Автор: Асылхан Бөрібай

2024 жылы Абай облысында 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 100,1% құрап, жүздеген отбасыларға жаңа баспаналы болуға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерге ерекше назар аударылды. Жалпы ауданы 79,5 мың шаршы метр болатын 1070 пәтер сатып алынған. Осылайша 2024 жылы кезекте тұрған 848 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде жетім балалар – 155, халықтың әлеуметтік осал топтары – 307, көп балалы отбасылар – 225, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 91, жалғыз баспанасы апатты тұрғын үй…

Толық оқу

Әдетте біздер «Қазақстан мұнайлы ел, мұнай химиясын дамытуымыз керек» деп жүргенде, мұнайдың да шеті көрініп қалғаны жасырын емес. Нақты барлау жұмыстарына назар аударсақ, алдағы 50-60 жылда мұнайдың да түбі көрінуі бек мүмкін. Қазыналы қазақ жерінің жер қойнауында мұнайдан гөрі көмірдің мол қоры бар. Мамандар оны 500-600 жылға дейін алаңсыз өндіруге болатынын алға тартуда. Бірақ қазір төрткүл дүние баяғыдай көмір жағып, қуат көзін өндіруден бас тартып жатқаны белгілі. Мұндай жағдайда көмірді тек қана отын-энергетика көзі ретінде әсте пайдалануға болмайды. Бірақ көмір химиясының келешегі зор. Кезінде Екінші дүниежүзілік соғыста неміс басқыншылары көмір химиясын дамытып, танктеріне көмірден шыққан дизель отынын құйып, әскери операцияларын…

Толық оқу

Бір топ депутат мобильді аударымдарды бақылау шартын қайта қарап, оны азаматтар мен шағын бизнеске жасайтын қысым құралына айналдырмауды талап етіп отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутат Азат Перуашев өз сауалын вице-премьер, экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады. «Жаңа жылдан бастап күшіне енген мобильді аударымдарды бақылау қоғамда қызу талқылануда, бұл кәсіпкерлер мен азаматтар тарапынан наразылық тудырып отыр. «Ақ жол»фракциясы 2023-2024 жылдары осы жаңашылдықты қарастырудың бүкіл кезеңінде салық органдарының ұстанымдарын талай рет сынады, басқа елдердегі төлемдер мониторингінің мысалдарын келтіріп, азаматтар мен шағын бизнеске жаппай қысым жасамайтын бақылаудың неғұрлым либералды түрін ұсынды», — дейді депутат. Депутаттың сөзіне сенсек, бүгінде шағын бизнес жиірек қолма-қол төлемдерге…

Толық оқу
Ұшақ апаты сынама

Экологтар 25 желтоқсанда Ақтауда Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы апатқа ұшыраған жерде жұмыс істеп, оқиға орнынан топырақ сынамаларын алған, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. InAktau.kz мәліметіне сүйенсек, бұл жұмыспен Маңғыстау облысының бейінді ведомствосының өкілдері айналысқан. «Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Embraer 190 ұшағы апатқа ұшыраған жерде қоршаған орта қаншалық ластанғанын анықтау мақсатында топырақ сынамаларын алды», — деп жазылған материалда. Бұл тергеу жүргізу үшін қажет болған. Нәтижелер кейінірек белгілі болады, мемлекеттік орган мәліметінше, ол қосымша хабарланады. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190…

Толық оқу

ҚМДБ әлеуметтік желідегі әрекеттерге, кибербуллингке байланысты пәтуа жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау. Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған», — деп мәлімдеді ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайұлы. ҚМДБ Құраннан мынадай сүрелер келтірген: Алла Тағала Құранда былай деген: «Уа, иман келтіргендер! Ешбір қауым екінші бір басқа қауымды мазақ етпесін! Бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Әйелдер де басқа әйелдерді (мазақ етпесін) бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Сондай-ақ өз-өздеріңді даттамаңдар әрі бір-біріңе жаман лақап тақпаңдар …» («Хұжұрат» сүресі, 11-аят). Пайғамбарымыз (оған…

Толық оқу

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны баршаға мәлім. Бұл бастама еңбекқорлық пен кәсіби маман қалыптастыру идеясын дәріптейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді қабылдау барысында: «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажет. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы біз қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеяларын насихаттаймыз», – деген болатын. Биыл мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға ұлғайып, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. Осы орайда мектеп түлектерін білікті маман ретінде қалыптастыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарының маңызы зор. 55 жылдан бері жұмысшы мамандар даярлап келе жатқан Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры Бектұрған Ахметовпен сұхбаттасудың сәті түсті. Жұмысшы мамандықтарын дамытудағы жаңашылдықтар – Бектұрған Сұлтанғалиұлы,…

Толық оқу
Ұшақ апаты Azerbaijan Airlines

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға қайтарылып, ұшақ апаты туралы қорытынды беру үшін комиссияға тапсырылды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп жазады Ertenмedia.kz. «ҚР Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес барлық дерек пен материалдарды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын-ала есеп жариялайды, онда анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. ҚР-ға жеткізілген борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді мамандар зерттеп жатыр», — деп жазылған Көлік министрлігі хабарламасында. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.…

Толық оқу
отандық өндірушілерді қорғау

Депутаты Ермұрат Бапи отандық өндірушілерді Еуразиялық одақтың талаптарынан қорғауды талап етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол Премьер-министр Олжас Бектеновке үндеу жасап, шетелдік тауарлардың ешбір кедергісіз енуі салдарынан отандық бизнестің тынысы тарылып бара жатқанын жеткізді. Депутаттың айтуынша, шетелдік өндірушілерге салық пен баждан босатылған жол ашық болса, отандық кәсіпкерлердің қол-аяғы ЕАЭО-ның теңсіз шарттарымен байлаулы тұр. «Біздің бизнестің ең басты жауы Еуразиялық одақтың өзімізге тиімсіз әрі озбыр талаптары. Сыртқы саясатқа қарап отырған Үкімет мұны ашық айтуға батылы жетпей отыр. Сондықтан бұл мәселені депутаттар көтеруі тиіс. ЕАЭО-мен жасалған келісімдердің бәрін болмаса да, белгілі бір тұстарын қайта қарап, өзгеріс енгізетін уақыт жетті. Одан әрі кешіксек, отандық…

Толық оқу

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр. 2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Ол азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреді. «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді тіркеу және бөлумен айналысатын…

Толық оқу

Қазақстанда жемқорлардың жария тізімі пайда болады. Бұл туралы 15 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді. Мәжіліс дәлізінде Антикор өкілі мұның мәнін де түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сарқұловтың сөзіне сенсек, бұл өзгеріс бюджеттен ешқандай шығынды талап етпейді. «Біз бұл мәселеде басқа мемлекеттік органдармен жан-жақты жұмыс істедік. Бұл мемлекеттік тізілімді енгіземіз, ол ешқандай шығынға ұшыратпайды. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдар бойынша соттың соңғы үкімдері болады. Біз «Ұят болады» дейміз. Ұят болмас үшін олар осы тізімде болады», — деді Ұлан Сарқұлов Мәжіліс дәлізінде. Антикор өкілі тізімге заң күшіне енгеннен кейін сотталған…

Толық оқу