Автор: Асылхан Бөрібай

Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Ол 1989 жылы дүниеге келген. 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы  Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған. 2011-2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор; 2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер; 2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы; 2019-2020…

Толық оқу

Алматы әкімдігі мен Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы Air China арасында рейстерді ашуға жәрдемдесу туралы меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Құжатқа Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында және China National Aviation Holding Company президенті Ма Чонсянь мырзамен кездесу кезінде қол қойды. «Алматы — Бейжің» және «Алматы — Чэнду» жаңа әуе рейстері ашылады деп күтіліп отыр. Биыл Қытайдан туристік ағынның өсуі күтілуде, бұл Алматының мәдени және іскерлік орталық ретінде дамуы үшін маңызды. Жаңа бағыттарды іске қосу маусым айына жоспарланған. Алматы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастырып отыр. Биыл қалаға 2,3 миллион турист, оның ішінде 700 мың шетелдік қонақ келеді деп болжанған. Өткен жылы…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар баяндалып, қыс мезгілінде жолдардағы қауіпсіздік пен жолдардың сапасы, жылыту маусымының өту барысы сараланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Аймақ басшысы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. «Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бағдарламалардың іске асуы қатаң бақылауда тұр. Әрбір істі аса жауапкершілікпен орындау керек. Өткен аптада 6 ауданды аралап шығып, тазалығын да зерделедік. Алдағы уақытта да тұрақты түрде қадағалап тұрамыз. «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы үйлестіре алмаған басшылардың жауапкершілігі қаралады. Тәртіп пен жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық сауаттылықты көтеру қажет», – деді Нұралхан Көшеров.…

Толық оқу

Жетісуды дамытуда ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу, өндірісті өркендету, туризм, цифрландыру бағыттарына басымдық беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Журналистің өткен жылдың қорытындысы және алдағы жоспарлар туралы сұрағына жауап беру барысында облыс басшысы негізгі әлеуметтік экономикалық индикаторлар бойынша Жетісу облысы республикада өткен жылы 2-ші орынға ие болғанын атап өтті. «Әлеуметтік экономикалық қысқа мерзімде индикатор 114,8 % құрады. Ал экономикалық өсім 9-10%-дың көлемінде болады күтілуде, оның қорытындылары алдағы наурыз айында шығады. Өткен жылы өндіріс көлемі 3,4%-ға, ауылшаруашылығы 3%-ға, сауда 1,2 есеге, құрылыс…

Толық оқу

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Берік Уәли бұған дейін Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы қызметін атқарды. «Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған Ақорданың хабарламасында. Берік Уәли кім, бұған дейін қандай қызмет атқарды? Берік Уәли 1977 жылы Семейде дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған. 1998-1999 жылдары – «НТК» телеарнасында…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы Шығармашылық-инновациялық орталықтың құрылысымен танысты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Орталықты «Bi Global» серіктестігі салып жатыр. Жалпы ауданы 3820,43 шаршы метрлік ғимараттың бас жобалаушысы «TEHNIKALIQ BAQILAU» , техникалық қадағалаушысы «Алатау Сапа Құрылыс» серіктестіктері. Орталықта балаларға спорттық сауықтыру, көркем — эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағыттарында қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдары, соңғы үлгідегі бассейн қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда оқушылардың білімін жетілдіріп, ғылыми жұмыстармен айналысуына мүмкіндік болады. Қаланың көлік қозғалысы қарқынды көшелерінің біріндегі құрылыс алаңында сәулетті ғимарат бой көтеретін күн жақын. Орталықты межелі мерзімде табыстау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, өңірде құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары.…

Толық оқу

Түркістан облысының аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың жұмысын бағалау мақсатында арнайы рейтингті есептеу жүйесі әзірленді, — деп хабарлайды ErtenMedia Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу саласындағы жоспарлардың орындалуына да қадағалау күшейтіледі. Аталған мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға өз міндеттерін уақтылы әрі сапалы атқару міндет екенін қаперлеріне салды. «Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының жұмыс қарқыны тұрақты түрде қадағаланады. Индикаторлардың орындалуын аппарат мәжілістерінде жүйелі талқылаймыз. Сондықтан аудан, қала әкімдері осы мәселені назарда ұстап, индикаторлардың толық орындауға күш салсын. Индикаторларды тағы да зерделеп, қажетті тармақтарды қосыңыздар. Барлық сала түгел…

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға ресми сапары аясында Бейжің қалалық жоспарлау орталығының жұмысымен танысты. Бұл бірегей мекеме заманауи қала құрылысы мен даму әдістерін көрсетеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ерболат Досаев 2016–2035 жылдарға арналған Бейжіңнің Бас жоспарының негізгі аспектілерін, соның ішінде экологиялық және қала құрылысы мәселелерін зерттеді. Ол Алматы мен Бейжіңнің көпорталықты даму моделін ұстанатынын атап өтті, бұл қала орталығы мен аудандар арасындағы жүктемені тең бөлуге көмектеседі. Бұл тұрғындарға жайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды экологиялық талаптарды ескере отырып дамытуға мүмкіндік береді. Әкім Бейжіңнің озық тәжірибесін Алматыға енгізудің маңыздылығын атап, қаламыздың тұрақты дамуына ықпал ететінін айтты.

Толық оқу

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Берік Асылов еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады; криминогендік жағдай және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық қақын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жөнінде есеп берді: – прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатқан, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді. 4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеген. Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылған; – Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталған;…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен барып, Тұрбат ауылында орналасқан «Сайдусман ата» шаруа қожалығында болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Аталған жылыжайда жылына 600 тонна көкөніс өндіріліп, 5 млн дана көшет жерсіндіріледі. Оның ішінде 360 тонна қызанақ, 240 тонна қияр ішкі нарықта сатылымға шығарылады. Жылыжай аумағы 4 гектарды құрайды. 1 гектар жерге көшет өндіріліп, қалған 3 гектары көкөніс өсіруге бағытталған. Мұнда 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аралау барысында облыс әкімі жылыжай кешенінің жұмысын пысықтап, жауаптыларға агроөнеркәсіп бағытындағы жұмыстарды ширатуды жүктеді. Ауыл шаруашылығы саласының үздіксіз дамуына «Ауыл аманаты» жобасы таптырмас мүмкіндік екенін айтып, өңірде егістікті әртараптандыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу, жылыжай…

Толық оқу