Автор: Асылхан Бөрібай

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өзіне сұрақ қойған журналиске кеңес берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкіметтің баспасөз орталығында Бозымбаевқа БАҚ өкілі тарапынан сұрақ қойылды. «Бұған дейін сіз премьер-министр болады деген әңгіме көп айтылды. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?» — деді журналист. Бозымбаев сұраққа жауап бермей, кеңес берді. «Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз», – деді премьер-министрдің орынбасары. Айта кетейік, Қанат Бозымбаев биыл 31 наурызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Толық оқу

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі шегерілді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оңжақ  иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлаймын», — деп жазды Жанқош Тұраров. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді. Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. «Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарлама.

Толық оқу

Kazakhstan Growth Forum алаңында кезекті рет Қазақстанның іскерлік элитасы бас қосып, елдің кәсіпкерлікке тартымдылығы, экономикалық өсім және компаниялардың бетпе-бет келіп отырған қиындықтары талқыланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Панельдік сессиялардың бірі Қазақстанның 2029 жылға дейін ЖІӨ-ні екі еселеу мүмкіндігіне арналды. «РАКУРС» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов бұл межеге қол жеткізу қиын деп санайды, себебі қазіргі инфляция деңгейі мен экономикалық үрдістер бұл мақсатқа жетуге кедергі болмақ. «Егер қандай да бір керемет өзгеріс болса, Қазақстанның қазіргі ресурстарын ескеріп, ЖІӨ-ні екі есе арттыру ықтимал болар еді. Бірақ бүгінгі жағдайға қарасақ, менің ойымша, бұл қолжетімсіз болып тұр», – деп түсіндірді экономист. Aitas Group агрохолдингінің…

Толық оқу

Қазақстан Қарулы күштерінде ауыс-түйіс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Ал Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Толық оқу

Жамбыл облысындағы «Алтыналмас» компаниясының шахтасында тау жынысы құлап, жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Трагедия 18 қыркүйек күні тіркелген. Бүгін ғана компанияның қызметкері жерасты тау-кен жұмыстарында слесарь болып істейтін азаматтың апат салдарынан аман қалмағаны белгілі болды. Айта кетейік, «Алтыналмас» АҚ-ның негізгі акционерлері қатарында кәсіпкер Владимир Жұманбаев пен Нидерландыда тіркелген Gouden Reserves B.V. компаниясы бар. Forbes журналының тізімінде Жұманбаев Қазақстанның ең ауқатты кәсіпкерлерінің ішінде 25-ші орында тұр. Осы жазда Владимир Жұманбаевтың есімі Қырғызстандағы атышулы «Бауырластар шеңбері» қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікке байланысты халықаралық іздеуге енгізіліп, кейін ол тізімнен шығарылған болатын. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Соңғы кезде қазақстандық миллиардерге…

Толық оқу

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен 18 жастағы жігіт секіріп өлді. Марқұмның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны әзірше белгісіз, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «КТК» телеарнасына сілтеп. «Өзіне қол салды» делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсантының қазасына қатысты да тергеу жүріп жатыр. Қайғылы жағдай оқу орнына жақын, яғни Достық даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Академия қайғылы жағдайға қатысты ақпарат бермеді. Ал полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексере бастаған. «Бұл дерек бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп жазылған ПД хабарламасында.

Толық оқу

Президенттің өкімімен ҰҚК-да ауыс-түйіс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Толық оқу

19 қыркүйекте дәстүрлі Kazakhstan Growth Forum -да жылдың үздік менеджерлерінің есімдері жарияланды. Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе алтыншы рет «Жылдың үздік CEO-сы» атанды. «Қазылар алқасына жоғары баға бергені үшін алғыс айтамыз. Бұл бүкіл ұжымның жанкешті еңбегінің нәтижесі. Біз заманауи қызметтермен адамдардың өмірін жақсартуға ұмтыламыз және Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Біз қазақстандықтарды ары қарай да жаңа заманауи цифрлық қызметтермен таң қалдыруға және қуантуға тырысамыз. Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге сенімдері мен қолдаулары үшін, ал мемлекеттік органдарға елдің цифрлық дамуы үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз». Жыл сайын үздік жетекшілерді Kazakhstan Growth Forum-ның сараптамалық кеңесі анықтайды.…

Толық оқу

Қазақстанда шексіз газ қоры бары рас па? Онда Қазақстанға АЭС не үшін керек? Сарапшылар маңызды сауалға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мұнай-газ саласында біраз жыл қызмет атқарған Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, Қазақстанда үлкен газ қоры бар екені рас. «Күні бүгінгі есеп бойынша Қазақстанда 3 триллион 800 миллиард текше метрден артық газ бар. Бірақ газымыздың барлығы — ілеспе газ, мұнаймен бірге шығатын газ. Газымыздың 2 триллионнан астамы Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз кен орындарына тиесілі. Сондықтан газымыз мол екені, есептеп қарағанда ұзақ жылға жететіндей газ бар екені рас. Бірақ мынадай мәселе бар. Газ көп болғанымен де ілеспе газ болғаннан кейін тек…

Толық оқу

Пәкістанда Қазақстан елшісі Ержан Қыстафин мен 11 елдің елшісін алып жүрген полиция көлігі мина басып, жарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіл Айбек Смадияров мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Деректерге сүйенсек, 22 қыркүйекте болған оқиға кезінде үш полицей жараланып, біреуі қайтыс болған. «Біздің елшіміз колонна құрамында болған. Бірақ қазақстандық және шетелдік елшінің бірде-бірі зардап шеккен жоқ, олар қауіпсіз жерде. Елшілердің бәрі Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабадтың Сауда-өнеркәсіп палатасы туризмге қатысты ұйымдастырып жатқан конференцияға қатысуға бара жатқан», — дейді Смадияров. Көлікте Ресей, Қазақстан, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан және Иранның елшілері отырған. Алайда әзірге террористік ұйымдардың ешқайсы бұл оқиғаға қатысты жауапкершілік алмаған.

Толық оқу