Соңғы уақыттары энергетик сусындардың кесірінен бірнеше өнер адамдардан көз жазып қалдық, деп жазады Ertenmedia.kz. Бар-жоғы 53 жасында өмірден өткен Мұрат Бисембин Динара Сәтжанға берген сұхбатында актер салмақ тастау үшін энергетикалық сусындар мен қантсыз коланы жиі тұтынғанын мойындаған еді. Осылайша ол тәбетін басып, артық салмақ қосудан сақтанбақ болған. Ақыры не болғанын өздеріңіз білесіздер. Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардан зардап шеккен жалғыз жағдай емес. Жақында ғана Tengri порталына сұхбат берген алматылық Ауған Тағиев те дәл осы энергетиктердің кесірінен жүрегіне ауыр зақым келгенін айтты. Аспаз болып жұмыс істейтін жігіт күні бойы аяқта тұруға мәжбүр болған. Шаршаған кезде күш беру үшін күн сайын бір банка…
Автор: Асылхан Бөрібай
Әнші Бақыт Тұрман өрескел видеосынан кейін халықтың сынына ұшырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Желіге тарап кеткен бейнежазбада әнші күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге «Мен әйеліме сененмін» атты тренд аясында видео түсірген. Видеода әншінің күйеуінің басынан аяғымен теуіп өткені көрінеді. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Оқырмандардың көбі бұл әрекетті орынсыз әрі ерсі деп бағалап, «трендтің соңы артық кетті» деген пікірлерін білдірді. «Әзіл болса да ер адамның басынан тебу дұрыс емес», «Ер адамның басынан аттап өтпе деп үйреткен, мынау не тәрбие?», «Өте орынсыз әзіл. Ер адамды бұлай қорламау керек еді», «Хит боламын деп, ит болды деген осы шығар», «Еркекте…
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының бірі ұсталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы қызметтің мәліметінше, КНБ-ның жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз әкелу арнасының жолын кесті. «Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының бірінің басшысы және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Олар шетел азаматтарына ақшалай сыйақы алып, халық тұтынатын тауарларды еш кедергісіз ел аумағына кіргізуге көмектескен», – делінген комитет хабарламасында. Қазіргі таңда күдіктілердің 100 млн теңгеден астам көлемде пара алғаны дәлелденіп, процессуалды түрде құжатталды. Алдын ала есептеулерге қарағанда, мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,9 млрд теңгені құрайды. Айтпақшы, Астана бір-ақ түнде қалың қардың астында қалғанын білесіз…
Шетелде білімін толықтырып жүрген журналист Айжан Көшкенова Ирандағы толқуға байланысты, ирандық досының ойын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Италияда тұратын ирандық досымнан тіке сұрадым: «Сен шынымен билік елдегі наразылықты басып тастай алмайды деп ойлайсың ба?». Ол: – Иранда осыған дейін де талай рет жаппай шерулер болған еді. Сол кезде мыңдаған адам қаза тапты, он мыңдаған адам түрмеге жабылды. Жараланғандардың есебі жоқ. Жақында ғана соңғы 48 сағат ішінде 2 мың адамның қаза тапқанын оқыдым, – дейді ирандық жас. – Бірақ олар енді халықты бұрынғыдай басып-жанши алмайды. Себебі қорқытып-үркіту өз әсерін жоғалтты. Қазір Иранда үнсіз қалу айғайлап көшеге шығудан да ауыр болып кетті.…
Өсімдікті қалемшеден көбейткен кезде ең жиі кездесетін мәселе тамырдың баяу шығуы. Мұндайда дайын химиялық стимуляторларды қолдануға болады. Алайда уақыт сынынан өткен, қарапайым әрі қолжетімді халықтық тәсілдер де бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Бал 1,5 литр суға бір шай қасық табиғи балды ерітіп, қалемшені ерітіндіге үштен бір бөлігіне дейін батырады. Осы күйде 12 сағат ұстау жеткілікті. Бал тамырдың тез түзілуіне көмектеседі әрі өсімдікке жұмсақ әсер етеді. Картоп Үлкен картоп түйнегін алып, барлық көзшелерін мұқият алып тастайды. Ортасынан тілік жасап, соған қалемшені енгізеді. Уақтылы суарып отырса, қалемше тез тамырлайды. Бұл тәсіл тамырлануы қиын өсімдіктерге де жақсы нәтиже береді. Себебі картоп қалемшені қажетті қоректік…
