттылығы 500 мың тоннаға жетеді. Ал Ақсу қант зауытының қуаттылығы — 350-400 мың тонна. Сонда қазірдің өзінде 800-900 мың тонна қызылша өңдеуге қабілетіміз бар. Жетісу жерінің құнары жеткілікті. Оған қоса суару жүйелерін жаңғыртып, суармалы жерлердің көлемін арттырамыз. Сол кезде қант қызылшасының көлемін 1 000…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Орынбор облысына барды. Сапар аясында ол Орынбор облысының вице-губернаторы  — Үкімет төрағасының экономикалық және инвестициялық саясат жөніндегі орынбасары Игнат Петуховпен кездесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен бизнесті дамытудың  негізгі мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті туралы айтып, кәсіпорындардың қолайлы жұмыс істеуі үшін заңнамалық деңгейде бірқатар преференциялар мен жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі Сонымен қатар, БҚО әкімі екі өңір арасындағы тұрақты әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, экономикалық байланыстардың оң динамикасын ерекше атап өтті. «Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар берік…

Толық оқу

Депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы өткір әрі даулы мәселелерге байланысты ашық пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Adal Adam арнасына берген сұхбатында заңнамалық өзгерістерге қатысты шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың белсенді әрекет ететінін, кей жағдайда олардың тіпті жеке басқа өтіп, ар-намысқа тиетінін атап өтті. «Иесіз иттерге байланысты заң жобасын ұсынғанымызда бізге қарсы үлкен ақпараттық шабуыл жасалды. АҚШ-тың көптеген штаттарында, Израильде және Еуропаның бірқатар елінде көшеде қаңғып жүрген иттерді белгілі уақыттан соң эвтаназиялайды. Осы норманы біздің заңға енгізгенімізде, зооқорғаушылар қатты қарсылық танытты. Олардың артында шетелдік қаржы тұр деген ақпараттар да бар. Бір қызығы, ақбөкен немесе итбалық жаппай қырылғанда үндемей қалғандар иттің мәселесі…

Толық оқу

Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы оқу орындары, әлеуметтік серіктес саналатын кәсіпорындар, «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері дуальды оқытудың маңызын талқылады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жұмысшы мамандықтар жылында жоғары білікті кадрларды даярлауға баса назар аударып, практикаға бағдарланған білім беруді дамыту қажет. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі «Дуальды оқыту – елдің тұрақты дамуының маңызды бөлігі. 2024 жылы 4936 студент оқу бітіріп, оның 4275-і жұмысқа орналасты. Дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға әсер етеді», — деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек. ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, дуальды оқыту 44 мамандық бойынша 27 колледжде жүзеге асырылады. Яғни, 5000-нан…

Толық оқу

Қазақстандық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қорқытып алумен айналысқаны және алаяқтық жасағаны үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұрын сотталғандардан құралған бұл топ 2022-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен тұрғындарына күш қолданып, бопсалау, қарызды өндіріп алу және қорғаншылық көрсетумен айналысқан. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі және мүшелері қазір әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. «2024 жылғы тамызда ол Ресей Федерациясының Амур облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұл қылмыстарды жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, жетi…

Толық оқу

Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь арасында кездесу өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сауда айналымының өсуі Алматы облысы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамуда. Қытайлық инвестициялар өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда маңызды рөл атқарады. ҚХР-мен келесі жобалар сәтті жүзеге асырылды: • ТОО «КИК Жібек Жолы» – тамшылатып суару технологияларын енгізу (7,5 млрд теңге, 450 жұмыс орны). • ТОО «КИК Жібек Жолы» – құрғақ сүт өндіру зауытының құрылысы (7,5 млрд теңге, 27 жұмыс орны). • ТОО «КИК…

Толық оқу