Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұған дейін басқа адамдардың атына рәсімделген компанияларын өзіне қайтаруды бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 71 жастағы кәсіпкер әйел жақында Sapa Logistics компаниясындағы құрылтайшылық үлесін қайта иеленді. Компаниялар тізіліміндегі ақпаратқа сай, қазір Sapa Logistics ЖШС-нің иелері ретінде Әлмира Нұрлыбековадан бөлек, оның туысы Қарлығаш Әділова мен 2018 жылдан бері директор қызметін атқарып жүрген Арман Досмағамбетов көрсетілген. Нұрлыбекова бұл компанияның негізін қалаушылардың бірі болғанымен, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты дау ушыққан тұста, өз үлесін Қарлығаш Әділоваға рәсімдеп жіберген еді. Sapa Logistics Бишімбаевтар отбасына тиесілі ірі кәсіпорындардың бірі. Компания қойма логистикасы қызметін көрсетеді. Ресми деректерге сәйкес, мекеме 2015 жылдан бері…

