Түркістан облысынан басталған кадрлық ауыс-түйіс осы аптада да жалғасуы мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Telegram арналарда да осы бағыттағы ақпарат пайда болды. «Еліміздегі кадрлық ауыс-түйістер осы аптада жалғасады», — деп жазылған ақпараттардың бірінде. Айта кетейік, жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметінен босатылып, Президент әкімшілігіне ауысты. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Ол 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді. Артынша бұл қызметке 40 жастағы Нұралхан Көшеров тағайындалды. Алайда сол жағалау ауыс-түйіске қатысты әзірге тыныш.
Автор: Асылхан Бөрібай
Жыл қорытындысы бойынша 68 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі мәлімдеді. Инвестициялық қаржыға 2024 жылы аумағы 50,050 шаршы метрді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілген. Ал жеке тұрғын үйлерді қосқанда бұл көрсеткіш 68 мың шаршы метрді құрап отыр. Қазіргі таңда 6 тұрғын үй кешені жеке инвестор есебінен, 1 тұрғын үй бюджет қаржысына бой көтеруде. Сонымен қатар құрылыс бөлімінің мамандары басқа да жобалар туралы ақпаратпен бөлісті. Мысалы, қаланың Кешенді даму жоспарына сәйкес, Самал, Ардагер ықшамаудандарына инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс биыл аяқталады деп жоспарланған. Аталғандардан бөлек, қаңғыған мысық пен иттерді уақытша…
Сонымен атышулы Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты апелляциялық сот шешімі шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған дейінгі үкім еш өзгеріссіз қалды. Ескі Қазақстанның үміті үзіліпті. «Апелляциялық сот бұл істі жан-жақты қарап шықты. Бірінші сатыдағы сот үкімі өз күшінде қалды және заңды күшіне енді», – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі. Еске сала кетсек, Гүлмира Сатыбалды былтыр тамызда 12 жылға бас бостандығынан айырылған тұғын. Оған «адамды бас бостандығынан заңсыз айыру» және «бопсалау» баптары бойынша айып тағылған. Сонымен бірге оның барлық мүлкі тәркіленген еді. «Біз білмейтін былық-шылығы одан да көп», — деп жазып жатыр өз кезегінде желідегі жұрт.…
Youtube-те Дикий Арман деген лақапатпен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты жабық сот процесінің видеолары пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бас прокуратура видео тарап кетуіне қатысты тергеу басталғанын растады. «Алматы прокуратурасы соталды тергеп-тексеру басқармасының іс жүргізуінде Қылмыстық кодекстің 423-бабы (сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы деректерін жария ету) бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын хабарлаймыз», — деп жазылған Бас прокуратураның Tengrinews.kz-ке жауабында. Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан Жаңабаев прокурордың немесе судьяның рұқсатынсыз соталды іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы деректерін жария ету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндірді. ҚР Қылмыстық кодексінің 423-бабына сәйкес жазалау шараларына мыналар жатады: екі мың айлық есептік…
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады. Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді. 2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млнадам. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері…
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды. Президент Қытайда тіркелген инфекция туралы да пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған. Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген. Оның дизайны мен инфрақұрылымы кедергісіз орта қалыптастыру талаптарына сай келеді. Ғылым және жоғары білім министрі Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын…
Әлеуметтік желілерде Қытайда жаңа вирус өршіп тұрғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz stopfake.kz-ке сілтеп. Желіде тараған жазбада адам метапневмовирусы (hMPV) коронавирус инфекциясынан әлдеқайда қауіпті екені айтылады. «Бұл шындыққа жанаспайды. Адам метапневмовирусы — кең таралған респираторлық вирус. Ол төменгі және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруын тудырады. Вирус барлық жастағы адамдарға әсер етеді, дегенмен балалар, қарттар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар арасында ауру жұқтыру қаупі жоғары», — деп жазылған басылым дерегінде. Адам метапневмовирусы алғаш рет 2001 жылдың соңында Нидерландтағы науқастан анықталған. 2018 жылға қарай вирустың екі генотипі (А және В сызықтары) анықталды, олардың әрқайсының екі субтипі болған. Адам метапневмовирусы әлемде кең…
Біраз уақыт бұрын Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ескі Қазақстан, соның ішінде Дариға Назарбаева туралы мәлімдеме жасап, депутаттық сауал жолдаған еді. ҰҚК осы сауалға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутат Бапи Республикалық фермерлер форумындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтірді: «Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етіп жатыр». Депутат Президенттің дәл осы пікірі қоғамда да көрініс тауып жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғышы Дариға туралы да сөз қозғады. «Жуықта әлеуметтік желілер…
Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Көшеров Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғарғы. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін; 2007 жылы Қазақ Гуманитарлық заң университетін; 2019 жылы- Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін тәмамдаған Мамандығы — Экономист; қаржы және несие; құқықтану салалары. 2023 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Дархан Сатыбалды атқарды.
Түркістан облысында білім саласындағы бюджет қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық ақша қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден аса) жымқыру дерегі туралы істі сотқа жолданды. «Білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы ақша жымқырылған», — деп жазылған хабарламада. Бүгінде күдіктілер мемлекетке 333,5 млн теңге көлемінде келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ, олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңге көлеміндегі мүліктеріне тыйым салынды.