Танымал әнші Ақбота Керімбекова бұрынғы президенттің інісі, марқұм Болат Назарбаев туралы бұрын еш жерде айтпаған естелігін бөлісті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әнші Назарбаевтың шаңырағына бірнеше рет қонақ болып барғанын айтты. «Бірде Алматы облысында жаңа демалыс орны ашылды. Сол жерде өткен шараға бірнеше әнші қатыстық. Ол кезде қазіргідей нақты гонорар сұрап жүрмейміз. Алла куә, ол кісімен ешқашан есеп айырысып, келісім жасап көрген емеспіз. Бір-екі рет үйіне шақырып, дастархандас болып, әнімізді айтып қайтқанбыз. Қолымызға 100-200 доллардай ақша ұстатқан болар, нақты есімде жоқ», – деді әнші Adal Adam арнасына берген сұхбатында. Ақбота Керімбекова Болат Назарбаевтың үйінде орын алған бір ыңғайсыз жағдай туралы да баяндады.…
Атырау облысының полициясы өткен күзде із-түссіз жоғалып кеткен Жангелдин ауылының төрт тұрғынын іздестіріп жатыр. Бір отбасынан төрт адам бір мезетте хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоғалғандардың есімдері: Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы (1959 ж.т.); Утешкалиева Насипа Бахитқызы (1961 ж.т.); Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы (1990 ж.т.); Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы (1993 ж.т.). Жергілікті «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, отбасының ең алдымен 30 жастағы ұлы Наурыз жоғалған. Ол үйінен шығып, Ақтау жаққа жұмысқа баратынын айтқан. Бірақ нақты мекенжайын, қандай жұмыс екенін түсіндірмеген күйі хабарсыз кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң, қазан айында оның ата-анасы мен әпкесі де ауылдан шыққан. Туыстары мен көршілеріне дәрігерге бара жатқандарын ғана айтып,…
Танымал продюсер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде өзіне сын айтқан қолданушыны бұғаттап тастаған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақтың әлемжелісіне айналған threads-те Elya Bai атты қолданушы Қоянбаевтың халыққа пайдасы жоқ екенін, тек жазылушы санын көбейтуді ғана ойлайтынын айтып, шоуменнің шамына тиіпті. «Осы Қоянбаевтан не пайда? Тек «подписчик» жинайды өзіне. Бірде-бір маңызды проблеманы көтермейді», – дейді желі белсендісі. Автордың пікірінше, әрбір азамат, әсіресе ел алдында жүрген танымал медиа тұлғалар әлеуметтік әрі саяси мәселеде белсенді болуы қажет. «Олар халықтың арқасында табыс тауып отыр. Ал біздің медиа тұлғаларымыз тек өздерін ғана ойлайды. Оларға тыныш отырса, өздеріне зиян тимесе болды. Сендер осыны қолдап отырсыңдар. Бұлай…
2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қазақстанда көлік иелері мемлекеттік тіркеу нөмірін еркін таңдай алады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұрынғыдай кездейсоқ берілген нөмірмен шектелмей, көлік жүргізушілері енді өз қалауына қарай қалаған әріптік және сандық комбинацияларды рәсімдей алады. Желідегі қауым өзгерісті оң бағалап жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай, нөмір таңдау мен тіркеу рәсімі СПЕЦОН электронды сервисі арқылы жүзеге асады. Бұған бола ешқандай артық құжат пен кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бағаға келер болсақ, қарапайым әріптік немесе сандық комбинация үшін көлік иесі 10 АЕК (43 250 теңге) төлейді. Егер таңдалған нөмірдің комбинациясы күрделірек болса, тариф 15 АЕК (64 875 теңге) мөлшерінде бекітілген. Дегенмен ерекше…
2026 жылы қазақтар мерекеге байланысты бірнеше рет ұзақ демалады. Сондай-ақ, кейбір мерекелік күндер басқа күнге ауыстырылып, қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жыл 1–2 қаңтарда қатарынан екі күн тойланады. Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 9 наурызға ауысады. Наурыз мейрамы кезінде де демалыс ұзарады. 21–23 наурыз күндеріне қоса, сенбі-жексенбі күнгі демалыстар 24–25 наурызға шегеріледі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 7 мамыр – Отан қорғаушы күні. Жеңіс күні сенбіге тұспа-тұс келгендіктен, демалыс дүйсенбі, 11 мамырға ауыстырылады. 6 шілде – Астана күні. Конституция күні жексенбіге келгендіктен, қосымша демалыс дүйсенбі, 31 тамызға беріледі. Республика күні де жексенбіге сәйкес келіп, демалыс…










