Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірде 1 700 гектардан тұратын өңірлік маңызы бар 14 индустриалды аймақ болса, оның ішіндегі 5-еуі соңғы 1 жылдың ішінде құрылды. Сонымен қатар Арыс қаласындағы «Мега-Агат» және Ордабасы ауданындағы «Бөкей» компанияларының ұсыныстары бойынша 2 жеке индустриалды аймақ құрылып, жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған индустриалды аймақтардың саны 16-ны құрап отыр. Ол өндірістік аймақтарда бүгінгі күнге 120 млрд теңгені құрайтын 82 жоба жүзеге асырылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыру, жаңа жобаларды жүзеге…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. Бүгінде бұл өңір жасанды көлдерде балық өсіру бойынша көш бастап тұр. Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 104 су айдыны бар. Оның ішінде 82-сі жергілікті маңызды су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Тауарлы балық өсірумен 231 кәсіпкерлік субъектісі айналысады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды. Осы ретте жұмысшы топ өкілдері Отырар, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандарына арнайы барып, балық шаруашылығымен айналысатын және айналысуға ниетті кәсіпкерлермен кездесті.…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде мәдениет және спорт салаларын дамыту жолдары, өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы аталған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелеуді және жандандыруды тапсырды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Мәдениет және спорт – елдің еңсесін көтеріп, сана-сезімін өгертіп, қоғамға әсер ететін салалар. Мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандырып, қазақтың өнерін, мәдениетін, салт-дәстүрін жас өскіннің бойына сіңіру керек. Облыс аумағындағы мәдениет және спорт нысандарының бірінші кезекте қажеттілігін анықтау бойынша бекітілген критерийге сәйкес 3 жылдық кешенді жоспарды қайта бекітуді тапсырамын. Облыстағы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және тағы басқа әлеуметтік…
Алматы облыстық балық аулау федерациясы Қонаев қаласы әкімдігімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасында балық аулаудан ашық біріншілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарысқа Алматы облысының бірнеше өңірінен, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларынан балықшылар қатысты. Барлығы 15 команда (әрқайсысы 3 адамнан) жеке және командалық есеп бойынша өзара сынға түсті. Біріншілік 5 сағатқа созылды. Жарыс барысында барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Бұл күні мұздың қалыңдығы 70 см болды. Нәтижесінде ең үлкен балықты аулап, «Big Fish» арнайы жүлдесін Е. Кембаев жеңіп алды. Жеке есепте 1-орынды К. Курбанов, 2-орынды Д. Канавалов, 3-орынды Н. Шуляков иеленді. Ал командалық есепте…
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Менің аулам» челленджін бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараның мақсаты – өз кезегінде ұжым ауланы таза ұстауға, отбасы мүшелерін ортақ бір іске жұмылдыруға, балалардың бойында қамқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры аталған челленджді Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымына жолдап, тазалық пен жауапкершілік дәстүрін жалғастыруға үндеді. – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында осындай игі істі бастаудағы мақсатымыз – мәдениет мекемелері…
Қазақстанда қай мамандық иелеріне жоғары жалақы ұсынылатыны белгілі болды, деп хабарлайды ErtenMedia. Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер мен ізденушілердің белсенділігі әртүрлі болды: егер бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды. Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды. Қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті – жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға (+70%) көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8…
Өткен жылы Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарының қолдауымен 35 жасқа дейінгі 7 695 жас жұмысқа орналастырылды. Солардың арасында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өтіп, жұмысқа тұрған, грант алып, кәсіп ашқан жастар да бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, былтыр жастар арасынан қоғамдық жұмыстарға 1 322 адам, жастар практикасына 1 150 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 125 жас, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша 575 адам, «Ұрпақтар келісім-шартымен» 31 адам жұмысқа тұрғызылған. Бұдан бөлек, грант алғандар да, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар да бар. Мәселен, қысқа…
Астана прокуратурасы Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің тергеу барысын мәлімдеді. Өйткені тергеу 10 айға созылған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Астана прокуратурасы Tengrinews.kz-тің «Сәкен Мамашқа қатысты тергеу аяқталды ма?» деген сұрағына жауап берген. Прокуратураның мәліметінше, қазір Есіл аудандық полиция басқармасы Карина Мамаштың арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға немесе көрінеу дәрменсіз жағдайдағы адамға қатысты азаптау») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алайда тергеу барысы туралы қосымша ақпарат беруден бас тартылған. 2024 жылы Карина Мамаш «НеМолчи.kz» қоры арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және 10 жыл бойы күйеуінен қысым көргенін мәлімдеді. Ол кезде Сәкен Мамаш Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінде…
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақыны жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бюро мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 308 717 теңге, ал орташа жалақы 434 982 теңге болған. Айта кетейік, 2024 жылы III тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 269 378 теңге, ал орташа жалақы 390 328 теңге болды. 2023 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда жалақы 10,5 пайызға, инфляцияны ескере отырып 1,8 пайызға өсті. Орташа жалақының өсуі жалақы қоры ұлғаюымен, жылдық бонустармен, мерекелік сыйақылармен байланысты. Бір жылдағы жалақының ең жоғары өсімі мына салаларда тіркелді: Ақпарат және байланыс — +32,8 пайыз; Ауыл, орман және балық шаруашылығы — +22,7 пайыз;…
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ескі Қазақстан неліктен әлі күнге «тіс қайрап отырғанын» айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, қазір қоғамды теңселтуге, әлдебір протестік қозғалыстар тудыруға мүдделі топтар бар. «Ежелден келе жатқан оппозициялық күштерді айтпағанның өзінде, көршілер тарапынан Қазақстандағы саяси жағдайларға, басқа да жағдайларға әсер етуге тырысатын сыртқы күштер бар. Көршілер деп айтайын. Одан кейін өз ішімізде өшпенділігі қалған, кек тұтып жүрген саяси топтар бар. Ресми саяси топтар емес, астыртын жұмыс істеп жатқан топтар. Одан кейінгі негізгі күш — Ескі Қазақстан. Бұл күштің әлеуеті де, қаржылық-материалдық жағдайы да жоғары, адами ресурстары да күшті, қазіргі технологияны, интернет ресурстарды пайдалану мүмкіндігі де…
