Автор: Асылхан Бөрібай

Маңғыстау облысында балық түрлерін көбейту және аквашаруашылық әлеуетін кеңейту мақсатында жаңа жобалар қолға алынып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Балық шаруашылығы басқармасына қарасты мекемелердің қызметімен және саладағы инновациялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Маңғыстау өңірі Каспий теңізі жағалауында орналасқандықтан, балық шаруашылығы бұл аймақ үшін стратегиялық маңызға ие. Дегенмен, аймақта негізінен бекіре тұқымдас балықтарды өсіру қалыптасқан. Балық түрлерін көбейту және аквашаруашылық әлеуетін кеңейту мақсатында жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Соның бірі – Ақтау қаласындағы «Сұлтан Агро» ЖШС жылыжай кешенінде іске асырылып жатқан «Каспий албырт (Каспийский лосось) тұқымдас балығының аналық үйірін қалыптастыру…

Толық оқу

Түркістан облысында қуаты 1 мың МВт-қа дейін жететін бу-газ станциясы салынып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысы айтқан «Дамыған аймақтар – қуатты экономика» қағидатын іске асыруда Түркістан облысында нақты қадамдар жасалып жатыр. Сайрам ауданында салынып жатқан қуаты 1 мың МВт болатын электростанция іске қосылғанда Түркістан облысында энергия тапшылығы шешіледі. «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы – «БГҚ Түркістан» ЖШС қолға алған бу-газ станциясының құрылысы Сайрам ауданының Қарамұрт елді мекенінде жүзеге асуда. Оңтүстік Кореяның «Doosan Enerbility» және Қазақстандық «Bazis Construction» компаниялар консорциумы іске асырып жатқан жоба 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысындағы энергия тапшылығын еңсеруге көмек көрсететін жаңа буын энергия өндіретін кәсіпорын болмақ.…

Толық оқу

18 ақпанда Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей делегациялары арасында Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл — соңғы бірнеше жылдағы Мәскеу мен Вашингтон арасындағы алғашқы ауқымды кездесу. Ресейлік тікелей инвестициялар қорының (РФПИ) бас директоры Кирилл Дмитриев келіссөздерге қатысып, экономикалық мәселелер бойынша жауапты болатынын мәлімдеді. «Кездесуде Сауд Арабиясын сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Аль Сауд пен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Мусаид бен Мұхаммед Аль-Айбан өкілдік етіп жатыр», деп жазады РБК. Кирилл Дмитриевтің айтуынша, ресейлік делегация америкалық тарапқа сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бірнеше ұсыныс жасаған. Ол нақты қандай ұсыныстар туралы сөз болғанын ашып айтпады, бірақ Ресей мен…

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға ресми сапары барысында ҚХР Жер сілкіністері агенттігінің президенті Ван Кунь мырзамен кездесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Айта кетейік, Қытайдың Жер сілкіністері агенттігі (China Earthquake Administration, CEA) – елдегі сейсмикалық белсенділікті бақылау, болжау, сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау және оған әрекет етуге жауапты мемлекеттік орган. Ерболат Досаев агенттіктің табиғи апаттар қаупін азайту бағытындағы жұмысы туралы танысып, Алматыда сейсмикалық қауіп-қатерді төмендету бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады. «Қазақстан аумағының 40%-дан астамы жер сілкінісі қаупі бар аймақта орналасқан. Біз Еуразиядағы сейсмикалық белдеулер жүйесіне кіреміз. Ал Алматының өзі сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Сондықтан «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030…

Толық оқу

Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Бақдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты. Сондай-ақ 4-сынып оқушысы Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.

Толық оқу

Петропавлдағы «Береке» шағын ауданы заманауи әлеуметтік инфрақұрылымның орталығына айналып келеді. Мұнда жаңа арнайы мектеп, балабақша және спорт кешені ашылды. Енді бұл нысандардың қатарына 600 орындық жайлы мектеп қосылады, — деп хабарлайды ErtenMedia. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Берекедегі» жайлы мектептің құрылыс алаңында болып, жұмыстардың сапасын тексерді. Қазір қасбетті қаптау, ішкі инженерлік желілерді монтаждау және едендерді құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сыртқы инженерлік желілер тартылған, ал нысанның өзі осы жазда пайдалануға беріледі. «Жаңа оқу жылында аудан оқушылары кең, заманауи және ыңғайлы білім ордасының есігін ашады. Мұнда физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша жаңа үлгідегі оқу кабинеттері, сондай-ақ STEM-зертхана, робототехника, интерактивті тақталар, шеберханалар және кең…

Толық оқу

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады. Бұл туралы Tenrginews жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаты: DE BEERS сырғасы, жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген, құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған. Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар. YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен безендірілген. Айта кетейік, бұған дейін құны бір-бір үйдің бағасына…

Толық оқу

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында «Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту мәселесі қаралды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жиында Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларын бөлісті. Оның айтуынша, Кендірлі ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарды түзету жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады. Кендірлінің туристік және экономикалық әлеуетін арттыру үшін көлік қатынасын жақсарту мақсатында «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан шекарасы» бағыты бойынша автожолды қайта жаңарту жұмыстары басталады. Жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын бұл жол IV техникалық санатқа жатады. Жөндеу жұмыстары аясында жол төсемін нығайту және жаңарту жоспарланған. Аймаққа қолжетімділікті…

Толық оқу

Алматы облысында су тасқыны жағдайына байланысты күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жаңадан әзірленген «Tasqyn» ақпараттық жүйесі енгізіліп, мамандар арнайы оқытылуда, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл жүйені Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген. Облыста су деңгейін бақылау үшін 42 гидропост орнатылды, оның ішінде 27-сі «Қазгидрометке», ал 15-і «Қазселденқорғау» мекемесіне тиесілі. Бақылау нәтижесінде өзен арналарының су өткізу қабілеті тұрақты екені анықталды. Аймақтағы «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» су қоймаларында су толтыру штаттық режимде жүргізілуде. Бүгінде су толтыру деңгейі 31%-дан 92%-ға дейінгі көрсеткіштерді құрайды: Бестөбе – 30,5% Күрті – 53,9% Бартоғай – 78,3% Қапшағай – 92,6% Қалған…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы су тасқыны туралы болжамдар және су тасқыны кезеңінде тараптардың өзара әрекеттесуі болды. Орынбор облысының мемлекеттік органдарының өкілдері облыстағы гидрометеорологиялық жағдай, көктемгі су тасқынына дайындық шаралары және басқа да негізгі аспектілер туралы баяндамалар жасады. «Батыс Қазақстан облысы үшін ең маңызды табиғи нысан әрі негізгі ауызсу және су қамтамасыз ету көзі – Жайық өзені бассейні. Оның бойында 87 елді мекен…

Толық оқу