Автор: Асылхан Бөрібай

2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеп. Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды. Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. «Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды. Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу

Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған. 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған. 2010 жылы…

Толық оқу

Ресейдің Курск облысында Украина әскерінің ауқымды шабуылы басталды. Бұл туралы өңір губернаторының бұрынғы кеңесшісі Роман Алехин өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Украинаның ауқымды шабуылы Суджа аймағынан Большое Солдатское бағытына қарай басталғаны хабарланды. Бұл үшін минадан тазарту тралдары, танктер, бронтехника және дрондардың жұмысын қиындататын радиоэлектрондық күрес құралдары қолданылып жатқаны айтылды. Шабуыл қатып қалған топырақтың техникаға қолайлы болуымен байланыстырылуда. Суджа аймағындағы температура қазір -6 градус шамасында. «Курск жаңалықтары» Telegram-арнасы хабарлағандай, облыс әкімінің міндетін атқарушының айтуынша, Украина қарулы күштері Ивановское ауылындағы нысандарға зымыран соққысын жасаған. Зақым келген ғимараттар арасында Мәдениет үйі, пошта бөлімі, сауда орталығы және алдын ала мәлімет бойынша бір тұрғын…

Толық оқу

Әлемде жіті респираторлық инфекцияларға жататын метапневмовирус тарады. Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Метапневмовирус қандай вирус? Адам метапневмовирусы — көптеген елде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды. Қазақстанда қанша дерек анықталды? Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%),…

Толық оқу

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім саясаткер, журналист Әміржан Қосанның ең үлкен қатесін атады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әміржан Қосан «Ұлт тағдыры» партиясының атынан сайлауға түсіп, жеңіліс тапты. «Оның кандидатурасын біз — «Ұлт тағдыры» ұсындық. Әміржан ертең президент болуы мүмкін деген үміт болған жоқ. Ұмытпасам, Марғұлан Сейсембаев сайлау біткеннен кейін былай айтқан екен: «Әміржан Қосанның сайлауға түскенінен ең болмағанда мемлекет, билік өзіне қанша пайыз адам қарсы екенін көрді». Бұл жерде бірнеше мақсат болды. Шындығында да, «Ұлт тағдыры» өзімізден біреуді ұсынамыз дедік. Өйткені республикалық қоғамдық қозғалыспыз. 2017 жылы бірде-біреуміз өтпейтіндей етіп заңға өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік қызметте 5 жыл қызмет жасау деген өзгеріс. Біздің ұлтшылдардың…

Толық оқу

Алматыдағы күзетшінің жантүршігерлік өліміне қатысты іс сотқа түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген қылмыс видеоға түсіп қалған еді. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, алайда есін жимаған күйі қайтыс болып кеткен. БАҚ сол тұста ұсталған күдікті экс-депутаттың ұлы екенін жазған еді. Алматы қаласында сотқа қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және Қазақстан Республикасы 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған, Т.-ға қатысты қылмыстық іс түскен. – Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда.…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде экс-министр Нұрлан Байбазаров жаңа қызметке тағайындалады деген сыбыс тарады. Бұл туралы «Чиновник» арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасының экс-вице-премьер-министрі – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жақын арада жаңа қызметке тағайындалмақ. Ол соңғы қызметінде Үкімет басшысының орынбасары және бір уақытта экономика министрі ретінде бір жылдан аз уақыт жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда Байбазаров 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қаржы министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде қызмет атқарған. Қазақстан Даму Банкінің басқарма төрағасы (2022-2023 жылдары) және «Бәйтерек» холдингінің (2023 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін) төрағасы болған.

Толық оқу

Желіде дәрігер Жасұлан Темірбайдың «Болашақ» бағдарламасына қатысты жазбасы қызу талқылануда. Айтуынша, сұхбат барысында комиссия мүшесінің бірі «Орысша акцентпен сөйлейсіз, Қазақстанды ұятқа қалдырасыз» деп қойып қалған. Келеңсіз жайттың неден басталып, қалай өрбігенін Жасұлан Темірбай Ertenmedia.kz тілшісіне егжей-тегжейлі айтып берді. Жасұлан Темірбай – спорт-медицина саласының маманы. Ол бағдарламаның биылғы іріктеуіне қатысып, білімін шетелде жетілдіруді көздеген. Алайда сұхбаттасу кезеңінен өте алмаған. Оның топшылауынша, сәтсіздіктің басты себебі – орыс тілі. «Сұхбаттасу кезінде қай тілде сұрақ қойса, сол тілде жауап беру қажет. Менің сұхбатым 90% орысша өтті. Әлбетте, бұл менің ана тілім емес. Кішігірім кемшіліктердің, қателіктердің болуы заңды. Дейтұрғанмен, өз басым орыс тілін жеткілікті деңгейде…

Толық оқу

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. 2024 жылғы 13 желтоқсанда Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді. Айта кетейік, бұған дейін экс-шенеунік жемқорлық дерегі бойынша айыпталғаны хабарланды. «2024 жылы 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар нәтижелері бойынша мәдениет және спорт экс-вице-министрі Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет…

Толық оқу

Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған орынды суретке түсіргені үшін қамауға алынған ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ер адамның басынан не өтпейді!? 10 күн бойы, үйімнен 150 шақырым алыс жерде осы сөздерді қайталай бердім. Шынымды айтсам, бұл да бір тәжірибе болды. Өз ұстанымыма берік бола түстім», — деп жазды ол. Айта кетейік, ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 25 желтоқсанда ұстады. Маңғыстау облысының ПД мәліметінше, Сәрсенбаев қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған. «Ол оқиға орнында дрон ұшырып, құтқару және тергеу жұмыстарына кедергі келтірді және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Қазір құқықбұзушы полиция басқармасына жеткізілді, оған қатысты…

Толық оқу