Қазақстанның астық керуені Оңтүстік Кавказға жол тартты. Әзербайжан санкцияларды алып, дәлізін ашқаннан кейін қараша айында Арменияға алғашқы мың тонна қазақ бидайы жеткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл экономикалық келісім ғана емес, аймақтағы жағдайдың жақсарып келе жатқанының белгісі. Кавказдағы соңғы жылдардағы шиеленіске қарамастан, осы астық тасымалы жаңа сенім мен өзара тиімді қатынас орнатуға сеп болды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Арменияға астықпен бірге басқа да сапалы өнімдерді тұрақты жеткізуге дайын екенін айтты. Ол үшін екі ел арасында жүк тасымалы жүйесін реттеп, тікелей әуе рейстерін ашу қажет. Сауда тек келісіммен шектелмейді, нақты инфрақұрылымды талап етеді. Тараптар осы бағытта жұмыс істеуге келісті. Астық – кез келген…
Автор: Асылхан Бөрібай
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы алдағы екі жыл ішінде Еуропадағы активтерінің бір бөлігін сатуға шығармақ деп жазады Ertenmedia.kz. Компанияның еншілес құрылымы KMG International N.V. холдингінің 50 пайызға дейінгі үлесін жеке инвесторларға ұсыну жоспарланып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, активтер 2026-2027 жылдары екі кезеңнен тұратын ашық конкурс арқылы сатылады. Қазір KMG International толығымен «ҚазМұнайГазға» тиесілі. Холдинг құрамына Румыния, Швейцария, Болгария, Грузия, Молдова, Түркия және Қазақстандағы 28 кәсіпорын кіреді. KMGI активтері қатарында Румыниядағы «Петромидия» және «Вега» мұнай өңдеу зауыттары, мұнай-химия кешені, терминалдар және Еуропа бойынша Rompetrol брендімен жұмыс істейтін 1400 жанармай бекеті бар. Компания шикізатты Қазақстаннан бөлек, өзге елдерден де сатып алады.…
Бүгін Ғылым ордасында Қазақстан ғылымының тарихы музейі мен Ш. Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейі бірігіп, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және ұлттық ғылымның бастаулары» атты ғылыми-мәдени шара өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың мұрасын дәріптеп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Жиынға Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, Шығыстану институты директорының орынбасары Ғалымжан Дүйсен, «Алтынемел» музейінің директоры Марал Рахатова, мәдениет және ғылым қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің ғалымдары, Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия ұстаздары мен оқушылары қатысты. Ғылым ордасы ғимараты алдында Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «Шоқан Уәлиханов: Ұлы тұлға мұрасы» атты көрме…
Талғар ауданында 21 қараша күні Алматы облысының полиция қызметкерлері бір күнге жоспарланған кең ауқымды профилактикалық рейд өткізді. Мақсат аудан аумағындағы құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін тексеру және жиі кездесетін заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтау. Рейд қорытындысында жүздеген құқықбұзушылық тіркеліп, бірқатар тұрғынға түсіндіру жұмысы да жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Рейд барысында ішкі істер органдарының профилактикалық және өзге де есептерінде тұрған 86 адам тексерілді. Тағы 5 азамат қосымша профилактикалық есепке қойылды. Тәртіп бұзған 18 адам полиция бөліміне жеткізіліп, олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілді. Бұл жұмыс бір күнмен шектелмейді, бірақ дәл осы күнгі тексеріс ауданның жалпы ахуалын жақсы көрсетіп берді деуге болады. Полиция дерегінше,…
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Astana International University студенттері үшін цифрлық қауіпсіздік бойынша сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сабақтарды Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жүргізді. Негізгі мақсат – жастарға жеке деректермен сауатты жұмыс істеуді үйрету және интернеттегі жалған ақпаратты тану дағдыларын қалыптастыру. Департамент қызметкері студенттерге цифрлық гигиена ұғымын түсінікті әрі қолжетімді түрде түсіндірді. Оның айтуынша, цифрлық гигиена – интернетте қауіпсіз әрекет етуге арналған ережелер жиынтығы, ол өзіңді және жеке деректеріңді қорғауға көмектеседі. Бұл, әсіресе, жастар үшін маңызды, өйткені олар желідегі барлық қауіп-қатерді әрдайым толық бағамдай бермейді. Цифрлық гигиенені үйрену – нақты өмірдегі қаржылық қауіпсіздік негіздерін…
