Мәжіліс отырысында Ардақ Назаров Түркістанда арақ сатуға, арақ ішуге тыйым салуды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Осы заң аясында Түркістан — рухани астанамыз, Түркістан — арақсыз қала деп Түркістанда арақ ішуге, сатуға, арақ ішіп, ләйліп көшеде жүруге тыйым салсақ?! Өйткені рухани астана деп отырмыз, бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек. Ол жерде бабаларымыз, әулие, батыр, билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде азаматтарымыз арақ ішіп, алдынан шығатын болса, ұят қой. Осы заңның аясында арақсыз қала, рухани қала деп араққа тыйым салуға бола ма?» — деді Назаров. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев депутаттың сауалына жауап беріп, бұл мәселе…
Автор: Асылхан Бөрібай
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Бұл туралы Nege.Aqsha арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Арна дерегінше, экс-президенттің кенже қызы күйеуі Димаш Досановпен соттасқаны туралы ақпарат пайда болған. Досанов Қаңтар оқиғасына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры қызметін атқарған еді. «Ерлі-зайыпты ажырасып, Досанов бұрынғы әйеліне кетті деген қауесет былтыр пайда болды. Дереккөздеріміздің мәліметтері бойынша ерлі-зайыпты ажырасуға және ортақ балалардың тұрғылықты жерін анықтауға өтініш берді. Сот шешімі 2024 жылғы қарашада заңды күшіне енді. БАҚ мәліметінше, Әлия Назарбаева үш рет тұрмыста болған», — деп жазылған арна ақпаратында. Сұхбаттарының бірінде Әлия Назарбаева Досанов туралы былай деді: «Тәрбиелі азамат екенінен бөлек, Димаш — білімді…
Алматы облысының тұрғыны жеке медорталықта шұғыл көмек көрсетілмегеніне наразы. 65 жастағы науқас клиникада жасалған процедурадан соң жағдайының күрт нашарлап кеткенін айтады. Дәрігерлер науқаста инфаркттың алғашқы белгілерін байқап, ем-шараны бастаудың орнына, жедел жәрдеммен өзге ауруханаға жібере салыпты, деп жазады Ertenmedia.kz. «Соның кесірінен ажал құша жаздадым» — дейді ер адам. Осы жағдайдан кейін медициналық орталықта тексеріс жүргізіліп, өрескел заңбұзушылықтар анықталған көрінеді. Десе де, бұл клиникадағылар «жұмысымызда мін жоқ» деп отыр. 65 жастағы Бауыржан Құндақбаев қазір дәрісіз қалыпты өмір сүре алмайды. Науқас осыған дейін үш рет инфаркт алған. Соңғы жағдайда, тіпті, өлім аузынан аман қалыпты. Ол мамырда мына медициналық орталыққа электрокардиография жасату үшін барған.…
Талғар қаласының әкімі болып Арыстанбек Әбілқайырұлы сайланды, деп жазады Ertenmedia.kz. 15 желтоқсанда Талғар қаласында өткен әкім сайлауында Арыстанбек Әбілқайырұлы 9 071 дауыс жинап, жеңіске жетті. Қалған үміткерлер арасында Жәнібек Қаденов 1 875 дауыс, ал Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. Сонымен қатар, 182 сайлаушы «Барлығына қарсы» таңдауын жасады. Сайлауға жалпы 42 774 тұрғын тіркеліп, оның 12 875-і өз таңдауын жасады. Қатысу деңгейі 30,1%-ды құрады. 1983 жылдың 12 наурызында Алматы облысында дүниеге келген Арыстанбек Әбілқайырұлы – мамандығы бойынша эколог. Өз еңбек жолын 2005 жылы «MAG group» құрылыс компаниясында бастап, алғашқы тәжірибе жинаған. Кейін 2006-2009 жылдары Үкіметтік тәжірибелік шаруашылығында директордың көмекшісі болып қызмет…
Ұлттық қордағы жалпы халықаралық резерв қарашадағы нәтиже бойынша 105 млрд доллар болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сүлейменовтің айтуынша, жыл басынан бері жалпы халықаралық резервтер 9,5%-ке өсіп, 105 млрд доллар болған. «Ұлттық банктің алтын валюта резервтері жыл басынан 23%-ға артып, 44,2 млрд доллар болды. Ұлттық қордың активтері жыл басынан 1,3%-ке ұлғайып, 60,8 млрд доллар болды. Жыл басынан қорға түскен қаражат сомасы 3,7 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 5,3 трлн теңге болды. Ұлттық қордың инвестициялық табысы 9,5% немесе 5,7 млрд доллар болды», – дейді Ұлттық банк төрағасы. Еске салайық,…
