Автор: Асылхан Бөрібай

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан кезінде Атырау облысының әкімі болған Бергей Рысқалиевке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia. Бергей елге оралғысы келе ме, Абзал Құспан оның айыбы бар деп ойлай ма? Депутат осы тектес сауалдарға жауап берді. Рысқалиевке қатысты іс жалпақ жұртқа жақсы таныс. «Кезінде Атырауда атышулы іс болды. Ол кезде Бергей Рысқалиев кетіп қалды. Командасы, 22 шенеуніктің үстінен іс жүріп жатты. Сол кезде қала әкімі болған бір азаматты қорғадым. Үлкен іс болды. Сол кездегі ең резонансты істің бірі болды», — дейді заңгер Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында. Заңгер Абзал Құспан өзін Бергей Рысқалиевпен не байланыстырады деген сауалға жауап берді.…

Толық оқу

Бүгін Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының «Саяжай» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 600 орындық білім ошағының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз облысымыздың экономикалық өсіміне оң бағасын берді. Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта…

Толық оқу

Бірнеше күннен бері БАҚ пен әлеуметтік желіде «Астананың бас имамына тиесілі» делінген зәулім сарай төңірегінде қызу талқы жүріп жатыр. Бұл үй шын мәнінде кімдікі екені анықталды, — деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін желіде тараған видеода белгісіз ер адам «бас имамның үйі мешіт сияқты үлкен екенін, оның төрт әйелі барын» айтқан еді. «Не деген сарай мынау?! Төрт әйелі бар дейді. Жаңа осы үйдің аспазын алып келдім. Аспазы бар тағы. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді», — дейді видеода ер адам. Кейінірек Астананың бас имамы Ербол Жүсіпов бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді. «Әлеуметтік желіде белгісіз бір азамат жалған парақша арқылы «Мынау тұрған зәулім үй Астана…

Толық оқу

ІІМ ұрланған қаруды тәркілеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, заңсыз айналымнан қару-жарақты, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды анықтау және тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Министрлік мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік кезінде 2960 табельдік және азаматтық қару ұрланған. Бұл ретте соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту және рейдтердің нәтижесінде 8 мыңға жуық атыс және травматикалық қару, 831 граната және түрлі калибрлі 112 мыңнан аса оқ-дәрілер табылып, тәркіленген. Сондай-ақ қару жасырылған 722 орын табылды. «Бүгінгі таңда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі нақты айқындалды. Қалған тәркіленген 6765 қарудың қылмыскерлер тіркеу нөмірлерін қасақана…

Толық оқу

«Әлем Қазақстанға зор сенім артады, бізді «орта держава» ретінде таниды. Алайда бұл жоғары мәртебе тек сыртқы саясаттағы нақты нәтижелермен ғана емес, экономика, инвестиция, ғылым және технология салаларындағы жетістіктермен де бекітілуге тиіс». Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қортындыланып, негізгі міндеттер белгіленген Үкімет отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы тоқталып өткен негізгі салалар бойынша сарапшылар өз пайымдауларымен бөлісті. Экономиканы әртараптандыру Экономист Бауыржан Ысқақов экономиканы әртараптандыру және салық саясатына қатысты өз пікірін білдірді. «Біздің экономикамыз мұнай-газ секілді табыс түсетін 1-2 салаға ғана тәуелді екендігі белгілі. Сондықтан экономиканы әртараптандыру күн тәртібінде тұрған мәселе. Мемлекет басшысы кеңейтілген жиында басқа салаларды дамыту арқылы тұрақтылықты арттыру…

Толық оқу

Президенттің тапсырмасының аясында қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – еліміздің білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Жоба аясында оқушыларға қауіпсіз, ыңғайлы және заманауи білім алу жағдайларын жасау көзделген. Шығыс Қазақстан облысында осы жоба шеңберінде жалпы сыйымдылығы 3 мың орынды құрайтын жеті жаңа мектептің құрылысы жоспарланған болатын. – Бұл бастаманың мақсаты – білім сапасын арттырумен қатар, оқушылар мен мұғалімдер үшін жайлы орта қалыптастыру. Өткен жылдың соңына қарай жоспар бойынша Шемонаиха, Риддер, Өскемен қалаларында (Уәлиев және Тимофеев көшелерінде), сондай-ақ Глубокое ауданының Белоусовка кентінде орналасқан 2100 орындық бес мектептің құрылысы толығымен аяқталды. Салынған мектептерді жергілікті атқарушы органның балансына қабылдау үшін арнайы…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының «Саяжай» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 600 орындық білім ошағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз облысымыздың экономикалық өсіміне оң бағасын берді. Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде…

Толық оқу

Дубайда Тhe UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстары жалғасуда. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынап жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz. «Сұңқар» бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастыруда. Қазақстан ІІМ қызметкерлері «офицерді құтқару» деп аталатын үшінші кезеңнен сәтті өтіп, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептілігін көрсетті. Нәтижесінде олар барлық сынақты 2 минут 11 секундта аяқтады. Полицейлер сайыста сынға түсіп жатқан әріптестерінің видеоларымен бөлісіп, қолдау көрсетіп жатыр. Отандастарының жеңісіне Дубайда жүрген біздің азаматтар да қуануда. Қазақстандағы көрермен де турнирді тікелей эфирде тамашалауда. «Бізді қолдаған жандардың бәріне рақмет. Жерлестердің лебізі бізге…

Толық оқу

Әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот тағы шегерілді, алайда себебі әзірге белгісіз, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Сот өтті, бірақ іс қаралмады, басқа уақытқа кейінге қалдырылды. Процесс жабық болғандықтан, отырыс неге кейінге қалдырылғаны белгісіз», — деп мәлімдеген соттың баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке. Бұған дейін танымал әншіге қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен болатын. Алмас Кішкенбаев не үшін айыпталып отыр? Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, “қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға тиісу және айналасындағыларды сыйламау, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу” ұсақ бұзақылыққа жатады. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 78 640 теңге) көлемінде…

Толық оқу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі — Нұржан Нұржігітов «Jibek Joly» телеарнасындағы «УӘДЕ» бағдарламасына сұхбат берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Министрдің айтуынша, ол 2023 жылдың желтоқсан айында блогер Алтай Айнабекпен кездесіп, оның ұсынған технологиясымен танысқан. «Біріншіден, айтылған 2 млрд 600 млн текше метр су — арнайы гидропосттардан өткен су. Суды өлшейтін арнайы құралдар бар. Бірақ сол судың Аралға жетуі үшін оны реттеу қажет, дұрыс бөлу керек. Сондықтан бұл — нақты дерекке негізделген көрсеткіш» — деді министр. Министр кез келген жаңа технология немесе әдістеме ғылыми негізде дәлелденуі тиіс екенін атап өтті. «Екіншіден, мен ол жігітпен таныспын (Алтай Айнабек). 2023 жылдың желтоқсан…

Толық оқу