Қазақстанда білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бұл мақсатта мектептерде ЖИ-ді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ЖИ-ді табысты енгізу үшін үш негізгі фактор маңызды: ұстаздардың жоғары біліктілігі, қатаң этикалық стандарттар және қоғамның технологияларға деген сенімі. – Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда. Ол этикалық, қауіпсіз, педагогикалық негізделген және оқушылар мен ұстаздардың әлеуетін барынша ашуға бағытталған. Негізгі мақсат жаңа технологияларды саналы түрде қолдану, адамның рөлін сақтау және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, – дейді Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтова. Ұлттық модельді әзірлеуде…
Қазақстанда 23 қарашадан бастап жаңа жол ережесі күшіне енеді деп хабарлайды Ertenmedia. Өзгеріс жүк көліктерінің жылдамдығына, автобустарға, маяктарды қолдануға және полицияның жұмысына да қатысты болмақ, Енді елді мекен ішінде жүк көлігінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспауы тиіс. Ереже жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Алайда арнайы белгілермен рұқсат етілген аумақтарда (сағатына 80–90 км) ереже басқаша болады. «Боран, тұман, жаңбыр немесе қар кезінде көлік колонналарының қозғалысына да қатаң талап қойылды. Мұндай жағдайда жүргізушілерге басып озуға, жолақ ауыстыруға және тоқтауға тыйым салынады. Егер колоннада 10-нан астам көлік болса, екі патрульдік полиция машинасы міндетті түрде ілесіп жүруі керек», – деп атап…
Жыл соңына дейін Қазақстан аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 1,2 млрд доллардан асатын 40-тан астам жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ertenmedia. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының мәліметінше, инвесторлардың басты назары өңдеу өнеркәсібі, логистика, агроөнеркәсіп, жаңартылатын энергетика және медицина саласына ауған. Компания соңғы екі жылда Қазақстанға негізгі серіктес елдердің қызығушылығы күрт артқанын атап өтті. Мысалы, Қатардың тікелей инвестиция көлемі 2023 жылы небәрі 9 млн доллар болса, биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде бұл көрсеткіш 1,1 млрд долларға жеткен. Инвестицияның мұндай қарқынмен артуы Қатар инвесторларының қаржы секторы, логистика, энергетика және өнеркәсіп жобаларына басымдық беруімен байланысты. Қытайлық компаниялар да шикізат секторынан шығып, өңдеу өнеркәсібіне, ауыл…
2025 жылғы 21 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (ХИТУ) екі күндік инновациялар марафоны – «AI in Engineering Hackathon 2025» хакатоны басталды деп жазады Ertenmedia. Хакатонның салтанатты ашылу рәсімінде индустрияның және университеттің басты өкілдері сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап қана қоймай, нақты қолданбалы міндеттерді белгіледі және болашақ шешімдерден күтетін үміттерін білдірді. ХИТУ ректоры, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының Корреспондент-мүшесі Ақпанбетов Дархан Берікұлы өз кезегінде қатысушыларға сәттілік тілеп, тосын әрі тың шешімдер күтетінін атап өтті. ХИТУ ректоры мұндай іс-шаралар идеялар мен таланттарды біріктіріп, инновациялар үшін платформа жасайтынын айтты. Ол Президент Қ. Тоқаевтың: «Жасанды интеллект бұл трансформацияның қозғаушы күшіне айналады… Біздің басты мақсатымыз…
Ақтауда журналистерге арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған медиатренинг өтті. Жоба офисінің өкілдері бағдарламаны іске қосу үшін атқарылған дайындық жұмыстары мен елдегі инфрақұрылымды жаңарту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Модернизация алдымен инженерлік желілердің тозу деңгейі 65-70%-дан асқан өңірлерді қамтиды. Ал Маңғыстау облысында жылу желілерінің тозу көрсеткіші 69%-ға жеткен. Қазіргі таңда «Каспий жылу, су арнасы» МКК 101 шақырым жылу желісіне капиталды жөндеу жұмысын аяқтап жатыр. 2021-2025 жылдары бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 18,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында 172 км желіні жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде 2029…