Ресейлік тележүргізуші және «Газпром-медиа» бас директорының орынбасары Тина Канделаки Еуроодақ санкцияларына ілікті. Онымен бірге санкциялық тізімге әнші Лариса Долина да енгізілді, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Коммерсантъ» хабарлауынша, олар санкция салынған 16 ресейліктің қатарында. Бұл шешім Еуропалық кеңес бекіткен 15-ші шектеу пакеті аясында қабылданды. Санкциялар бойынша ЕО елдеріне кіруге және олардың аумағында жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар, еуропалық банктердегі шоттары бұғатталады және кез келген қаржылық операцияларға тыйым салынады. Еске салайық, бұған дейін Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында “Қазақстанда орыс тілі ақырын ығыстырылып жатқанын” айтып, жазба жариялаған болатын. Мұнда ол қазақтарды “мәңгүртке” теңеген еді. Осы тұста ашуға булыққан қазақстандықтар Тина Канделакиге тиесілі компания өнімін…
Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды, -деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Агенттік Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтады. «Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр», — деп жазылған хабарламада. 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Еске салайық, биыл 10 маусымда Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды. Сол кезде сот төрағасы Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалған еді.
«Росатомның» еншісіндегі ресейлік «Ураниум Уан Груп» компаниясы қазақстандық «Заречное» кен орнындағы өз үлесін сатты, оған қоса «Северный Хорасан» кен орнындағы бірлескен кәсіпорындардан шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіптің» баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Росатом» мемлекеттік корпорациясының компаниялар тобына кіретін «Ураниум Уан Груп» АҚ түпкі бенефициары State nuclear Uranium Resources Development Co., Ltd (ҚХР) компаниясы саналатын SNURDC Astana Mining Company Limited компаниясының пайдасына «Заречное» БК» АҚ-ның акцияларының 49,979%-ын сатты. Бұл ретте осы бірлескен кәсіпорындағы Қазатомөнеркәсіптің қатысу үлесі өзгерген жоқ және ол 49,979%-ды құрайды», — деп жазылған хабарламада. «Заречное» БК» АҚ 1977 жылы ашылған Түркістан облысындағы Заречное кен орнында уран өндіреді.…
Сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов өздеріне тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. Олар сотқа тиісті өтініштерін тапсырған. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, материалдар шынымен аудандық сотқа қарауға жіберілген. «Түрксіб аудандық сотына жаза түрін ауыстыру бойынша материал түсті. Өтінішті қарастыру жақын уақытта өтеді», – деп жауап берді соттың баспасөз қызметі редакцияның сауалына. Еске салсақ, 2023 жылдың маусымында Төребаев пен Шерниязов қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың әрқайсы бес жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл іс бойынша қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Қазан айының соңында сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен…
Мәжілісі депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев билікте әлі де «әке-көкенің балалары барын» айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат 30 жыл билікте отырғандардың балалары әлі де шенді қызметте екенін жеткізді. «Қазір дұрыс реформалар басталып жатыр. Оны іске асырайын деп мынаған айтсаң, мынау — сол баяғы көкенің баласы, анау — сол баяғы көкенің баласы. …Өйткені бұрынғы жүйеде қалған адамның өзі болмаса да көлеңкесі, баласы, бірдеңесі әйтеуір сол жерде. «Көкенің балалары» көп жерде, барлық жерде бар. Ол — табиғи нәрсе. Бізді 30 жыл басқарған адамдар бір күнде бір жаққа ұшып, жоқ болып кетпейді», — дейді депутат Bai_media-ға берген сұхбатында. Депутат парақорларға…










