Бүгінгі таңда TikTok әлеуметтік желісі әлемнің түкпір-түкпірінде үлкен танымалдыққа ие. Біздің елде де бұл желінің қолданушылар саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Көрші елге тиесілі бұл платформаны кей креативті жандар жасөспірімдерді білімге, ел тарихына қызықтыруға пайдаланып та жүр. Бірақ ондай контент саны өзге контентпен салыстырғанда шөлге тастаған жүзіктей тым аз. TikTok-тағы контенттің басым бөлігі қандай сарында екенін мен айтпасам да, өздеріңіз байқап жүрсіздер. Сол көңіл көншітпейтін контенттің көптігінен Павловтың: «Счастье — где-то между свободой и дисциплиной» дегені ойға келеді. Иә, дұрыс түсініп отырсыздар, мен бұл платформаны «ішінара» шектеу жайына өз бес тиынымды қыстырмақпын. Жастарымыздың назарын жаулаған бұл платформаға белгілі бір шектеулер…
Автор: editor
Бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігі, кибербуллинг, онлайн платформалардың, әсіресе, TikTok әлеуметтік желісінің жастарға теріс әсері жөнінде ҚР Парламенті Сенаты мінберінен депутаттық сауал жолдағанымызға жеті айдан асыпты. Артынша Парламент Мәжілісіндегі «Аманат» партиясының депутаттық фракциясы да TikTok-тың жастардың руханияты мен психикалық денсаулығына кері әсері барын алға тартып, Үкімет басшысынан платформаны шектеуді сұраған болатын. Депутаттардың талабы бойынша тиісті министрліктер ел аумағында жұмыс істейтін әлеуметтік желілердің заңнамаға сай жұмыс жасауына талдау жүргізіп, қолданушылардың қауіпсіздігіне қатысты талаптарды қатаңдататынын мәлімдеген болатын. Алайда, бүгінгі таңда TikTok парақшаларындағы контенттерді қарай отырып, платформадағы сүзгі тетіктерін әлі де жетілдіруіміз қажеттігін пайымдайсың. TikTok-тың 80 пайызға дейінгі қолданушыларының 13-24 жас арасындағы жастар…
Қарағанды облысында мал ұрлығы бойынша сотталған азаматтың жұбайы әділетсіздікке тап болғанын айтып шағымданды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Halyq Uni-не сілтеп. Оның сөзінше, күйеуі ауылда бірге мал өсіріп, Үкіметтен субсидия алуға оқталып отырғанда малын жоғалтқан адамның арызы негізінде жазықсыз ұзақ жылға қамалып кеткен. Бір қызығы, 5 бас сиырынан айрылған жәбірленуші адам сотталған адамнан өтемақы талап етпеген. Ал полиция тергеу барысында күдік туғызатын бірнеше жайтқа жол берген. Мал ұрлығының өзі былтыр Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар аулында болған. Ауыл тұрғыны Нығметжан Омаров өрісте жүрген 5 бас тайыншасын ұрлаттым деп 7 қарашада полицияға шағымданады. Сол уақытта үйінде қасапшыларды жалдап, 13 бас сиырын сойдырып,…
Алматы облысы «Сапалы білім» номинациясы бойынша World Innovation Award 2024 жүлдесін жеңіп алып, халықаралық деңгейде танылды. Аймақ табысты білім беру жобалары мен реформаларының арқасында 128 ел арасында көш бастады. Негізгі жетістіктер: — Жаңа мектептер: 19 мектеп салынды, 18 мың оқу орны құрылды. — Жеке инвестициялар: жеке қаражат есебінен 5 заманауи мектеп салынды. Үш ауысымда оқитын мектептер саны 52-ден 39-ға дейін төмендеді. — Халықаралық ынтымақтастық: 12 оқушы Қытайда оқуға грант алды, сондай-ақ Қонаевта шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын құру туралы Меморандумға қол қойылды. — Таланттарды қолдау: «50 табысты мектеп» бағдарламасы 42 мың оқушы мен 3 мыңнан астам педагогты қамтыды. 145 оқушы…
Астанада қанша қазақ мектебі бар? Оның қаншасы орыс және аралас мектеп саналады? Онда қанша бала оқиды? Үшауысымды мектептердің мәселесі қалай шешімін тауып жатыр? Білім басқармасы маңызды сауалдарға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Qaz365.kz-ке сілтеп. 2024-2025 оқу жылы Астанада жалпы білім беретін мектептер саны – 188, оның ішінде 109-ы мемлекеттік, 72-сі жеке меншік, 7-і республикалық мектеп. Қалада 35 қазақ мектебі бар. Онда 71 702 бала қазақ тілінде білім алады. 1 ғана орыс мектебі қалған. Онда 293 бала оқып жатыр. Аралас мектеп саны — 69. Онда 161 124 бала оқиды. Білім басқармасының мәліметінше, кез келген ата-ананың баланы мектепке берерде оқыту тілін…
ҰҚК-да тағы да тағайындау жүргізілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Руслан Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. «Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.
Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов олигархтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген кредит беру практикасын сынға алғаннан бері, оған қарсы анонимді телеграм арналардан бастап, түрлі сарапшылар тарапынан негізсіз сын көбейген, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz DALA INSIDE арнасына сілтеп. «Ескі олигархтар биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастады. Өздерінің идеологтары бар және олар 2029 жылғы президент сайлауына тыңғылықты дайындық жасап, жоспар әзірлеуде. Әлихан Смайыловтың олигархтарға қаржыландыру беріп отырған Қазақстан Даму банкінің жұмысына араласа бастауы олардың ашуын туғызып отыр. Сондықтан олигархат түрлі ақпараттық шабуылдар арқылы Әлихан Асханұлына «аяғыңды тарт» деген сигнал бергісі келеді», — дейді, DALA…
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазасын қалай өтеп жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. Тамызда сот Тұрғымбаевқа лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде 5 жылға үкім шығарды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі 2024 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді, оған шағым түспеген. «Сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленді, оны уәкілетті мемлекеттік орган тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы жүзеге асырады», – деп жазылған сот мәліметінде. Пробациялық бақылау қағидалары бойынша Тұрғымбаевтың уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін немесе жұмысын өзгертуге құқығы жоқ. Сотта «экс министр арнайы білезік таға ма» деген сұраққа да жауап…
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері 1,995 миллион долларға сатылымға шығарылды. Мұны жергілікті жылжымайтын мүлік агрегаторларының мәліметтері айғақтайды. Әңгіме Wall Street 55 мекен жайында орналасқан үйдегі пәтер туралы болып отыр. Пәтер — Болат Назарбаевтың бүгінгі күні белгілі болып отырған Америкадағы соңғы жылжымайтын мүлігі. Бұл туралы «Выход к морю» арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Арна мәліметінше, бір кездері Нью-Йорк қор биржасы, кеден және Citibank кеңселері Wall Street 55 мекен жайында орналасқан еді. Иелері ғимаратты кондоминиумға айналдырмас бұрын мұнда зәулім қонақүй болған. 2006 жылғы соңғы жөндеуден кейінгі алғашқы пәтер сатып алушылар қатарында актер Мики Рурк пен супермодель Наоми…
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өзіне сұрақ қойған журналиске кеңес берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкіметтің баспасөз орталығында Бозымбаевқа БАҚ өкілі тарапынан сұрақ қойылды. «Бұған дейін сіз премьер-министр болады деген әңгіме көп айтылды. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?» — деді журналист. Бозымбаев сұраққа жауап бермей, кеңес берді. «Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз», – деді премьер-министрдің орынбасары. Айта кетейік, Қанат Бозымбаев биыл 31 наурызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
